Дарынды балаларды мамандықҚа бейімдеудің психологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
Дата18.03.2017
өлшемі229,84 Kb.
#10034

 

15

УДК 159.928.23 



 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ МАМАНДЫҚҚА БЕЙІМДЕУДІҢ 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Арғынбаева А.Қ. 

(Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде 

ең  алғаш  рет  «Əр  баланың  қабілетіне  қарай  интеллектуалдық  дамуы  жеке  адамның 

дарындылығын таныту» сияқты өзекті мəселелер енгізілген [1]. 

Дарынды,  жас  талапты  жастар  –  бүгінгі  егеменді  еліміздің  жарқын  болашағы. 

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай 

қыспасын  мемлекет  өзінің  талантты  ұлдары  мен  қыздарын,   тарланбоз  жүйріктерін 

қолдауға,  қорғауға  міндетті»,-  деп  еліміздің  болашағы  жастарға  үлкен  мəн  берген  [2]. 

Сонымендарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, 

талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор 

адамдарда (оқушыларда) кездесетін қасиетті айтамыз. 

Дарынды балаларға білім беруді əр ғылымның бүгінгі дəрежесіне сəйкес жүргізу 

бір  жағынан  қоғамға  талантты  мамандар  даярлауда  тиімді  болса,  екінші  жағынан 

қоғамға  ерекше  дарынды  балалардың  интеллектуалдық  дамуын  қамтамасыз  етеді. 

Дарындылық  мəселесін  зерттеушілердің  еңбектері  көп  болғанымен,  дарындылықтың 

мəн  -  мағынасы  жөнінде  олар  ортақ  бір  пікірге  келе  қоймады.  Сондықтан  да,  біз 

баланың  дарындылығы  деп,  оны  өз  құрдастарымен  салыстырғанда  бірдей  жағдайда 

білім  игеру  деңгейінің  шоғырлығымен  аса  ерекше  байқалатын  шығармашылық 

қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. 

Дарындылық  теориясының  негіздері  Кеңес  психологтарымен  өңделген. 

Л.С.Выготский,  Б.Г.Ананьев,  В.А.Крутеций, Н.С.Лейтес,  В.М.Теплов  жəне  тағы  басқа 

психологиялық тұжырымдары интегралды жеке тұлғалық білім ретінде дарындылыққа 

жүйелік  көзқарас  қалыптастырды 

жəне 


адам 

қабілетінің 

құрылымдылық 

компоненттерін анықтады [3, 4, 5].  

Дарындылық  мəселесіне  шетел  ғалымдары  К.Абрамс,  Ф.Гальтон,  М.Кранев, 

Э.Мейман, Дж.Рензулли,  Э.Торндайк, К.Тэкээк,  В.Штерн сынды басқа да ғалымдар өз 

зерттеулерін  арнаған.    Олар  дарынды  балаларды  эксперименталды  жəне  қолданбалы 

зерттеу бөлігіне көп үлес қосқан жəне олар осыған байланысты тест əдістерін өңдеген 

[6, 7]. 

Қабілеттілік  жəне  дарындылық  мəселесін  Кеңес  психологиясыда  40-50  жылдары  

Б.М.Теплов ерекше зерттеген. Ол қандай да бір күрделі іс-əрекеттің орындалуы үшін,  

тек  қана  қабілеттілік  емес,  оның  толық  қатары  қажет  екенін  дəлелдеген.  Іс-əрекеттің 

табысты  орындалу  мүмкіндігіне  тəуелді  болатын  қабілеттіліктің  өзіндік  сапалы 

байланысын, ғалым «дарындылық» деп атаған. Б.М. Теплов «дарындылық»  түсінігінде 

белгілі  іс-əрекеттегі  табиғи  нышан  болмысына  ерекше  көңіл  аударады  [8].  Сол 

жылдардағы  оқулықтар  мен  авторлары  да  осындай  көзқараста  болды.  Л.А.Рудик 

«дарындылық»  ұғымымен  қабілеттіліктің  дамуына  алғышарт  болып  табылатын,  «туа 

біткен  қабілеттілік»  десе,  ал  Н.Д.Левитов  аналитикалық-физиологиялық  нышан 

бейнелейтін  қабілеттіліктің  табиғи  қоры  деп,  ал  Г.И.Иванов  «дарындылықты»  -  адам 

дамыған кезде қабілеттілікте көрінетін туа біткен ерекшеліктер деп түсіндіреді [9]. 



 

16

В.А.Крутецкий  өзінің  математикалық  қабілеттіліктің  құрылымын  зерттеу 



жұмыстарында  былай  дейді:  «Егер  “қабілеттілік”  сөзімен  белгілі  психикалық 

қасиеттерді  атайтын  болсақ,  «дарындылық»  деп  -  адамдағы  қабілеттердің  өзіндік 

байланысын,  бірлігін атау керек».  Ол сонымен қатар бұл феноменді зерттеу кезінде іс-

əрекеттегі  қоғамдық-тарихи  өзгерістерді  жəне  олардың  табыстылығын  бағалауды 

ескеру керек деп тұжырымдаған [5, 12-14с.]. 

Əр  адам  балалық,  жасөспірім  жəне  жастық  шағынан  бастап,  өмірде  үлкен 

жетістіктерге  жетуді  армандайды.  Жасөсіпірімдік  шақ-  бұл  ізденіс,  үміт,  күмəндану, 

мазасыздану  кезі.  Көптеген  балалар  ерте  кезден  бастап,  əртүрлі  іс-əрекет  түрлеріне 

қабілеттілік білдіреді (сурет салады, билейді, музыкалық инструменттерде ойнайды, əн 

айтады т.б.). Бірақ уақыты келе, бұл қабілеттіліктердің көрінісі бəсеңдеп, жас адамның 

мамандығының негізіне айналмайды, ол адам жай ғана «орташа» кəсіпкерге айналады. 

Қазіргі  кездегі  жаңа  əлеуметтік  -  экономикалық  жағдай  бойынша,  кəсіпкерлік  іс-

əрекетте  табысқа  жалпы  жəне  арнайы  қабілеттің  ең  болмағанда  аз  ғана  бөлігімен, 

білімділікпен,  шығармашылықпен  қамтамасыз  етілгенде  ғана  жетуге  болады. 

Сондықтан, балалар алдында, сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер алдында да жаңа 

міндет  тұр,  яғни  жеке  тұлғаның  потенциалды  мүмкіндіктерін  зерттеу,  дамыту  жəне 

осының  негізінде  баланың  болашағын  анықтау,  əрі  мамандыққа  бейімділігін  ерте 

кезден бастап анықтау мен дамыту болып табылады.  

Дарындылық  əрбір  баланың  ақыл-сана,  оқу,  шығармашылық,  көркем-өнер,  адам 

аралық қатынастар түзу жəне психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.  



Жоғарыда  аталған  ғалымдардың  еңбектерін  сараптай  келе  дарынды  балаларға 

келесідей  қасиеттер  тəн:  зейінділік,  жинақылық,  тұрақтылық,  əрқашан  қызметке 

дайын  болу;  мұндай  түлғалар,  сонымен  бірге,  мақсатқа  жетуде  ақылға  сай 

табандылыққа  ие,  еңбекте  шаршап-шалдығуды  білмейді,  басқалармен  салыстырғанда 

интеллекттік  деңгейінің  анағұрлым  жоғары  болуы.  Өз  қызығулары  бағытында 

дарындылар  қайтпас  қажырлылық  таныта  алады.  Дарынды  бала  өзін  қызықтырған 

іспен  бірнеше  сағат  шұғылданып,  қажет  болса,  оған  бірнеше  күндер  бойы  қайта 

оралып, көздегеніне жетпейінше, əрекетін тоқтатпайды.  

Дарындылық дəрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, 

жетілдіріп  дамытуға  тікелей  тəуелді.  Дарындылықтың  өзіндік  ерекшелігі  ең  алдымен 

қызығушылық  бағдарға  байланысты.  Осыдан,  біреу  математикаға  құмар,  екінші  -

тарихқа жəне біреулер — қоғамдық жұмыстарға, лидер болуда өз дарындылығын іске 

қосып, оны нақты іс-əрекетте кейін дамыта түседі. 

Дарынды  балалар  —  жалпы  жəне  арнайы  дарындылығын  (музыкаға,  сурет, 

техникаға  т.б.)  байқатқан  балалар.  Дарындылықты  ақыл-ой  дамуының  қарқыны 

бойынша  басқадай  жағдайлар  бірдей  болғанда  баланың  өз  құрдастарының  ерекше 

дəрежесі 

бойынша 

психологиялық 

диагностикалау 

қабылданған 

(ақыл-ой 

дарындылығы  тестері  осыған  негізделген).  Мұндай  көрсеткішті  асыра  бағалауға 

болмайды, өйткені ақылдылық шығармашылық жағының бірінші дəрежелі маңызы бар. 

Басқалардан бұрын балалардың көркемдік дарындылығын (музыка  саласындағы, одан 

соң  сурет  салуда)  байқауға  болады.  Ғылым  саласында  бəрінен  гөрі  математикаға 

ерекше зейінді болу дарындылығы көбірек байқалады.  

Баланың жалпы ақыл-ой деңгейі мен неғұрлым арнайы қабілеттіліктің көркемдігі 

арасында  алшақтық  болатын  жағдайлар  аз  емес.  Ақыл-ой  қабілеті  тым  ерте  дамыған, 

ерекше  айқын  жетістіктерге  жеткен  балаларды  вундеркиндтер  деп  атайды.  Алайда, 

баланың  тіпті  ең  үздік  деген  жетістіктерінің  өзі  болашақ  таланттың  жеткілікті  кепілі 

бола  алмайды.  Туа  біткен  бейімділіктер  жеке  дара  психологиялық  ерекшеліктердің 

қалыптасуының  күрделі  үдерісінің  бір  шарты  ғана,  оның  бəрі  қоршаған  ортаға 

байланысты.  Балада  ерекше  қабілеттіліктер  болуының  нышандары  оның  жасынан 


 

17

ажырағысыз:  олар  көбіне  кемелдену  қарқынына  жəне  жастық  өзгерістерге 



байланысты.    

Дарынды  балаларды  мамандыққа  бейімдеу  барысында  келесідей  психологиялық 

ерекшеліктерге көңіл бөлу қажет:  

1.  Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық жəне əлеуметтік дамуы мен 

ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру; 

2.  Жан-жақты ақпараттандыру; 

3.  Коммуникативті бейімдеу; 

4.  Білімнің бағасын арттыру; 

5.  Математика  бойынша  білім-білік  дағдыларын  тереңдету,  өз  ойын  еркін 

жеткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу; 

6.  Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру; 

7.  Дарынды  оқушының  шығармашылық  бағытының  ашылуына,  дамуына, 

қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету; 

8.  Арнайы  мамандыққа  қабілетті  екендігін  тани  білу,  əрі  оны  шыңдай  түсу 

(мысалы: музыка, математика т.с.с); 

9.  Баланың жас ерекшелігіне көңіл бөлу;  

10. Психологиялық саулығын қамтамасыз ету;  

11. Мамандыққа  бейімдеу  барысында  тиімді  педагогикалық,  психологиялық  əдіс 

тəсілдерді шебер қолдана білу;  

12. Баланың  жеткен  жетістігін  ескеру,  марапаттау,  назардан  сырт  тысқару 

қалдырмау. 

“Astor”  американ  бағдарламасының  өлшемдеріне  сəйкес  дарынды  балалармен 

жұмыс істеу үшін мұғалімге  қажетті қасиеттер:  

1.  қайырымды, əрі əділетті болу; 

2.  дарынды  балалар  психологиясының  ерекшеліктерін  білуі  тиіс,    олардың 

қажеттіліктері мен қызығуларын сезінуі; 

3.  ақыл-ой дамуы жоғары деңгейде болуы; 

4.  қызығуы мен шеберлік шеңбері кең болуы; 

5.  педагогикалықтан тыс басқа бір білімі де болғаны абзал; 

6.  дарынды  балаларды  оқытуға  байланысты  түрліше  міндеттерді  орындауға 

дайының жоғарылығы; 

7.  белсенділігі жоғары: 

8.  əзіл сезімі болғаны дұрыс (бірақ сарказм емес); 

9.  икемді,  əрі өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс; 

10. шығармашылық,  мүкін болса,  жеке дүние танымы дəстүрлі емес; 

11. білімнің терең болуы тиіс [10]. 



Дарынды  балаларды  мамандыққа  бейімдеу  барысында  дамыту  қажет  болып 

табылатын маңызды қабілеттер мен шеберліктер қатарына:  

1.  танымдық қабілеттер мен дағдылар:  

-  үлкен ақпарат көлемін меңгеру. 

-  бай сөздік қор. 

-  себеп-салдарлы байланыстарды анықтау. 

-  жасырын тəуелділіктер мен байланыстарды табу. 

-  қорытындыларды жасай білу. 

-  күрделі мəселелерді шешуге қатысу. 

-  ақпаратты ұйымдастыру. 

-  көзге көрінбейтін айырмашылықтарды байқай білу шеберлігі. 

-  Кездейсоқ жағдайларды талдай білу. 

-  нəтижені де бағалай білу шеберлігі. 


 

18

-  болжам құра білу. 



-  идеяларды тəжірибеде қолдана білу. 

-  ойлаудағы сыншылдық. 

-  жоғары дəрежедегі білуге құмарлық. 

2.  шығармашылық қабілеттер:  

-  дивергентті ойлау. 

-  ойлау мен іс-əрекеттегі икемділік. 

-  ойлау жылдамдығы. 

-  ерекше идеялар айта білу,  жаңа нəрсе ойлап табу.  

-  қиялдың ұшқырлығы. 

-  жоғары эстетикалық құндылықтар. 

-  дамыған ішкі сезім.  



3.  эмоционалды аумақ ерекшеліктері:  

-  реалистік  «Мен -  тұжырымдама». 

-  өзгелерге сыйластық. 

-  адамдарға эмпатикалық қарым-қатынас. 

-  өзге адамдар ерекшеліктеріне шыдамдылық. 

-  өзін талдауға бейімділік 

-  сынға шыдамды көзқарас таныта білуі.  

-  тапсырманы орындаудағы табандылық. 

-  жарысқұмарлық. 

-  ойлаудағы тəуелсіздік. 

-  əзіл сезімі. 

-  өз күші мен қабілетіне сенімділік. 

-  ішкі мотивация. 

Жалпы алғанда дарынды балаларды мамандыққа бейімдеу барысында мұғалімнің 

алатын  орны  мен  рөлі  ерекше  маңызды  болып  табылады.    Дарынды  жəне  қабілеті 

жоғары балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің рөлі – білімді таратушы жай мұғалімнің 

қалыпты  рөлінен  ерекшелігі  байқалады.  Олардың  міндеті  білімді  ғана  беру  емес, 

оқушының  өзіндік  мүмкіндігін  ашуы  тиіс.  Дарынды  балалармен  жұмыс  істеуде 

оқушының  өзіндік  дамуына,  бағалауына  жəне  ойлау  дербестігіне  көп  көңіл  бөлінеді. 

Бұл шығармашылық потенциалының айқандалуына мүмкіндік туғызады.  

Дарындылықтың  бағалануы  тестілеуге  ғана  негізделмеуі  керек  -оның  дəрежесі 

мен  өзіндік  ерекшелігі  оқыту  мен  тəрбиелеу  барысында,  балалардың  белгілі  бір 

мазмұндағы  іс-əрекетті  атқаруы  кезінде  байқалады.  Ерте  бастан  мамандандыру  күн 

ілгері  жəне  шамадан  тыс  болмауы  керек.  Дарынды  балалардың  анықталып 

кемелдендірілуі 

мектептер 

(мысалы, 

музыка, 


математика 

мектептерінде) 

факультативтік  сабақтар,  алуан  түрлі  үйірмелер,  студиялар,  мектеп  оқушыларының 

олимпиадаларын,  балалардың  көркем  өнерлерінің  конкурстарын  өткізу  жəне  т.б. 

жағдай жасайды.  

Дарынды  балалардың  дамуының  тежелуіне  жол  беруге  болмайды.  Мұндай 

балалардың оқу жүктемесі, оқыту жəне тəрбиелеу нысандары олардың мүмкіндіктеріне 

сай келуі тиіс. Дарынды балалар туралы қамқорлық қабілеттердің дамытылуын жалпы 

білімдік дайындықпен жəне тұлғаны кемелдендірумен ұштастырылуын көздейді. 

Баланың дарындылығы - бірдей өмір шартында, өз құрбыларымен салыстырғанда 

оқуға  қабілеттілік  жəне  шығармашылық  құбылыстары  жоғары  болып  табылуы 

түсіндіріледі.  

Адам  қабілетіндегі  айырмашылық  іс-əрекеттің  нəтижесінен,  яғни  оның 

сəттілігінен не сəтсіздігінен байқалады. Қызығушылық — адамда объективтілікті жан-

жақты бейімділік - нақты іс-əрекетті орындауға талпыну, қызығушылық пен бейімділік 


 

19

сапаларының  үнемі  өзара  үйлесім  тауып,  бір  бағытта  тоғысып  отыруы  мүмкін  емес 



[11].  Оған  түрлі  жағдайлар  себепші,  мысалы,  адам  көркемөнер  туындыларын 

тамашалауы  ықтимал,  бірақ  ол  осы  саладағы  өнер  түрлерімен  шүғылдануға  бейімсіз 

болуы  мүмкін.  Дегенмен,  белгілі  бір  іс-əрекет  түріне  қабілеті  бар  адамдардың 

қызығушылығы  мен  бейімділігі  бір-бірімен  үйлесім  таба  алады.  Іс-əрекетпен 

айналысқанда  адамның  табысқа  жетуі  үшін қабілет,  қызығушылық,  бейімділіктен  тыс 

оның  мінез-құлқында  келесі  сапалық  көріністер  болуы  қажет:  ең  алдымен  -  еңбек 

сүйгіштік, табандылық, батылдық. Бірақ, осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де 

айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-əрекетін, жеке басына 

сапаларын  айқын  ажырата  аларлық  деңгейде  болуы  керек.  Адам    қабілеттілігінің    

даралық    ерекшеліктеріне    дарындылық, шеберлік, талант, шабыт кіреді. Əр түрлі іс-

əрекеттер аймағына қажет білім, ептілік- дағдылар бірлігін жеңіл əрі нəтижелі игеруді 

қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерекшелігін дарындылық деп атайды.  

Жас  өркеннің  бойындағы  табиғат  берер  ерекше  қабілеті,  дарындылықты  тани 

білу, оның əрі қарай дамуына бағыт-бағдар мен мамандыққа бейімдеу ерекше қиын іс. 

Алайда əр баланың жеке қабілетін анықтап, оның сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы.  

Дарынды  оқушымен  жұмыс  істеудің  негізгі  мақсаты:  олардың  шығармашылық 

жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу 

бағдарламасын  тереңдетіп,  оқыту  жəне  оқушының  танымдық  белсенділігін  дамыту 

арқылы жүзеге асады. 

Таланттарын  дамыту  үшін  дарынды  балалар  өз  уақытын  еркін  жұмсап, 

кеңейтілген  оқу  жоспарымен  оқытылу  керек.  Бала  өз  мүғалімі  жағынан  назар  аудару 

мен  жеке  қолдау  көрсетуді  сезуі  қажет.  Бұл  жерде  нені  емес,   қалай  оқыту  маңызды 

болып  табылады.  Дарынды  баланың  айтылған  ойлар  мен  болжамдарды  талдай  алу 

мүмкіндіктері, табиғи аналитикалық жəне сыншыл ой-тұжырымның дамулы екендігіне 

сəйкес келеді.  

Дегенмен,  əліде  болса  бізді  ойландыратын,  толғандыратын  істер  жетерлік.  Атап 

айтқанда,  олардың  білім  сапасын  арттыру,  оқушылардың  дарындылығын  айқындап, 

біліміне,  ойлау  қабілетіне  сай  деңгейде  оқыту,  ғылыми  ізденіс  қабілеттерін 

қалыптастыру, мамандыққа бейімдеу маңызды болып қала бермек. 

 

 

 



Əдебиет: 

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

2.  Концепция  выявления,    поддержки  и  развития  одаренных  детей  в  Республике  Казахстан. 

Дарын.  Информационно-методический сборник.  №3, 1999, с. 24. 

3.  Одаренный ребенок. //Под.ред. Дьяченко О.М.,  М., 2012. -234с. 

4.  Психология одаренности детей и подростков (под.ред. Н.С.Лейтеса,  - Москва.  Издат. Центр  

«Академия»,  1996,  с. 4-55. 

5.  Савенков  И.А.    Одаренные  дети  в  детском  саду  и  школе    (уч.  пособие  для  студ. 

Высш.учеб.завед.) – Москва,  Изд. Центр «Академия»,  2010.  С. 29-30. 

6.  Педагогика  и  психология  одаренности  школьников    (под  ред.    У.Б.  Жексенбаевой,    А.К. 

Сатовой -  Аламты,  2002,  248с. 

7.  Бухвалов В.А.  Развитие учащихся в процессе творчества. «Педагогический поиск», 2000. 

8.  Матюшкин А.М.  Загадки одаренности.  -  Москва,  1993,  220с. 

9.  Елубаев А.О.  Дарынды оқушыларды тану ерекшелігі – Дарын, 2012. №5, 112-116б. 

10.  Гильбух Ю.З.   Умственно одаренный ребенок.  Киев,  1993.  с.  11-23. 

11.  Акменбетов Қ.Ж.  Дарындылықтың теориялық негіздері //Педагогика мəселелері, 2009. №2, -

14-19б. 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет