- қорытындысын шығарады және салтанатты марапаттау рәсімінің ұйымдастырылуына қатысады;
- Педагогикалық олимпиаданың өткізу орны мен күнін, тәртібін белгілейді.
15. Ұсынылған жұмыстар санына байланысты, Ұйымдастыру комитеті қатысушылар арасынан аймактык кезеңінен қорытынды кезеңіне қатысушылар құрамын анықтау құқығын өзіне қалдырады.
16. Конкурс іс-шараларын бағалау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Педагогикалық олимпиаданың Ұйымдастыру комитеті құрады.
17. Қазылар алқасының құрамына республиканың алдыңғы қатарлы педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің ғалымдары, түрлі деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздары, педагогикалық қоғамдастық өкілдері кіреді.
18. Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.
19. Педагогикалық олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.
20. Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша бірлескен педагогикалық жобалар, оларды іске асыру бойынша бірлескен шешімдер қабылданып, республикамыздың педагогикалық қоғамдастығымен байланысты кеңейту.
Қаржыландыру
21. Қаржылық шығындар бекітілген сметаға сәйкес жүргізіледі.
22. Олимпиадаға қатысушылардың іс-сапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді /өз қаражатынан/.
23. Олимпиада қатысушылардың тіркеу жарнасы арқылы ұйымдастырылып, өтеді.
24. Тіркеу жарнасының мөлшерін іс-шара ұйымдастырушылары белгілейді.