Исландиялық жылқылар Ақпараттық мәтін 870 жылдың жазғы түндерінің бірінде викингтердің бір тобы жаңа үй табу үшін Норвегиядан алыс кетті. Викингтер, Еуропада бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген адамдар. Оларды бұл саяхат жансыз аралға әкеледі,казіргі кезде ол Исландия деп аталады.
Осы Викингтер Исландияға ауыр,ағаш,жүк кемелермен келіп жетеді. Викингтер бұл кемелерді жылдам , әрі жеңіл әскери кемелердің орнына пайдаланды, себебі олар тірі жан жоқ аралда өмір сүруге қажетті заттардың барлығын алуға мәжбүр болды.
Бірақ, олардың кемелері кішкентай еді. Ұзындығы 16 метр, ол 3 машинаның ұзындығымен бірдей болды.Олар өз жүктерін мұқият таңдауға мәжбүр болды.Ең маңыздысы-жылқыларын алды.Жылқылардың биіктігі 135сантиметр ғана,ол машинаның биіктігімен бірдей:бірақ,олар ересек адамды көтере алады.
Көптеген викингтер аралға келе бастады.Жақын арада ол жерде өз жылқылары, қойлары және ірі қара малдары бар 60000жуық қоныстанушылар болды.
Бұл жаңа жерге викингтердің жылқылары тез үйреніп кетті. Ол жерде оларға қауіп төндіретін үлкен жануарлар болған жоқ.Көп ұзамай, Исландияда мыңдаған жылқылар пайда болды.Негізінде, олардың көп болғаны соншалық, олар түгелге жуық ағаштар мен бұталарды жеп қойды. Нәтижесінде,бұдан былай жылқыларды аралға әкелуге тыйым салатын заң қабылданды.
Тұқымындағы дарасы Исландиялық жылқылардың басқа жылқыларға ұқсамайтын ерекше төрт қасиеті бар. Осы төрт қасиеттің жиынтығы исландиялық жылқыларды шынымен де тұқымында дара етеді.
Мықты және төзімді Қоныстанушы викингтер заманынан бастап, қазіргі уақытқа дейін исландиялық адамдар өмір сүру үшін өздерінің жылқыларына тәуелді болды.Исландиялық жылқылар мықты болды. Жылқылар жер жыртты, ауыр жүктерді тасыды және терең мұзды суларда өздерінің үстіндегі шабандоздарымен судан жүзіп өтті.Оған қоса,Исландияда қашанда жанартаулар көп болған. Жылқылар мұздай және қатты лава басқан далалармен жүруге мәжбүр болған. Олар мұзды далада және таулармен жоғары-төмен жүрді Бұған жылқылардың аяқтары нық тұруы керек болды.Викингтер мықты және төзімді жылқыларды қатты құрметтеді. Ол ешқашан қалдырып кетпейтін серік, әрі дос болды.