ҰЛЫ ДАЛА тарихы
379
қорғау мақсатында былай деп жазды: «Мен мынаны айтуға тиіспін: Түркістанда
болып жатқан оқиғаларды күнбе-күн біліп отыру мүмкіндігім жоқ болғандықтан,
Түркістандағы жас өркенге еліміздегі ұйымдар жайлы бағыт беретін ондай
аңқау адам емеспін. Егер мен осылай еткен болсам, онда екі түрлі ауыр қателік
жіберген болар едім. Біріншіден, саяси және әлеуметтік мәселелерде қателік
жіберген болар едім. Екіншіден, саяси күрес пен ұйымдастыру тәжірибесі
кемшін бір жас түркістандықты тура жендеттердің тұзағына түсірген болар
едім». Сонымен қатар, эмиграциядағы Керенский бастаған орыс және армян
шовинисттері Шоқайға да тиісіп, оны «Дни», «Возрождение», «Последние
новости» сияқты газеттердің беттерінде «пантүркшіл» деп айыптай бастағаннан
және осы бағытта жазылған арандатушы мақалалар көбейіп кеткеннен кейін,
Мұстафа Шоқай бұларға арнайы жауап жазды. Тіпті, «Последние новости»
газетінің бас редакторына жазған хатында Мұстафа Шоқай өзінің Тұрар
Рысқұловпен ешқандай байланысы жоқ екенін алға тартты. Аталмыш хатында ол
Рысқұловтың большевиктер тарапынан «фашистік Алманияның агенті» ретінде
айыпталып жатқанын, шын мәнінде Рысқұлов келген 1923 жылы Алманияда әлі
фашистік биліктің орнықпағанын да ескертіп өтті
652
. Мұстафа Шоқай, осылайша
шовинизмнің тегеурінді шабуылына тойтарыс беріп, одан Рысқұлов пен өзін
арашалап алуға ұмтылды.
Иә, шовинистік пиғылдың Кеңестік жүйе мен эмиграцияда астасып, бір сипатта
өрбігені сияқты ұлтшыл зиялылар да елде болсын, мейлі эмиграцияда жүрсін
ұлттық мүдде тұрғысынан бір арнада тоғысып жатты. Тәуелсіздік жолындағы
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы елде және эмиграцияда бір бағытта жүріп
жатты. Қолына қару алып, басмашылық қозғалысына қатысушылар, партия
қатарындағы ұлт жанашырлары және эмиграциядағы қайраткер тұлғалар іштей
үндесіп, бірлесіп жатты. Басқаша айтқанда, бәрінен бұрын отаршылдық пен
шовинизмге қарсы бағытталған ұлт-азаттық күресі біртұтас майданға айналды.
Оның бір шетінде Мұстафа Шоқай жүрсе, екінші жағында Тұрар Рысқұлов
бастаған топ тұрды.
Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығы жолында шәйіт болған азаттық
ерлері, жаныңыз жәннатта болғай!
652
Togan, 1943
|