Дастандағы Батыр Баян бейнесі мәтін бойынша



Дата03.12.2023
өлшемі12,92 Kb.
#134036
түріПоэма
Байланысты:
баянбейнесімәтінбойынша


Дастандағы Батыр Баян бейнесі мәтін бойынша
Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, “Батыр Баян” атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Дастанда батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет