ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Міндеттері:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау;
Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету
Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады;
Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі;
Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті;
Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы;
Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: |