«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ
ОРТАЛЫҒЫ
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ (ОБЛЫСТЫҚ) КЕЗЕҢІ
(2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫ)
10 сынып, 2 тур
Жұмыс уақыты: 60 минут.
Тест тапсырмалары екі блоктан тұрады.
Бірінші блокта төрт нұсқасы берілген бір жауапты, жабық тест
тапсырмалары берілген.
Екінші блокта олимпиада қатысушылары өздері жауаптарын
толықтыруға тиіс ашық тест тапсырмалары берілген.
Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады.
1 блок
1. 1857 ж. Ш.Уәлихановтың Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі
болып қабылдануына ұсынған ғалым:
А) В.В. Веляминов-Зернов
В) Н.И. Веселовский
С) П.П. Семенов-Тян-Шанский
D) Г.Н. Потанин
2. 1925 жылы большевиктер партиясының XlV съезінде қабылданған шешім:
А) ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет қабылданды.
В) елде индустрияландыруды бастау.
С) ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алуды жариялау.
D) Әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу
бағдарламасы.
3. Карточкалық жүйе жойылып, ақша реформасы енгізілді:
А) 1945 ж.
В) 1947 ж.
С) 1951 ж.
D)1953 ж.
4. «Сенімсіз халықтар» деген желеумен 1943 жж. Қазақстанға күштеп
қоныстандырылды:
А) Немістер.
В) Күрдтер.
С) Қарашайлар.
D) Ингуштар.
5. 2014 жылдан басталған «Серпін» атты бағдарламаның мақсаты:
А) бала туу деңгейі төмен және жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлердегі
кадр мәселесін шешу.
В) шетелдегі қандастарымызды және еліміздің оңтүстік өңірінен солтүстік
өңіріне қазақтарды ұтымды қоныстандыру.
С) еңбек мигранттарын елімізде ұтымды қоныстандыру.
D) Ирреденттерге жағдай жасау.
6. 2018 жылы болған оқиға:
А) үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты.
В) Қазақтардың дүниежүзілік екінші құрылтайы өтті..
С) Қазақстан Республикасының ИЫҰ-ға төрағалық етті.
D) Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді.
7. 2006 жылы болған оқиға:
А) Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі өтті.
В) Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.
С) Қазақстан Республикасы Әнұранының жаңа мәтіні бекітілді.
D) Қазақстан Республикасы ДСҰ-на мүшелікке қабылданды.
8. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегінің авторы:
А) Абай Құнанбайұлы
В) Шоқан Уәлиханов
С) Шәкәрім Құдайбердіұлы
D) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
9. 1992 жылы болған оқиға:
А) Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.
В) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге енгізілді.
С) Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі өтті.
D) Қазақтардың дүниежүзілік алғашқы құрылтайы өтті.
10. 1995 жылы 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті:
А) Абай Құнанбайұлының.
В) Шоқан Уәлихановтың.
С) Шәкәрім Құдайбердіұлының.
D) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының.
2 блок
1.
жылдар қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» деген атпен аталады.
2.
– көшпелі ақсүйектердің аса маңызды мемлекеттік
шешімдер қабылдайтын жиналысы, яғни түркі-монғол халықтарының ең
жоғарғы билік жүйесі.
3. Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы
Бұланты өзенінің бойында,
деген жерде қазақ жасақтары
ірі жеңіске жетті.
4. «Абылай хан қалыптасқан нақты жағдайларға қарай бiрде Ресейге, бiрде
Қытайға, ендi бiрде Жоңғарияға шын берiлген болып көрiне бiлдi, ал шын
мәнiнде ешкiмге де бас иген жоқ», - деген сөзді айтқан орыс ғалымы
.
5. Жайық казактары 1773-1775 жылдарда
бастаған
шаруалар көтерiлiсiне қатысты.
6.
жылы «Орынбор казак әскерлерi туралы Ереже»
шықты.
7.1822 жылы Батыс Сiбiр генерал-губернаторы
жасаған және Ресей императоры Александрдiң жарлығымен бекiтiлген«Сiбiр
қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» күшiне енедi.
8.
жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің
қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қол қойды.
9. 1822 жылы табын руының батыры, әрі биі
Ресейге
қарсы, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарыпалу жолындағы күреске
басшылық етті.
10. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан
сәл кейiнiрек Ресейдiң әскери күштерiнiң орналаса бастауына қарсы ұлт-
азаттық күресiн шекті руынан шыққан белгiлi батырлар
басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |