Эмиграцияда жалғасқан күрес
Алғашқыда большевиктік билік ұзаққа бармайды деп ойлаған ұлт зиялылары,
жаңа үкіметтің алысқа шабар кең тынысын сезгеннен кейін ұлттық күрестің
ауқымын кеңейту мақсатында шет елдерге жастарды жіберуді көздеді. Өйткені,
шет елдерге шығудың басқа амалдарды таусылғандықтан, тығырықтан шығар
жол ретінде осы бағыт таңдап алынды. Бұл үшін Бұхара Халық Республикасы
үкіметінің төрағасы Файзулла Хожаев пен Тұрар Рысқұлов бастама көтеріп, 60-
қа таяу оқушыны Түркия мен Германияға жіберу үшін дайындады. Осы мақсатта
1922 жылы “Көмек” атты ұйым құрылды. Мүнаууар Қари бастаған жәдитшілдер
мен ұлт зиялылары аталмыш ұйымға үлкен көмек көрсетіп, халықтан қаржы
жиналды
651
. Осы жылы Ташкент қаласында әдеби кеш өтіп, мұнда оқушылар
үшін 7500 сом қаражат жиналды. Алманияға жіберілген оқушылар арасында
Əзімбек Бірімжанов, Тахир Шағатай, Абдулуахап Оқтай, Ибрахим Яркин
сияқты кейінірек Еуропада құрылған «Түркістан Ұлттық Бірлігінің» мүшелері
651
Аъзамхужаев, 2000. – 168 б.
|