Дауыссыз дыбыстар



Дата24.11.2023
өлшемі0,78 Mb.
#125317
Байланысты:
дауыссыз дыб



Дауыссыз дыбыстар 
(Kонсонантйзм)
Орындаған: Шаймерден.Н
Дауыссыз дыбыстар (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 20 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі:
а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды.
ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады.
б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды.
в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Жалпы түркілік консонантизм мынандай принциптер бойынша әр түрлі топтарға жіктелуі:
  • Жасалу орнына қарай – еріндік, тіс, тіс – ерін, тіл арты, тіл алды, көмей, тіл ортасы.
  • Дауыстың қатысына қарай – үнді, ұяң, қатаң.
  • Айтылу жолына қарай – шұғыл, ызың.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.
дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
Х, ц, щ, ч, һ дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып саналады.
Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды.
Б, г, д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды.
В, ц, ч дыбыстары орыс тілі арқылы енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.
Ә.Жүнісбек еңбегінде дауыссыз дыбыстар төмендегіше жіктеледі: 1. Дауыс қатысына қарай: а) қатаң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі тербелмейді (п, қ-к, с, ш); ә) ұяң дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі (б, д, ғ-г, з, ж); Б) үнді дауыссыз дыбыстар жасалғанда дауыс желбезегі мол тербеледі (м, н , ң, р, л, и, у); 2. Жасалу орнына қарай: а) ерін-ерінлі дауыссыз дыбыстар ерін мен еріннің тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (п,б,м,у); ә) Тіл ұшы дауыссыз дыбыстар тіл ұшы мен қызыл иектің тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (т ,д, н, с, з, р, ш, ж, л); б) Тілшік тіл ортасы дауыссыз дыбыстар тілшік (тіл ортасымен) мен тіл түбінің (таңдайдың )тоғысымы (не жуысымы) арқылы жасалады (қ(-к), ғ (-г), ң, и); 3. Жасалу тәсіліне қарай: а) тоғысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен тоғысымы арқылы жасалады (п, б, м, т, д, н, қ-к, ғ-г, ң); ә) жуысыңқы дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жуысымы (с, з, ш, ж, й, у, ғ-г, діріл жуысымы – р, жанама жуысымы – л арқылы жасалады); Дауыссыз дыбыстар дәстүрлі фонетикада тірек дауыссыздар (негізгі аллофон) ретінде дауыссыздардың тек жуан езулік үндесім варианттары алынып келгені аян. Осы мәселені ескерте отырып, Ә.Жүнісбек дауыссыздарды үндесім ерекшелігіне қарай қарастырады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет