ҰЛЫ ДАЛА тарихы
96
Аталған ғалымдардан В.Войтов «Шивээт-улаан» кешенінің барлық
құрылымына мән бере отырып, культтік-мемориалды кешеннің архитектуралық
құрылысына салыстырмалы зерттеу жасайды. Кешеннің типологиясын
зерделей келе, оның іргесі 691 жылы Құтлық қаған қайтыс болған соң қаланған
болуы мүмкін деген пікірге тоқталады
154
.
«Шивээт-улаан» кешенін мерзімдеу мәселелеріне В.Д. Кубарев, Д. Баяр
ғұрыптық кешеннің құрамындағы тас мүсіндердің иконографиялық және
семантикалық ерекшеліктеріне қарап, ғұрыптық кешен VII ғ. аяғы мен VIII ғ.
бірінші жартысына жатады деп қорытындылайды
155
.
Ғұрыптық кешеннің дүниетанымдық маңызы:
Моңғолиядағы түрк дәуірінің
ғажайып ескерткіштері ғалымдардың назарына XIX ғасырдан бастап іліккен
болатын. Сол кезден бастап зерттеушілер тарапынан жекелеген мақалалар мен
іргелі монографиялар, альбомдар жарияланды. Əсіресе Моңғолиядағы билік
иелері ақсүйектердің құрметіне орнатылған ірі ғұрыптық кешендер мен олардың
орнатылуы және семантикасы туралы түрлі болжамдар
«Шивээт-улаан» сияқты
түрк дүниесіне ортақ тарихи ескерткіштің тарихи этномәдени құпиясын ашуға
көп септігін тигізері анық.
Себебі
«Шивээт-улаан» сияқты күрделі архитектуралық кешендердің
семантикалық мәні зор. Аталмыш кешенде негізінен мемлекеттіліктің символы
(қаған, бек тархандар, арыстан, қой, «ашина» таңбасы, сегіз қырлы ғибадатхана,
жер-су ұғымы, бас киім бөріктегі рәміздік құс бейнесі, аса таяқ, киелі жер) секілді
атрибуттар композициясы көрініс тапқан.
Ғалымдар арасында мұндай ірі ғұрыптық кешендердің орнатылуы
туралы түрлі болжамдар мен тұжырымдар жеткілікті. Кейбір ғалымдар
ғұрыптық кешендерде қағандар жерленген десе, кейбірі мұндай ескерткіштер
марқұмдардың рухына тағзым етіп, құрбандық шалатын киелі орындар болуы
мүмкін деген пікірді ұстанды. Дегенмен, Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі
көп жылғы археологиялық зерттеулер бойынша түрк ақсүйектерінің денесі
жерленген бірде-бір қорым немесе қорған табылған емес
156
. Сонда бұл кешен
қандай мақсатта қолданылған, не үшін орнатылған деген заңды сұрақтар
туындайды. Түрк дәуіріне жататын ғұрыптық қоршаулардан адам сүйегінің
кездеспеуіне байланысты бұл орындарды марқұмдарды еске алып, ас беретін
киелі кешен болған деп пікір білдірген ғалымдар бар
157
.
Жалпы, ерте ортағасырлық түрктерде «ғұрыптық кешен» болды деген
пайымды бірсыпыра ғалымдар археологияилық зерттеулер негізінде ұсынды.
154
1996. – С. 30.
155
Кубарев, Баяр, 2002. – С. 83.
156
Кляшторный, Савинов, 2005. – C. 198-199
157
Евтюхова, 1952. – № 24. – С. 72-120.
|