Зерттеу жұмысымның мақсаты: «Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтап, шығармашылық қабілеттерін дамытып, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»
Міндеттері: 1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;
4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
5.Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.
Күтілетін нәтижелер 1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар саны артады
2. Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемі «білім» категориясы секілді мағынада көтеріледі.
3. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог саны артады.
4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымы кеңейтіледі.
5. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады.
6. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігі арттырылады
7. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесі жасалады
8. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологиялары жоспарланады және жіктеледі.
Жұмыстың нәтижелі болуы әр дарынды оқушымен тікелей жұмыс жүргізуді талап етеді. Бұл кезеңде дарынды балалармен жүйелі және мақсатқа бағытталған жұмыстың келесі бағыттарының іске асырылуы қарастырылады:
Үйлестіруші бағыт: Әр дарынды балаға тәлімгерлік жүйесінің енгізілуі. Әр оқушының қабілеті анықталап, бағытына қарай белгілі бір мұғалімдерге жұмыс жүргізу тапсырылады.