Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің алдына қойылатын міндеттер:
1. қайырымды әрі әділетті болу; 2. дарынды балалар психологиясының ерекшеліктерін білу, олардың қажеттіліктері мен қызығушылығын сезіну; 3. ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде болуы тиіс. 4. Қызығуы мен шеберлігі болуы тиіс; 5. Жан-жақты білімді болғаны абзал; 6. Дарынды балаларды оқытуға байланысты түрліше міндеттерді орындауға дайын болуы тиіс; 7. Белсенді әрі өте қозғалғыш болғаны жөн: 8. Әзілдесуге де икемі болғаны дұрыс (бірақ сарказм емес); 9. икемді, әрі өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс; 10. шығармашылық, мүмкін болса, жеке дүниетанымы дәстүрлі емес болғаны дұрыс; 11. денсаулығы жақсы, балалармен жұмыс істеуге арнайы жоғары білімнен соңғы дайындығы болуы керек және әрі қарай арнайы білім алуға дайын болуы тиіс.