ҰЛЫ ДАЛА тарихы
333
Қазақ арасында Сарыпқұла туралы аңыз көп, тіпті, осы сәйгүлікке арналған
«Сарыпқұла» деген халық күйі де бар. «Сарыпқұла тұлпардың ныспысы аяқты
сылтып бастыртатын кәдімгі сарып ауруы на ұқсастықтан туған. Себебі алғаш
мінгенде Сарыпқұла сәйгүлік денесі қызғанша сылти басып, біраз ақсаңдап
жүреді екен. Ал денесі қызып, жүрісі мандығанда оған жететін жүйрік ат жоқ,
ілесетін арғымақ жоқ» дейді
577
. Сарыпқұла туралы Құрбанғали Халиди «Есім
хан 1583 жылдан кейін өткен кісі, оның Сарыпқұла ата қазақ-қалмаққа бірдей
даңқты болып, талай қазақ пен қалмақ оның қасиетін айтып қызығатын. Сарып
аяқ ауруы, аяғын жай уақытта ақсап, бәйгеге қосса сауығып кетеді екен», –
деп жазады
578
. Сол себепті күйші Сарыпқұланың осы жүрісін әуенге салып,
ханның тұлпарына күй арнаған
579
. Ел арасында таралған жырда Есім ханның
тұлпары теңіздегі суын айғыр мен жеті жыл бойы тумай жүрген құлаторы биеден
жаралған дейді. Қазанғап жырында Есім ханның мінген тұлпары адам басты,
жылқы денелі теңіз жылқысының айғырынан жаралған суын тұлпар.
Қанша ғасырлар өткенімен Есім хан ның тұлпары Сарыпқұла, оны ханға
сыйлаған Түгелбай, оның ұрпағының бір бұтағы қырғызда қатаған деген атпен
өрбіп келе жатқаны жайында қазақ пен қырғыз арасында шежіре әңгімелер
ұқсас айтылуы кездейсоқтық емес, тарихтың тереңінде түйткілді бір түйіннің
барын аңғартқандай, арнайы тексере түсуді қажет ететін жайт.
Бір кездері еншісі бөлінбеген екі ел дің эпосындағы Есім хан бейнесі бірін-
бірі толықтырғанымен, елеулі айыр машылықтар да бар. Қырғыз эпосында Есім
хан – қыпшақтың ханы, қазақ пен қырғызды жаудан ортақ қорғаушы. Əлбетте
қатағанның Тұрсын ханы – опа сыздық жасаушы бүлікші. Есім ханның белгілі биі
Көкімнің бейнесі қырғыз нұс қасында мүлдем жоқ. Керісінше Кө кім бидің бейнесі
қазақ Қазанғап Бай болов жырында тартымды сомдалады. Байқауымызша,
Қазанғап жырлаған нұсқа тарихи деректермен үндесіп, жыршының пайымы мен
танымынан, өз ортасында айтылатын арқаулы әңгімелермен сабақтасып, тіпті
жыршы жасаған кейінгі уақыттың да көзқарасы эпосқа кіріккен. Ал қырғыз эпосы
негізінен фольклорлық дәстүр аясына сай жырланған.
Қазанғап жырда Шәкәрім шежіре сінен де мәлімет келтіріп, сол дерек тер-
дің ізімен де оқиға желісін сабақтап кетеді. Автордың әйгілі Бекасыл әу лие -
нің медресесінде тәрбиеленіп, шы ғыс тың ілімімен сусындағаны оның қол -
таңбасынан, сөз саптасынан анық бай қалады. Жыршының сөз өрнегінде араб-
парсы сөздерінің жиі ұшырасуы да оның ислам дәстүрінде, медреседе зердесі
қалыптасқанын байқатады.
Есім ханның ордасы, тұлпары, батырлары, Есім хан заманының игі жақ-
сылары, ханның жорық жолына қатысты туған жер-су аңыздары, неше алуан
577
Халид Құрбанғали, 1992, 185 б.
578
Халид Құрбанғали, 1992, 185 б.
579
Шәкір Əбеновтың күй мұрасы, 2016, 42 б.
|