Даулетова Меруерт Сериковна Тексерген: Каргаев Кайрат Абсултанович Алматы 2023 Тақырыбы №15. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы



Дата25.03.2023
өлшемі32,16 Kb.
#76165
түріБағдарламасы
Байланысты:
Мәдениеттану 15 СӨЖ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және
Әлем Тілдері Университеті


Факультет: «Шығыстану»
Мамандық: «Шығыстану»
Топ: 124
CӨЖ тақырыбы: «Мәдени мұра»
Орындаған: Даулетова Меруерт Сериковна
Тексерген: Каргаев Кайрат Абсултанович

Алматы 2023


Тақырыбы № 15. «Мәдени мұра»
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.

Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Сонымен бірге, әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын паш етеді. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ. Республика тәуелсіздік алғаннан кейін толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.

Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған. Бағдарлама халықтың гуманистикалық курсы және потенциалын көрсетіп, оның тарихи тәжірибесін байытып, болашақтың сенімді тірегі болмақ.

Қазақстан тарихында гуманитарлық акция ретінде жүргізілетін «Мәдени мұра» бағдарламасы бұдан әрі қарыштап дами бермек.


«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылды. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу. Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
Жұмыс бағыты: бағдарлама төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: -ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; -археологиялық зерттеулер; -қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар; -ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
Зерттеу жұмыстары • 2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған. • Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.). • Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 нысан) және жергілікті (11 277 нысан) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды. • Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы керек уақытында ұсынылды. Казіргі біздің тарихи даму кезінде бұрын-соңды болмағандай өзіміздің тарихымызды білуіміз қажет. Әсіресе қазіргі замандағы жастарға. Бағдарламалар көп болғанымен, олардың біреуіде «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен салыстыруға келмейді. Сол бағдарламаның ерекшелігі, үлкен іске ортақтастық. Әр адам өзінің үлесін қоса алады. Ол біреуге көмектесіп, әлеуметтік бағдарламаларда, қолдаушылықта және тағыда басқа қоғамдық жұмыстарға қатысудан басталады. Соған қатысты көптеген мысалдар бар. Адамдар адал ниетті жекеше бастамадан бастап, жастар өзінің рухани жаңғырғаның көрсетеді. Жаңғыру дегеніміз- даму режимі. Бұл режимде қоғамның саяси жүйесі үздіксіз кемелденіп отрады. Онда жаңғыру тенденциясы басым болады. Ол жеткілікті түрде белсенеді жаңғыруларды қабылдайды. Рухани жаңғыру дегеніміз мемлекет қаржысына уәлаят аралап, шетел аралап бой жазып, көзге түсіп көңіл көтеріп қайту емес деп отырған себебіміз де осы. Тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы қаны мен терін қоса төккен қазақ халқы тек қарнымыз тоқтығына мәз болып ұрандата берейік деген жоқ. Қазақ ұрпағымыздың ұлттық рухы, ұлттық тілі, ділі ең болмаса өз елінде әуелеп тұрсын деп, рухымыз азат, өзгелермен тереземіз тең ел болсақ деп аңсап еді ғой! ... Рухани жаңғыру – діні бөлек, тілі бөлек, салт-дәстүрі бөлек, бай елдерге еліктеу емес. Әттең, қазақ билігіндегілер осыны да түсінгісі келмейтін сияқты. Олар аузын ашса «Еуропада өйтеді, Ресейде бүйтеді» деген сияқты есірме ермеліктен шыға алатын түрі жоқ.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 12 сәуір 2017 жылы қалың бұқараға жол тапқан еді. Бір жыл уақыт аралығында Елбасы басты мақсат еткен бағыттарды орындау аясында кең ауқымды жұмыстар атқарылды. Білім ошағында білім мен тәрбие саласының басты бағыт ұстанымы – жас буын жастар. Иә, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім, әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашан да өзекті мәселе болып келген. Сондықтан Президент ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы – бала тәрбиесіне жауапты мамандардың басты бағдарына айналуы заңдылық. Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол Ұлы Дала елінің бойында қалғып кеткен құлдық сананы ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелді. «Ұлттық код», «білім культі», «эволюциялық жол» жаңғыру терминдерін көпке жол сілтеуші темірқазыққа айналдырды.
Рухани жаңғыру аясында Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақаласында айтып кеткен еді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақ тілі әліпбиінің тарихы тереңнен тамыр тартатынын айтып өтті. VI-VII ғасырлардан бастау алатын көне түркілердің руникалық жазуынан араб әліпбиіне ауысып, кейіннен кириллицаға көшкен сүрлеу жолды тарих беттерімен сыр бөлісті. Расымен де, латын әліпбиіне көшу қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның және ғылымның жаңа қарқында дамуынан туындап отыр. Осы орайда, колледж қабырғаларында «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбы аясында кездесулер мен пікірсайыстар өтті. Әсіресе бұл үдеріс студент жастарымызға ғылым мен техниканы меңгеруге жол аша отырып, төл әліпбиіміздің қайта жаңғыруына мүмкіндік бермек. Жалпы, колледж жастары латын әліпбиіне көшуді қолдайды. Оған қоса, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.
Н.Ә.Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді: 1. Бәсекеге қабілеттілік; 2. Прагматизм; 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау; 4. Білімнің салтанат құруы; 5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6. Сананың ашықтығы.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады». «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: – еліміздің барлық жоғарғы оқу орында- рында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру; – гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару; – мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру. Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері 2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып табылатын кітаптармен оқуды бастайды.
Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Сонымен қорыта келгенде, бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағытбағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет