Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет339/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

352 


атты кітабының арқасында атақ-даңққа қол жеткізгісі келген

606


 .

Бұқара  мен  Əмірді  мақтаған  Гаспыралы  мақаласында  Ресей  және  әлем 

мәдениетімен  байланыс  құрып,  мемлекетте  сауда  мен  өнеркәсіптің  дамуына 

септігін тигізген Əмір Абдулахадтың жаңашыл сипатқа ие болған ғасырдың жаңа 

білім арқылы діни көзқарастарды өзгертетініне үміт еткендігін жазған. Гаспыралы 

жаңашыл  білім  беру  мәселесін  «Тәржіманның»  кейінгі  басылымдарында  да 

талқылады: «Ресей мұсылмандары үшін Бұқараның орны ерекше болған. Өткен 

кезеңдерде Ресейде Ислам діні құлдырай бастаған кезде, Бұқарада тәлім алған 

татар және ноғай молдалар ислам дінін лайықты дәрежесіне қайта көтергендігі 

және  Дағыстан  аймақтарында  Бұқара  шейхтері  Ислам  дінін  уағыздағандығы 

тарихи  деректерден  мәлім.  Түркістан  медреселерінде  гуманитарлық  және 

жаратылыстану пәндерінің оқытылмауы салдарынан шәкірттердің ұлттық кіріс 

және  саясат  жөнінде  білімі  төмен  болып  қалған.  Ибн  Сина,  Али  Кушчу  және 

т.б. авторлардың шығармалары назардан тыс қалып, алтын және күміс ақшаға 

сатылды. Алайда, жаңашыл идеялардың, жаңа кезеңнің әсерімен уақыт өте келе 

Бұқарада  гуманитарлық  пәндер  мен  жаратылыстануға  қатысты  тақырыптар 

қайтадан қолға алынып, ең алдымен мұсылман ғұламаларының шығармалары 

аударылып,  қайтадан  оқытылады  деп  үміт  етеміз.  Медицина  ілімімен  намаз 

оқудың,  ғибадат  етудің  мүмкін  еместігі  тәрізді,  грамматика  ережелерімен  де 

темір  жол  салынбайтындығын,  синтаксистің  ауруларға  дәрі  болмайтындығын 

жақында  сауатсыз  адамдар  да  толық  түсінетін  дәрежеге  жетеді.  (Əрбір 

қажеттіліктің  ғылыми  негізі,  әрбір  ғылымның  өз  қажеттілігі  бар),  қайсысының 

болмасын тәрк етіліп, қабылданбай тасталуы мемлекет пен ұлт мүддесі үшін 

зиян»


607

.

Исмаил  Гаспыралы  Əмірдің  Ресеймен  достығын  білгендіктен,  өз  ойларын 



Ресей  құзырлы  органдарының  әрі  Əмірдің  қарсылығын  тудырмайтын  түрде 

жазып  отыр.  Тіпті,  Ресей  мәдениетінің  ықпалымен  Бұқараның  одан  әрі 

дамитынын,  Ресеймен  жасалынып  жатқан  көптеген  байланыстар  арқылы 

жеткен  орыс  мәдениеті  негізінде  Бұқара  халқының  ілгерілейтіндігін  айтқан 

еді: «Бұқараның Ресеймен байланысы күн сайын артуда. Екі жақтан да сауда-

саттықтың  үлкен  өтімділігі  байқалған  және  осы  өтімділікте  Бұқара  халқының 

Исламды пайдаланғандығы өздеріне де мәлім еді. Бұқара мемлекетінің жібек 

пен мақта, кепкен жемістер сияқты тауарларына Ресейден десте-десте ақшалар 

келгендіктен,  Бұқара  өлкесі  Ресейде  өндірілмейтін  заттар  мен  тауарларды 

табу орталығына айнала бастады. Қуанатын тағы бір жайт – Ресей мәдениеті 

ықпалымен  Бұқарада  жасалған  кейбір  реформалар,  құрылған  ұйымдар  және 

қол жеткізген жетістіктер мен идеялар. Ресей көрмелерінде Бұқарада жасалатын 

606

 İsmail, Memalik-i Buhara, Tercüman, s. 46-47.



607

 İsmail, Memalik-i Buhara, Tercüman, N

25, 30 Temuz 1891, s. 51.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет