Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет88/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

95 


жасап,  кескіндік  сызбаларын  алған  болатын

142


.  Бұл  зерттеушілерден  кейін 

Ч.Доржсүрен

143

,  П.Аалто



144

,  Д.Цэвээндорж,  Х.Пэрлээ,  С.Г.Кляшторный

145



С.Қаржаубай,  В.Е.  Войтов



146

,  жапон  өнер  тарихшысы  Т.Хаяши

147

,  түрік 



тарихшыларынан O.Серткая, Ж.Алйылмаз

148


, орыс археологы В.Д.Кубарев және 

моңғол археологы Д.Баяр

149

 «Шивээт-улаан» кешеніндегі тас мүсіндер мен мәңгі 



тасқа және кешеннің архитектуралық құрылымына қатысты өз көзқарастарын 

білдірген болатын. 

«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешеннің таңбасына қатысты алғаш рет кешенді 

зерттеулер 2015 жылы осы еңбектің авторы мен Гайбулла Бабаяровтың «Түрк 

Мәңгі тасы: Шивээт-улаан таңбалы ескерткіші»

150


 деген ғылыми еңбектерінде 

ұсынылған. 

Дегенмен,  жоғарыдағы  аталған  ғалымдар  тарапынан  кешеннің  жалпы 

сипаттамасы мен кейбір атрибуттарына қатысты ғылыми-зерттеулер жүргізілгені 

болмаса,  осы  кезге  дейін  «Шивээт-улаан»  ғұрыптық  кешеніне  толыққанды 

кешенді  археологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілмеген  еді.  Осыған  орай, 

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы, Тарих және 

археология институты бірлесе отырып, Шивээт-улаан ғұрыптық кешеніне 2016-

2018  жылдар  аралығында  үш  жыл  қатарынан  археологиялық  қазба  зерттеу 

жүргізіп,  ғұрыптық  кешенінің  жалпы  көлемі,  сыртқы  шеңбері,  қабырғалары, 

қамалдары,  қақпасы  мен  киіз  үй  формасындағы  сегіз  қырлы  ғибадатханасы 

секілді  кешеннің  күрделі  архитектуралық  құрылымдарын  анықтады  және 

адам және жануар бейнелі тас мүсіндерін анықтады, артефактілердің ғылыми 

құжаттары мен фотосуреттері, графикалық сызбаларын жасады

151



«Шивээт-улаан»  ғұрыптық  кешеніне  қатысты  ең  алғашқы  хронологиялық 



мәселені  Ц.Доржсүрен  көтерген.  Ол  ғұрыптық  кешен  құрамында  түрк  жазуы 

бар  бітіктастың  кездеспеуіне  қарап,  ескерткіштің  іргетасы  VI  ғасырға  дейін 

тұрғызылған  болуы  мүмкін  деп  болжайды

152


.  С.Г.  Кляшторный,  В.Е.Войтов 

секілді  белгілі  ғалымдар  дербес  зерттеу  жұмыстарын  жүргізе  келе,  аталмыш 

кешенді  “Екінші  шығыс”  Түрк  қағандығын  құрушы  Елтеріс  Құтлық  қағанның 

құрметіне қойылған деп тұжырымдайды

153

.

142



 Бамбаев, 1927,(ТХГБС). Ф IX. Тоб. 7, хн. 17, д. 45, №2.

143


 Доржсүрен, 1957. – т. 45-47. 

144


 Aalto, Ramstedt’s, 1966. – P. 1-19. 

145


 Кляшторный, 1978. – С. 575-576.

146


 Войтов, 1996.

147


 Hayashi, 1999. – P. 141-142.

148


 Sertkaya‚Alyılmaz‚ Battulgа, 2001.

149


 Кубарев, Баяр, 2002. – С. 74 – 85.

150


 Қыдырәлі, Ғ.Бабаяр, 2015

151


  Қыдырәлі,  Цэвээндорж,  Энхтөр,  Базылхан,  Бөгенбаев,  Далантай,  Буянхишиг,  Умиров,  Мөнхбат, 

2018. -120 б.

152

 Доржсүрен, 1957. – т. 45-47. 



153

 Жолдасбеков, Сартқожаұлы, 2005. – 47 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет