Дастан және Грифон



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі27,93 Kb.
#128179
1   2   3   4   5
Байланысты:
пирлс м?тіндер

Пемба Шерпа
Әдеби мәтін
Менің атым Пемба, мен Шерпа ұрпағынанмын.
Шерпалар – жолбасшылар ретінде өз істерімен бүкіл әлемге танымал адамдар. Олар альпинистерді Гималай тауларының шыңын бағындыру үшін бастап жүреді.
Кез-келген басқа ұл бала сияқты мен ауылымда жолбасшы болуды армандаймын.
Бір күні таңертең, мен мектепке отын апару үшін ерте тұруым керек болды. Менің қарындасым Ян Ки де барғысы келді.
«Отын апару үшін сен тым кішкентайсың», - дедім мен оған.

1.Пемба не туралы армандады?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Неге Пембаға ерте тұру керек болды?
А)Ян Киді қарау үшін
В)мектепке бару үшін
С)тауға шығу үшін
Д)отын апару үшін

Ян Ки тыңдамады. Ол айтты: «Отынды мен апарамын, өйткені өскенде жолбасшы болу үшін мен күшті болуым керек».


Мен күлдім. «Қыздар жолбасшы бола алмайды!»
Ян Ки күлген жоқ, «Мен де сен сияқты Шерпамын», -деді қайталап. Мен жолға түсе бастадым.
Мен тік, тар жолға жеткенде артымнан бір дыбыс естідім. Ян Ки менің артымнан келе жатты!
«Қайт! Сен менімен бірге бара алмайсың!»-деп мен оған айғай салдым.

3.Неге Ян Ки отын апарғысы келді?


А)өз ағасына көмектесу үшін
В)от жағу үшін
С)күшті болу үшін
Д)уақытты көңілді өткізу үшін
4.Ян Кидің қандай сөздері Пембаны күлдірті?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Пемба Ян Кидің артында келе жатқанын қайдан білді?


А)Ян Ки отын апарғысы келді
В)Ян Ки оған айғайлады
С)Пемба дыбыс естіді
Д)Пемба оны көрді
Мен бұрышқа қарай асықтым. Кенет жартастан асып көшкін құлап түсті. Мен көшкінде қалдым және төмендегі терең арнаға құладым.
Мен тоқтай алмай арна жаққа қарай құлай бастадым. Менің саусақтарым жерді тырналай берді. Мен ағаштың тамырын көрдім де, оны ұстай алдым. Ұстап алдым да, мен шеттен сантиметрдей жерге ғана тоқтадым.
Мен төменге қарауға қорықтым.

6.Пемба неліктен құлады?


А)Пемба көшкін себебінен құлады
В)Пемба Ян Киден қашып бара жатқанда.
С)Жол тым тік және тар болды
Д)Соқпақ жолды тастар мен балшық жапқан.

7.Пембаны шеттен құлаудан не тоқтатты?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8.Пемба неге төменге қарауға қорықты?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дәл сол кезде мен шу естідім. Бұл бамбуктың ұзын таяғын әкеле жатқан Ян Ки болатын. Ол ақырын, абайлап үлкен ағашқа қарай төмен қарай түсіп келе жатты. Ол өзін ағашқа бекітті де, маған бамбук таяғын созды.
Ян Ки бір жақ шетін екі қолымен ұстап тұрды. Мен тез тартылдым да, Ян Ки менің салмағымды ұстай алатынына көз жеткізгеннен кейін, таяқтың екінші жағын ұстадым. Ол мықтап тұрды, мен одан сайын тартылдым.
Мен жоғары қарай өрмелей бастадым.
9.Ян Ки ұзын бамбук таяғын неге алды?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10.Ян Ки неге ақырын және абайлап жүрді?
А)Таяқ ауыр болды
В)Ол өте үлкен болмады
С)Ол төмен қарауға қорықты
Д)Жер мен тастар тайғақ болды

11.Пемба өрмелеп шықпас бұрын алдымен не істеді?


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Менің аяқтарым сырғанақ жерде тірелу үшін тырмысып келеді. Мен Ян Киге қарадым және қаттырақ тарттым. Оның жіңішке қолдары таяқты бір жерде ұстап тұрған болат сақина сияқты болды. Ақыры, мен оған жеттім.


Сол кезде мен тобығымның ауырғанын сездім. Мен тұруға тырыстым, бірақ мен жерге құладым. Мен мектепке арналған отынды қалай аламын?
«Осы жерде отыр және тобығыңды демалдыр», -деді Ян Ки.
Мен оған алғыс білдірейін деп бұрылдым, бірақ ол кетіп қалды! Мен өзімді шарасыз сезіндім. Мен ештеңе істей алмадым, бірақ күттім.
Бұл Ян Ки қайтып келерден біраз бұрын болды. Сосын мен оның –отынның үлкен жүгін әкеле жатқанын көрдім.

12.Неге ол Ян Кидің қолдары болат сақинаға ұқсайды деді?


А)Оның қолдарының жіңішке екенін көрсету үшін
В)Оның қолдары қаншалықты күшті екенін көрсету үшін
С)Оның қолдарында білезіктер бар екенін көрсету үшін
Д)Оның қолдары таяқтың айналасында екенін көрсету үшін

13.Пемба неге жерге құлады?


А)ол отынды жоғалтты.
В)ол мектепке кешігіп жатты
С)ол тобығын ауыртты
Д)ол өзін шарасыз сезінді

14.Неге Ян Ки Пембаны қалдырып кетті?


А)отынды алып кету үшін
В)Пембаға демалуға уақыт беру үшін
С)мұғалімді алып келу үшін
Д)Пембаның достарына айту үшін

Мен сол кезде әрі мақтандым, әрі ызаландым. Мектепте менің достарым, қарындасымның отынды әкелгенін біліп қояды деп ойладым.


«Менің орныма отынды апаруыңа мен жол бере алмаймын!». Мен ашуландым.
Ян Ки жауап берді: «Қандай жағдай болса да, мен апарамын. Бүгін мен сенің жолбасшыңмын».
Мен ештеңе істей алмадым.
Мен ақсаңдап, Ян Ки жолбасшымның артынан жүрдім. Мен қатты шаршадым, бірақ біз мектепке жеткен кезде, өзімнің кішкентай қарындасыммен мақтандым.
Менің қарындасымның ерлігі туралы әңгіме айналаға тез тарады. Содан бастап мен Ян Кидің жолбасшы болатынына еш күмәнданған жоқпын. Бұрын мен, жолбасшы болып жұмыс істеу үшін қыздар тым әлсіз болады деп ойладым. Бірақ менің қарындасым менің пікірімді өзгертті.

15. «Мен сол кезде әрі мақтандым, әрі ызаландым». Неге екенін түсіндіру үшін, төмендегі екі сөйлемді аяқтаңыз.

Пемба мақтанды, өйткені
____________________________________________________________________________
Пемба ызаланды, өйткені
____________________________________________________________________________
16.Пемба оған ашуланғанда Ян Ки не істеді?
А)Ол оның өтініші бойынша жасады
В)Ол өкінішті екенін айтты
С)Ол оның сөздерін елеген жоқ
Д)ол ренжіді
17. «Бүгін мен сенің жолбасшыңмын».
Неге Ян Ки ағасына осылай айтты?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________
18.Барлық оқиға туралы ойланыңыз.
Ян Ки Пембаның пікірін қалай өзгертті?
Ян Ки жасаған екі әрекетті жазыңыз.
1.___________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________

19.Сіз Ян Киді әрекетіне қарап, оның қандай екенін білдіңіз бе?


Ян Ки қандай екенін сипаттаңыз және оқиғадан осыны көрсететін мысал келтіріңіз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет