ҰЛЫ ДАЛА тарихы
345
жазып, оның пікірлеріне қосылатынын білдірді. Алайда, Курсавидің пікірлерін
толық қуаттағанымен, оның тәсілінен бас тартқан Маржани 1883 жылы Қазанда
басылған «Вефиятул-Аслаф ве Тахиятул-Аслаф» атты еңбегінде өз көзқарасын
былай баяндайды: «Біздің халық сабақ беруде Бұқара медреселерін үлгі тұтады.
Алайда, Бұқара халқы мен үкіметінің білім беру ісінен хабары аз, сот жүйесі
ретсіз және білім беру жүйесі де тәртіптен жұрдай. Олар синтаксистен «Шерх-и
Кафие-и Молла Жамиді» (Ибн-и Хажибтің «Кафие» кітабына Абдурахман
Жами жасаған түсіндірме) оқып, онымен 3 жыл шұғылданады. Осы оқу кезінде
өз ретімен емес, соңынан басына қарай оқиды және ең қажетті тұстарын оқы-
май, тастап кетеді. «Қисын» (логика) сабағында «Шәмсие» кітабының басынан
бірнеше қатар оқығаннан кейін түсіндірме мен белгілерге назар аударады
да, осымен екі жыл өткізеді. «Техзип» (түзету) кітабынан бастап, «Əл-хамду-
диддах» сөзінің түсіндірмесіне бір жыл бөледі. Оны «Бахс-и Хамд» деп атайды.
Алайда, осы мадақ, тура жол, сілтеме, талдау мәселелерінің қисын ілімімен
қандай байланысы бар? Мұның себебі неде? Біз бұл сауалдарымызға жауап
ала алмадық. Бұқарада фәлсафа, география, тарих ғылымдарынан және
әлемдегі жағдайлар жөнінен ешқандай мәлімет жоқ. Бұлар қажетті ғылымдар
деп саналмайды. Бұқарада ықыласты адамдар да аз кездеседі. Абайдың «бұл
күндегі тахсил ғулум ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ
болады»
597
, - деп білім беру мен оқу жүйесін сынға алуы оның Маржани негізін
қалаған жәдитшілдік жолында болғанын көрсетсе керек. Сондықтан, Абай қазақ
балалары үшін араб және парсы тілдерін емес, түсінікті түрк жазуды танудың
маңыздылығына тоқталады
598
.
Бұқарада үміті ақталмаған Ш.Маржани өз бетімен тәуелсіз зерттеулер жасай
бастайды. Осылайша, Бұқарада өткізген 11 жылының (1838-1849 жж.) көп бөлігін
Бұқара кітапханаларында сирек кездесетін құндышығармаларды зерттеумен
өткізеді. Сондай-ақ, ол Бұқарада тұрған кезінде Самарқанға да барады.
Самарқанда өткізген жылдар (1843-1845 жж.) Маржани көзқарастарының одан
әрі дамуына мүмкіндік тудырды. Мұнда ол атақты ғалым, қазы Əбу Саидпен (1849
қ.б.) танысып, оның бай кітапханасында зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады
599
.
Осы кітапханада Имам Ғазали еңбектерін ұшырастырып, зерттеген Маржаниға
оның көзқарастары үлкен ықпал етті. Маржаниды Самарқанда танысып,
тереңдетіп оқыған кітаптары: Имам Ғазалидің «ат-Тефрик байнал-Ислам уәз-
Зындықа», «әл-Мункиз минад-Далал», «Кимия-и Са
’
адат», «ал-Маднун биһ
‘
ала
ғайри аһлиһи» кітаптары еді. Осы орайда ерекше айта кетерлік жайт, Маржани
Имам Ғазалидің кітаптарынан көбірек әсерленген. Себебі, Имам Ғазали ұлы
ислам ғалымы болумен қатар ірі ойшыл философ және тасаууф іліміне терең
бойлаған сопы еді. Болмысы мен түсінігі Имам Ғазалидің кітаптарымен толық
597
Юзеев, 1994, С.77-87.
598
Марджани Шихабаддин, 2003, 175 с.
599
Қыдырәлі, 2008, 119 б.
|