ҰЛЫ ДАЛА тарихы
344
білім беру жүйесінің ретсіздігін байқаған Ш.Маржани мұғалімдік қызметін тастап,
басқа да қазандық шәкірттер сияқты Түркістанның рухани орталығы іспеттес
Бұқарада білім алуға құштар болды. Сөйтіп, ол 21 жасында, 1839 жылы Бұқараға
барып, осында өз дәуірінің атақты ұстаздарынан дәріс ала бастады
594
. Алайда,
Ш.Маржани бір-екі жыл оқығаннан кейін айтарлықтай ілгерілей қоймағанын
түсінді, үміт артып келген Бұқарада өз ойлағанына жете алмады. Өйткені,
Бұқарада тарих және география сияқты ғылымдар ғылым деп саналмайтын,
тек діни ғылымдарға ғана мән беретін еді. Сондықтан, Бұқарада білім алған
кезінде медреселерді тереңірек зерттеп, осы өлкедегі білім беру жүйесінің әлсіз,
кемшін тұстарын және дін ғылымдарының қателіктерін сынаған Маржани бұл
жағдайды «Алам ебна уд-Дахр фи-Ахвал ехл Мавереннахр» атты еңбегінде
атап көрсеткен. Алайда, Маржани бұл еңбегін Бұқарада болған кезінде жазып
таратпаған еді. Үлкен салқындылық танытқан ол осылайша, өзінің рухани ұстазы
А.Курсави секілді сынға ұшырап, қудаланып кетуден құтылған.
Осы орайда, Абдуннасыр Курсави (1765-1812 жж.) жөнінде кеңірек баяндап
кетуге болады. Ұлты татар А.Курсави Қазанға жақын Курса ауылында 1765 жылы
дүниеге келген
595
. Бала кезінде Малмыж ауданының Мечкере медресесінде білім
алғаннан кейін Бұқараға барып, түрікмен шайхы Ниязкулу хан Түркманидың
шәкірті болған
596
. Курсави Бұқара халқының «дін ілімі мен шариғат заңдарында
хақ жолынан шыққандығын» мәлімдей отырып, Бұқара ғалымдарын Исламның
таза сенім жүйесінен ауытқыған деп айыптады. Ол халықты Исламның алғашқы
кезеңі – пайғамбар заманындағы сахабалық сенім дәрежесіне қайта оралуға
шақырды. Құран, хадис және сопылық ғылымдарымен қоса философияны да
оқыған А.Курсави көбіне философтар мен келамшыларды сынға алып, сол үшін
жергілікті ғалымдар тарапынан «мутазилит» деп айыпталды. Осы оқиғадан кейін
бұл мәселе Əмір Хайдарға дейін жетіп, Курсавиге «дінсіз» деп айып тағылып,
өлім жазасына кесілді. Осы оқиғадан кейін атақты сопы шайхы Ниязқұлы
Түркманидың араласуымен өз өмірін сақтап қалған Курсави Бұқарадан қашып
шығып, еліне қайтады және Мечкере медресесінде мұғалім болып қызмет істей
бастайды. Абдуннасыр Курсави өз идеяларын араб тілінде жазылған «Əл-
Иршадулл лил-абад» атты еңбегінде ұсынған. Бұл еңбекте дүмше молдалар
мен имамдардың шынайы бет-бейнелері ашылғанды. Алайда, оның идеялары
Бұқарадағы секілді мұнда да табанды қарсылыққа ұшырады. Дүниеден жастай
өткен Курсавидің пікірлері алғаш рет ұсынылған тың идеялар болғандықтан,
халық оны түсіне алмай, қолдаушысы шықпады.
Маржани Бұқараға қайтқаннан кейін Курсавидің пікірлерін жан-жақты
дамытып, «Тенбих ебнаиласр бит-тепзих-и енба-и Абдуннасыр» (Дәуіріміздегі
балаларға насихат және Абдуннасырдың жұмыстарын түзету) атты еңбек
594
Шагавиев, 2008. с.141-149.
595
Қыдырәлі, 2008, 116 б.
596
Катанов, 1902, с. 129.
|