Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар



бет1/2
Дата07.06.2023
өлшемі25,97 Kb.
#99424
  1   2
Байланысты:
Әдістемелік бөлім (мұғалім үшін)


Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар
Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақ мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.
Өкінішке орай, дарынды баланы анықтау, оның қабілетін дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін нақты әрі мақсатты қарастырмаған.
Мектепке мұғалімдер мен психологтардың дарынды оқушылармен жұмыс істеу тәжірибелері жеткіліксіз. Дарынды оқушыны анқтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбірмұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды. Ал бұл дарындылық мәселесін шешуге қиындықтар туғызады.
Сондықтан арнайы дайындықтан өтпеген мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:
- көптеген жағдайда олар дарынды оқушыларға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі жан дүниесіне үңіле алмайды;
- тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі, себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;
- дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кешенді диагнотикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауға төмен нәтижелер көрсетеді;
- олар дарынды оқушымен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасаған күннің өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жіберіледі;
- дарынды оқушылар мұндай мұғалімдер үшін тек қана оқу жағынан ғана емес, сонымен қатар тәрбие саласында да қиындықтар туғызады;
- олар оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді.
Ал біліктілігі жоғары немесе арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер өзінің мынадай қасеттерімен ерекшелінеді:
- дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады;
- олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс істеуіне, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңестер бере алады;
- жұмысқа қажетті материалдар мен тиімді әдістерді таба біледі және жұмыстың мақсатын нақты қоя алады;
- оқушыға дұрыс бағыт-бағдар беру арқылы оның ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуына көмек жасай алады;
- педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір-бірімен байланыстыра алады;
- дарындылықты анықтауда оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді қолдана алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет