«Шұғаның белгісі»
Шығарманың тақырыбы: әйел теңсіздігі
Шығараның басында табиғатты суреттейді. «Солдан соққан салқын жол» деген сөйлемнен ақ біз шығарманың қайғылы оқиғамен аяқталатының біле аламыз.Екі жолаушының әңімесінен басталады. Ол Бейімбет пен жолдасы Қасымжан Ерекең ауылынан шыққан.Жолдасы жолдың жайын түсіндерген кезде «Шұға белгісі » жайлы айтып, ол не екенің сұрап жол қысқарсын деген мақсатпен әңгімеге тартады. Жолдасы Шұғаның белгісі.
Есімбек деген байдың төрт баласы және бір сұлу қызы Шұға болатын. Шұға сол ауылдың қыздарынан ерекше мінезді, ақ құба, көзі қара, келбетті, жүрген жүрісі паң, үріп ауызға салғандай. Ауылдың балалары түгел осы Шұғаның үйінің қасында жүріп, хатта жазушы еді, бірақ Шұға оқымай жыртып тастайтын. Бұл хатты жеткізуші Қасымбайдың інісі Базарбай еді.Базарбай Есімбектің қойын бағатын қойшы еді. Қасымбайдың құраса Кәрім Шұғаға хат былай деп жазады екен...
«Қаладан алып келген боз белбеуім,
Болса да жаман, жақсы өз белбеуім.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмейсің аман, көз көргенім.
Бұл жерде ақын құрадас арасындағы ойынды көрсетеді, Қасымбай оқып Шұға болып жауап жазып жібереді екен.
Ақын қазақ халқының он үште отау иесі болғаның көрсетіп өтеді және құрдас арасындағы атастыру салтын суреттеген. « Бірімізден ұл, бірімізден қыз туса, екеуміз құда болайық»
Шұғаны он алты келгенше тұрмысқа бермеген екен, себебі оны Есімбек жас кезінде Қали құрадасымен сөз байласқан екен. Есімбек үйнде ас беріледі. Осы асқа Әбірахман келеді. Әбірахман Қазақбай дейтін кедейдің баласы. Қой бағып жүріп учителден орысша хат танып, төрт жылдық оқуды біріп алған.
Шығармада сол кездегі орысса оқығандарды оңша ұнатпайтын, оларындың кәпірленіп кетті деген түсінік болған оны мына жолдан көреміз....
« Оқығандар анау оқығандар мынау» орыстың кәпірін үйренгендер, Әбірахман бұзылған» немесе орысша оқыған дінсіз неме.
Есімбектің үш баласы үйленген, біреуі бойдақ еді. Ең кіші келні Зәйкүл Қаржаудың қызы.Күйеуі Ыбырай тым момын. Осы тұста Қасымжан Зәгүлмен көңіл қосқаның айтады. Зәкүл Шұғаның жеңгесі үнемі бірге жүретін.Әбірахманға Айнабайдың қызы Күлзипа ғашық болып жүреді. Қазақбай шөбі таусылып Айнабайға келгенде, теген шөп бері, ас асып құда болайық деген екен. Ел адамдары Әбірахан келгенде күйеу деп айтатын еді.Әбірахман оны сүймейтін білдіреді « Тіпті сүймеймін, сүймеген адамды не қылам»
Автор бұл оқиға арқылы жастардың өз сүйгеніне қосылмай, әкелері мал берісіп серттескендігін көрсеткісі келеді. Ғашықтардың бос бостандығын жоқтығын көре аламыз.Ұлттық ойындардың бірі «Алтыбақан» жайлы да ауыл көрнісін, жастардың таң атқанша ойын сауық құруын әсем суреттейді.
Кеше ауыл ұйықтағанда ауыл жастары бас құрып , алтыбақан құрады. Бұл жиында Шұға да, Күлзипа да бар еді. Әбірахман Күлзипаның бар екенің естігенде кеткісі келеді. Жолдасы алып қалады. Сол кезде алтыбақанда Шұба ән салады. Әбірахман да домбырасымен ән шырқап таң ата бастағанд Әбірахмен Шұғамен сөйлспек болады.Шұға қарсылық білдіргендей болып кетіп қалады. Жеңгесі Зәкүлге Әбірахманың Шұғада ойы бар екенің айтады.
Әбірахман Шұғаға ғашық болады.Ғашықтығын өлеңмен жеткізеді. Екеуі ұзақ уақыт хат алмасып тұрады. Кейінен бұлардың көңіл қосып жүргенің ел біліп. Айнабай Есімбекке хат жазады,қызың бүлінейн деді деп. Есімбек естіп ызаланады. Айнабай Әбірахманға жалған жала жабады. «Түріктерге жасырын ақша жинап жүр» деп арыз жазады. Старжик келіп болыстыққа алып кетеді. Әбірахман Есімбектің ауының жанынан өтіп Шұғаны көргісі келеді. Кейін Шұға жеңгесімен су алып келе жатады. Оларды көріп қайда жара жатқандығын сұрайды. Айдауға кетіп бара жатқаның айтқандай көзінен жас сорғалап ағады.Қош деп қоштасады. Кейін Шұға сүйгенің сағынып тамақ жеуден бас тартып, ауыр дертке шалдығада. Әбдірахан келгенде Шұға өлгенің естіртеді. Шұға өлер алдында Әбірахманға хат жазады. Содан бәрі бұл Шұғаның белгісі атанған екен.
Қорыта келе автор қазақ әйелдерің теңсіздігің. Сүйгеніне қосыла алмай оқиғаның қайғылы аяқтайды. Кедей мен бай арасындағы тенсіздік, жалған жала жаубы және атастыру сияқты өзекті мәселелерді көрсеткені белгілі.
Раушан коммунист Қазақ әйелінің еркіндікке ұмтылуы, абыройын қорағау арпалысы суреттеген. Раушан оқыған қыз. Шығарманың басында автор жылдың сауық желді күз мезгілін суреттейді. Ауыл әйелдері сабын дайындап жатады. Айнабайдың Зейнебі сабын былғап жатыр, екер сабын дайындалса әйелдер үйлеріне асық. Ұлан ақыр заманың күні де жел түні де жел деп айтады.
«Майдан» драмасы 1930 жылы жазылған. Автор пьессада ұжымдастыру науқанының қазақ еліне әкелген зардабын суреттейді. Басты кейіпкерлер:
Досан - белсенді партия мүшесі
Пүлік -Досанның әйелі,өркөкірек, кербез әйел.
Орынбай- ауылдың хатшысы, белсенді.
Бекболат -бай, атқа мінер, айлакер.
Мамық- оның әйелі өсекші, айлакер.
Әліш - кедей, алаңғасар,сенгіш.
Зәуре- оның әйелі, белсенді, партия мүшесі.
Ауыл адамдарын жаңа іске жұмылдыру, олардың санасын коммунистік рухта тәрбилеу көрніс табады. Шығарманының басында қыс мезгілі және кедей отбасының үйі суреттелген. Пүліш «Кедейдің қатынысын ғой, саған жөнделіп не керегі бар» деуінен ақ біз кедей ауылдың көрнісің елестетеміз. Пүліштің мінезін автор осы шығарманың басынан көрсеткен.
Пьессада ұнамсыз кейіпкерлер Бекболат және оның әйелі Мамық, Көдебай. Бұлар кедей әрі жуас адамдарды бар айласымен алдап, тіпті ұрыстырыпта қояды. Мамық ең алдымен Пүлішті күйеуі Досанға айдап салады. Момын, аңқау Әлішті әйелінді ұстай алмайсын, олардың жаман іс істеп жүргенің айтып азғырады, талай рет ұрыстырп қоятын. Зәуре кеңес белсендісі, ақылды, ұстамды, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын әйел.
Досан аз оқыса да біраз хат таным үйренген, колхоз басқармасының төрағасы. Алғашында ол Пүліштен жасырын жұмысын атқарып жүреді. Осы жолы айтуға шешім қабылдайды. Себебі, ұжысдастырған кезде малды да бірлестіру керек еді. Оны Пүліштің де білуі тиіс. Ол колхозға Досан Қалабаев «бір сиыр,бір ат бар» деп жаздырған.Пүлішті азғырып жүрген Мамық болатын.
Автор қолдан жасалған тап тартысы, ауыл адамдарының ішіндегі айла, арамылықты көрсеткісі келген.
Мамық колхозды «салқоз» деп түсінгенің көре аламыз. Пүлішке салқоз болғандардың нөмірлейді, сауырларына таңба бастырады, нөмері тура келген еркек пен әйел жүре береді деп калхоздың жайын түсіндіреді және күйеуін онда жібермеуін сұрайды.
Бұл көрністен біз колхоз туралы түсініктің дұрыс болмағандығын көре аламыз.
Осы колхоздың кесірінен аш болдық деп те сөкендер бар. Оның бірі Қалампыр «Бала шағаның ашығып отырғаны анау, какоз қарық қылды, берді әбден» Көдебай мен Бекболат Досанды жамандашушы колхозға қарса адамдар екенің көре аламы....
Көдебай «Сол шаршамайтын ит, қайдағыны тауып алады, Досан бәрінен де қауіпті адам.
Әліш өзің адам қылған Досан мен Зәуре екенің айтады. « Партияға кіретін болдым, жаз арызды» - десе әйелі қуанатының айтып тұрған кезде оны Демесін мылтықпен желкесінен салып жібереді. Оны көрген Пүліш болатын. Пүліш Досан менен көрмесін деп қорқып кетеді.Досан келіп майдан деген шың екен - деп біраз отырып Зәуре, Орынбайларды шақырады.
Осы тұста автор байлар мен кедей араcындағы, қазақ ішіндегі ұжымдастырудың зардабынан, бірін-бірі өлтіруге дейін барғандығын көрсетеді. Қазақтың «майданы»
Зәуре жылап, құрбан! тап күреснің құрбаны. Адасып ең жолынды енді тауып ең, «Ақтым қаным қалғанша байлармен стоғысып өлем деп ең» - деп қайғырады.
Демесін, Мамық келіп, ақыры өлтірді ме сені де - деп кіндікті көреді. Ол кіндік Досандікі еді, Досанға Демесін жала жабады. Досан ақталады. Пүліш өзінің алданғаның сезіп, қайнағасының өтірік айтып жүргенің ұғады, қалай да болса Досанды құтқарып алғысы келеді, себебі Пүліш куәгер болатын. Шығарманың соңында Пүліш бәрін мойындайды, қателескенің түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |