Сабақтың ортасы
25 мин
|
Аэробика элементтері бар гимнастика
(С, Ж, К, ҚБ) Оқушылар сымбаттылықты нығайту үшін жаттығулар кешенін орындайды.
Барлық оқушылар мұғаліммен бірге тақпақты айтып, жаттығуды қайталайды:
(Денені оң жаққа және сол жаққа айналдырады.)
(Бір қол жоғары, екіншісі төмен, екпінмен қолдар ауысады)
(Денені айналдыру.)
(Орында тұрып секіру.)
(Екі қол кеуде тұсында, қолды сермеу.)
(С, Ж, К, ҚБ) Оқушылар шыдамдылыққа арналған жаттығулар кешенін орындайды.
1) 1 - оң аяқпен алға адым, қол иыққа бүгулі; 2 – сол аяқты жақындатып жартылай отыру, екі қол төмен; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде басқа аяқпен; 5 – 8 – санауды қайталау 1 – 4. 12 рет қайталау.
2) 1 – 2 – солға бұрылып, оң аяқпен артқа ұмтылу; оң қол басқасымен жанына алға; 3 – 4 – оңға бұрылып, сол аяқпен артқа; сол қол басқасымен жанына; 5 – 8 – санауды қайталау 1 – 4. 10 рет қайталау.
3) 1 – сол аяқта жартылай отырып, оң аяқпен жанына сермеу, қол жанында; 2 – негізгі тұрыс; 3 – оң аяқта жартылай отырып, сол аяқпен жанына сермеу, қол жанында; 4 – негізгі тұрыс; 5 – 8 – қайталау, 1 – 4 санау. 8 рет қайталау.
4) 1 – сол аяқта жартылай отырып, оң аяқ жанына-алға бүгіп сермеу, қол иыққа бүгулі; 2 – аяқ екі жаққа, қол төмен тұру; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде – келесі аяқта; 5 -8 – қайталау, 1 – 4 санау, 8 рет қайталау.
5) 1 – оң аяқпен бір адым артқа, қол иыққа бүгулі; 2 – сол аяқты жақындатып, жартылай отырып, қол төмен; 3 - 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде келесі аяқпен, 5 – 8 – қайталау,1 – 4 санау. 8 рет қайталау.
6) 1 – 2 – оң аяқпен артқа ұмтылу, екі қол әр санға алға, жанына бүгіледі; 3 – 4 – оң аяқпен артқа ұмтылу, екі қол әр санға алға, жанына бүгіледі; 5 – 8 – қайталау 1 – 4 санау. 8 рет қайталау.
7) 1 – сол аяқта жартылай отырып, оң аяқты артқа бүгу, қол жоғары; 2 – аяқ екі жаққа, қол иыққа бүгулі; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде – келесі аяқпен; 5 – 8 – қайталау 1 – 4 санау. 10 рет қайталау.
8) 1 – сол аяқта жартылай отырып, бүгілген оң аяқты алға сермеу, қол жоғары; 2 – аяқ бірге, қол екі жаққа бүгулі; 3 – 4 – дәл солай, 1, 2 дегенде – келесі аяқта; 5 -8 – қайталау, 1 – 4 санау, 10 рет қайталау.
Қ.б-ға арналған тапсырма
Аэробика элементтері бар гимнастикалық жаттығуларды орында.
Жаттығудың денсаулыққа қажеттілігі мен маңыздылығын сыныптастарыңмен талқыла
Дескриптор. Білім алушы
- аэробика жаттығулар топтамасын орындайды;
- жаттығулар кешенінде құралдарды тиімді пайдаланады;
- жаттығулардың қажеттілігі мен маңыздылығын талқылайды;
- жаттығулардың реттілігін, орындалу ерекшеліктерін, пайдасын көрсетеді.
|
Үлкен, ашық кеңістік, ысқырық, секундомер, бор, конустар.
Аэробика әдістемелік құралына сілтеме:
http://herzen-ffk.my1.ru/_ld/0/55_itmo175.pdf
Аэробика әдістемелік құралына сілтеме:
https://elib.gstu.by/bitstream/handle/220612/1721/muk304%D1%8D%D0%BB.pdf?sequence=1&isAllowed=y
Үлкен, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор, конустар.
Әуендік кешен.
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
|
Өз сабағыңызды талдау.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.
Жаттығуларды жасай білді. Ойын ережелерін түсінді, ойнай білді.Сабақ түсіну, білу қолдану мақсаты бойынша берілген деңгейлі тапсырмаларды орындады
Сабақ қызықты, жоғары деңгейде өтті.
Қосымша деңгейлік тапсырмалар орындалды.
Уақыт дұрыс пайдаланылды.
|