Байланысты: Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары
1-кезең – дайындық Мақсаты: Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.
Міндеттері: - Нормативті негізді үйрену.
- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.
- Міндеттерді үйлестіру
- Жұмысты іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқында болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы обьективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.
Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдану да және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалау да маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.