Даун синдромы Хромосоманың 21-ші жұбында трисомия болуына байланысты дамитын хромосомдық ауру. Онын белгілері: гофрения, бұлшық ет гипотониясы, эндокриндік бездер жетіспеушілігі және осы ауруға тән сырт пішін


Даун синдромын қалай анықтауға болады?



бет2/4
Дата01.11.2022
өлшемі0,87 Mb.
#46753
1   2   3   4

Даун синдромын қалай анықтауға болады?


Даун синдромы – тұқым қуалаушылыққа тәуелсіз, физикалық және ақыл-ой дамуынан артта қалумен сипатталатын, сирек кездесетін, генетикалық ауру.
Автор:Айзада Жайыққызы
12.03.2018
©ja-zdorov.ru
Даун синдромын арнайы талдаулар жасамай-ақ анықтауға болады. Өйткені, ауру балалардың сыртқы белгілері бірдей, көпшілігін бала туыла салысымен анықтауға болады.

Қалай пайда болады?


Жалпы балалар ақыл-есiнiң кемістігі туа бітті немесе жүре пайда болады. Туа пайда болған ақыл-естің артта қалуына Даун синдромы, яғни гендiк ауру жатады. Ал жүре пайда болған ақыл-ой қабілетінің артта қалуы көбіне бала жатырда даму кезiнде зиян келуден, дұрыс босанбаудан немесе туылғаннан кейінгі факторлар әсер етеді. Бір ғана мысал, жүкті әйел қан аздықпен ауырмауы тиіс. Өйткені анемия жатырдағы баланың бас миының дамуын тежеуге әсер етедi. Қан аздықтың басты себептерінің бірі — ағзада темір және фолий қышқылының жетіспеуі.

Қандай белгілер білінеді?


  • «жалпақ бет» — 90%

• брахицефалия — 81%
• нәрестелер мойнындағы тері қатпарлары — 81%
• эпикантус (көз ойығының медиалді бұрышын жауып тұратын вертикалді қатпар) — 80%
• буындардың аса қозғалмалығы — 80%
• бұлшық ет гипотониясы — 80%
• шүйденің жалпақтығы — 78%
• аяқ-қолдың қысқалығы — 70%
• брахимезофалангия (ортаңғы фалангалардың әлсіз дамуы себебінен барлық саусақтардың қысқаруы) — 70%
• 8 жастан асқанда катаракта анықталуы — 66%
• ауыздың ашық болуы (бұлшық еттер тонусы төмен болғандықтан және таңдайының ерекше құрылысына байланысты) — 65%
• тіс аномалиялары — 65%
• 5-саусақтың клинодактилиясы (шынашақтың қисаюы) — 60 %
• доға тәрізді (готикалық) таңдай — 58%
• жалпақ таңау — 52%
• жүлгелі тіл — 50%
• алақан қыртысының көлденең орналасуы (маймыл алақаны) — 45%
• қысқа қалың мойын — 45%
• жүректің туа біткен ақауы — 40%
• қысқа мұрын — 40%
• страбизм (қыли көз) – 29%
• кеуде торының деформациясы — 27%
• нұрлы қабат қырымен орналасқан пигменттік дақтар-Брушфильд дақтары — 19 %
• эписиндром — 8%
• он екі елі ішектің стенозы немесе атрезиясы — 8%
• туа біткен лейкоз – 8
Даун синдромы диагнозы қанды кариотипке зерттеу негізінде қойылады. Тек сыртқы белгілеріне қарап диагноз қою мүмкін емес.
©ja-zdorov.ru
Даун синдромы бар балаларда жиі сөйлеумен қиындықтар туады. Сөзді түсіну мен сөз қайтару арасында кідіру болады. Сондықтан баланың ата-анасына баланы логопедке алып барып тұру ұсынылады. Кейбір науқас балалар 2 жасында жүрсе, кейбіреуі 4 жасында аяқ басады. Бұл үрдісті тездету үшін физиоем мен емдік дене шынықтыру тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет