ҰЛЫ ДАЛА тарихы
330
зерттеудің нысанына айнала қоймапты. Төбенің үстінен етегіне қарағанда белор-
тасын құрсаулап әжептәуір ор қазылып, арық тартылып, кезінде су жүргізген
арна айқын байқалады. Төбеден айнала алыс төңірек айпарадай айқын көрінеді,
салқын-сабат, миуалы-мәуелі, саялы ұйық мекен. Егер қорғанның кіреберіс
босағасына қарауыл қойылса, тік төбені өрлеп жау шабуылдау мүмкіндігі аз,
біріншіден шатқал қия, екіншіден белуар дан арнайы шеңберлеп қазылған ор,
арналы арық кім-кімге де бөгет болмақ.
Жалпы, орта ғасырдағы бекіністер мен қорғандар табиғаттың түрлі кедергілері
мен елеулі мүмкіндіктерін ұтымды па йдала нып жасалатыны белгілі. Төрткүлтөбе
де сондай нысанның қатарында, бабаларымыз оны жетілдіріп белуардан ор
қазған әрі қаланың қорған күмбезін тұрғызып, қабырғасын шаршылап қалап,
құбыр тартып, абаттандырған. Əрине кейінгі қазақ хандары да бұл жерлерді
өзіне пана етіп, қайтадан жаңғыртып отырған. Сондай ірі тұлғаның бірі ең сегей
бойлы ер Есімнің бұл топырақта алапасы артып, арғымағы аунап, нары шөккені
анық. Ауыл зиялыларының қызғыштай қорғауымен аңыз-әпсанасы тірнектеліп
жиналып, ескі қала жұрты бұзылмай бүгінге жеткен осы киелі орданың есігінің
алдына жергілікті тұрғындар үй-жай құрылысын да сала бастапты.
Тарихи жадыны оятуға ғасырлар бойы ықпал етіп келе жатқан қасиетті нысанды
«Киелі Қазақстан» тізіміне тіркеп енгізу, ғылыми зерделеу, археологиялық
сараптаудан өткізу алдағы күндердің еншісінде. «Есім хан ордасы» атты бұл
тарихи жұрттың ұлттық рухты көте ріп, шежіремізді жаңғыртып, тарихи сана-
мыздың қуаттануына тигізіп келе жатқан шарапаты аса мол. Соның бір ғана
мысалы – жеті мың жолдан тұратын «Еңсегей бойлы ер Есім» тарихи эпосы
571
.
Осы топырақтың бесігіне тербеліп, әуеніне әлдиленген Қазанғап Байболов
ақын бала күнінен құлағына сіңген сарынды көлемді жырға айналдырған. Ал
қазақтың ежелгі хандарының ешбіріне де мұндай көлемді эпос арналмағаны
тағы да анық. Демек, ел зердесінің сәулесі осы тарихи жырда сары алтынның
түйіршігіндей ұшқындайды, ал жыршының ұлы хандар мен билердің ішкен суы,
жұтқан ауасы, басқан топырағынан, көкірегі көмбелі қарттардың күмбірінен нәр
алғаны, шабыт шақырғаны айқын. «Есім хан ордасы» деп аталатын қазыналы
жұрттың айналасына ғасырлар бойы шоғырланған ғибрат пен тағылым қайнары
тәуелсіздігіміз нығайған бүгінгі күні де аса маңызды, демек бұл тарихи-рухани
кешен жаңа заман талабына сай жаңғырып қайта түлеуі қажет-ақ.
Достарыңызбен бөлісу: |