Дарынды оқушылармен жұмыс


Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек



бет3/7
Дата09.03.2022
өлшемі38,98 Kb.
#27270
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
000362c7-82a16e45

Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:

  • Жас ерекшелігі

  • Тұлғалық ерекшелігі.

  • Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.

Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу

2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту

3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту

5. Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру

6. Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту



Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

- пәнге терең қызығушылығын арттыру;

- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;

- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

- білімнің бағасын арттыру;

Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.



Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру

І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)

1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.

2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.

3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.

4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)

5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)



ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

1. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу.

3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)



4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет