Дарынды балалардың жеке тұлғаларына қойылатын педагогикалық талаптарДарынды балалардың жеке тұлғаларына қойылатын педагогикалық талаптар Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде мұндай мысалдар көп. Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды адамдардың өміріне бір сәт көңіл бөлсек., дарындылығымен жас кезінен көзге түскен.
Германияның любектік төрт жасар дарынды баласы Кристиан Гейнрих Хейнекеннің дарындылығы жұртты таң қалдырды. Ұстазы Кристиан Фон Шенах жазған “Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі” деген кітабы дарындлы бала туралы жазылған алғашқы кітап болды.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған заттардың көпшілігін айырып атайтын болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, математиканың 4 амалын мен есеп шығара алады, көп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады және мыңнан астам латын мәтелін білетін болған.1 Гейнрихтың даңқы әлемге жайылады. Дарынды баланы Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды бала төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болған. Сол сияқты Дюрер үш жасында өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазған.
Лист, Шопен мен Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға қатысқан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын грек тілдерінде өлең хазатын болған. Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінің салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты.
Сөйтіп әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастың арасында ашыпты. Кибернетиканың атасы Ноберт Винер бес жасында 18 жасар балалармен бірге оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері бар. Мәселен, Д. Байрон, Н. Дарвин, В. Скотт бала күндерінде түк білмейтін болған екен. Олардың көпшілігі өз уақытын бос өткізген. Олар өлең жазып, сурет салып, көбелек ұстап, коллекция жинаумен айналысқан.
Дарынды балалар Қытай тарихында да жиі кездесіп отырған. “Ертедегі Қытайда дарынды балаларды, “Шэнь тон”, яғни киелі бала деп атаған. Киелі балаларға байланысты ең ертедегі жазбалар Чуньцю Чжанго дәуірінде (б.д.б. 770 – б.д.б. 221) кездеседі.
Үш патшалық дәуіріндей атақты қолбасшы ЦаоЦао-өз перзенті Цао Чуннің тапқырлығына таң қалады. 5 жасар бала сыйға тартқан пілдің салмағын өлшейтін таразы таба алмай тарығып жатқанда, “Алдымен пілді қайыққа салыңдар, онан соң орнына тас салып, оны бөліп өлшесеңдер тілдің салмағы шығады” дейді. Сөйтіп Цао Чуннің тіл өлшеген әңгімесі ауыздан ауызға тарап, жұрт 5 жасар баланың талантына таң қалады.
Ойы кең дарынды бала еркін ойлайды. Мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Дарынды балалардың ойын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесінің маңызы зор. Бастауыш мектеп жағдайында бала ойлауы күрделі дамудан өтеді. Осы кезеңде дарынды балалардың ойлауын дамыту үшін мұғалім мынадай шаралар жүргізуге болады:
Балаларды белгілі ережелер жөнінде өз бетінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін сабақта эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыру қажет;
Баланың сөйлеу қабілетін дамыту, оның ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді;
Ойлау қабылдау мен елестердің негізінде жасалады. Сондықтан оқушыны сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына жағдай жасау керек;
Дарынды бала кеңінен ойлайтын болғандықтан бір мәселені бірнеше жолдармен шешуге бағыттап отыру керек;
Баланың логикалық ойын, шығармашылық ойын дамыта алатындай мүмкіндіктерді пайдалану керек.1
Дарынды оқушылардың ой-өрісі мен ойлау қабілетін дамыту үшін олардан ойланып-толғануды қажет ететін проблемалық ситуация тудыру қажет. Сол ситуацияға оқушы өзін қатыстыра отырып немесе терең ойланудың нәтижесінде шешімін табады.
Сұрақ қою оны дәл тұжырымдау, мәселені “ойда ұстай білу” сұрақты талдай білу және жинақтау, шығару тәсілі мен амалдың орталық түйінін табу. Жорамал жасау т.б. ойлау процесінде мәселелерді шешу үшін аса қажетті жағдайлар болып табылады.
Дарынды балалар жеке тұлғаның ерекшелігінде зейіннің алатын орны зор. Зейін туралы орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский былай дейді: “Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыс есігі болып табылады, егер ол есікке ілімнің бірде-бір сөзі с оқпай өтсе, онда баланың санасында еш нәрсе қалмайды. Демек, зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс.
Бала әрекетінің кез –келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Дарынды балаларда ырықты зейін басым болады. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор.
Бұл зейін түрі құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдық санада тез бейнеленуін, сөйтіп қабылдау процесінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді. Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқарумен көрінеді. Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау процесстері арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушы зейінін өзіне бағындырмаса, оның сөзі оқушы көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды.
Бір сөзбен айтқанда зейінсіз өткенсабақ, өзінің мақсатына жете де алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының үйке жүйесі әлі де болса қатая қоймағандығын ескеру қажет.
Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр жеңілдегі әртүрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру сияқты мәселелер зейін тәрбиесінің басты шарттарының бірегейлері.
Дарынды балалардың байқағыштығын арттыру – оның ой-өрісінің жоғары болуына септігін тигізеді. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі – ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастыру керек.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін, қимыл – қозғалыстарды, ерік-амалдары, немесе ерік деп атайды. Яғни, ерік адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Адам өз қажеттіліктерін өтеу барысына қимыл-қозғалысқа түседі.
Ол қозғалыстарды екіге бөлуге болады: бірі-ерікті қозғалыстар, екіншісі – еріксіз қозғалыстар. Ерікті қозғалыс мақсатқа бағытталған қозғалыстар, яғни күрделі шартты рефлекстер. Ал еріксіз қозғалыстар мақсат қойылмайтын қозғалыстар, яғни көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.с.с. Еріксіз қозғалыстар тумалық қасиет болса, ерікті қозғалыстар өмірде жүре-бара қалыптасады.
Ерікті қозғалыстарды орындау дегеніміз - еріктің ең қарапайым түрде сыртқа шығуы. Оқушылардың дарындылық дәрежесінің артуы білімдер мен ептілік дағдыларын игеруге тікелей тәуелді болады.
Дарынды балаларға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте, оқуда шаршап шалдығуды білмейді, басқа балалармен салыстырғанда интеллектілік деңгейі анағұрлым жоғары. Сол себептен де дарынды оқушыларды дамытуда олардың ерік-күшіне де көңіл бөлінуі керек. Нағыз ерік - саналы тәртіп бар жерде ғана көрініп отырады.
Дарынды балалар айнала қоршаған дүниені танып-юілуге күш-жігерін жұмсайды. Қоршаған дүние тиісті бір объектіге зейінін аудару, түйсіну, қабылдау арқылы санасында бейнеленеді. Белгілі бір объектіге зейінін аударады. Оны түйсіну нәтижесінде ол туралы мәлімет алады. Демек, қабылдайды да. Дарынды балалардың қабылдау ерекшелікетеріне көңіл бөлу керек.
Қабылдау – зат пен құбылыстың барлық қасиеттерінің біздің миымызды толық бейнеленуі. Қабылдау процесінде жеке элементтер бірігіп бейнеленетін заттарға біртұтас құрылымдық сипат беріледі. Қабылдау – түйсіктердегідей бір ғана анамезатордың қызметі емес, бірнеше анализатордың өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.
Кейбір оқушылар қабылдау кезінде заттың өзіне, жеке тұрқына, сырт көрінісіне көңіл аударады. Ал дарынды оқушылар сол заттың мән-мағынасына көз жібереді, қабылдағанын жан-жақты етіп түсіндіре алады. Кейбір оқушылар затты тұтастай қабылодай алмайды, немесе нәрсенің жеке жақтарын қабылдай алады да, оның тұтас зат екенін ұмытады.
Мәселен, оқушы кружканың суретін салғанда тұтқасын шамадан тыс үлкейтіп жібереді, ал үйдің суретін салғанда есік, терезесі еденінен төбесіне дейінгі жерді алып жатады.
Дарынды балалардың қабыладу санасында мұндай қателіктер кездесе бермейді. Баланың белсенді қабылдауын дамыту керек. Байқаудың белсенді жүріп отыруына “Сезім мен қызығу” жақсы әсер етеді. Бала бұрын қабьылдаған заттар мен құбылыстарының бейнесін санасында қайтадан бейнелетеді. Олар болса бұл ес процесінде бейнеленеді.
Есте ұстау (сақтау) дегеніміз – естіген, көрген, оқып-білген, өз өмір тәжірибесінде өткерген дүниелердің мерзімді уақыт өткен соң адамның санасында қалуы, қайта жайңғыртылып бейнеленуі. Оқу жұмысы – оқушының саналы ақыл-ой әрекеті. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда ғана еске сақтау саналы да ұзақ болады.
Оқушы білім - дағдыларының саналы да тиянақты болуын қамтамасыз ету үшін мұғалімге қойылатын талаптың бірі – есте сақтау процесінің физиологиясын білу. Есте сақтау ми қыртысында уақытша байланыстардың пайда болуына байланысты. Есте сақтау арнайы есте сақтау және еріксіз есте сақтау болып екіге бөлінеді. Арнайы есте ұстау арнаулы әдіс-тәсілдерді қажет етеді, оны тоздыратын тиісті мотивтер болады. Қандай да объектіні әдейілеп есте сақтау үшін тиісті шарттар орындау керек.
Айналадағы өмірдің түрлі көріністері ешқандай амал-тәсілсіз, сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Бұл еріксіз сақтау деп аталады. Дарынды балалар есінің дәлдігі жөнінен ажыратылады.