Шағымы: анасының айтуы бойынша баласының температурасы көтерілген Т – 37,8, Іш өту бірінші күні 2-3 рет екінші күні 5-6 ретке дейін, құсу 3 рет, әлсіздік пен мазасыздық байқалған.
Ауру тарихы: Күндіз қызанақ жегеннен кейін іш өтумен басталған.Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта интоксикациялық симптомдарына байланысты. Есі анық. Мазасыз. Тері жабындылары бозарған.
Тері қатпары баяу қалпына келеді. Көзі кіртиген.Суды жақсы ішеді.Ауыз қуысының шырышты қабаты әлсіз қызарған.
Кіші дәреті: ерікті, ауру сезімінсіз, үлкен дәреті: сұйық сарғыш түсті.
Зерттеу жоспары
Жалпы қан анализі
Жалпы зәр анализі
Копрологиялық зерттеу
Бактериологиялық зерттеу
Паразитологиялық зерттеу
Нәжісті құртқа тексеру
Диареяның дифференциальді диагностикасы
Диагноз
Белгілері
Жедел(сулы) диарея
-Сұйық дәреттің саны тәулігіне 3 және одан да көп
-Қан жоқ
Холера
-Холераның таралуы болған кездегі ауыр сусызданумен жүретін диарея
-V.cholerae O1 немесе О139 ға дәреттің жағындысы оң болуы
Дизентерия
-Дәретте қанның болуы(бақылау барысында немесе анасының сөзі бойынша)
Созылыңқы диарея
-Диареяның 14 және одан да көп күн бойы болуы
Қоректенудің ауыр бұзылысымен жүретін диарея
-Қоректенудің ауыр бұзылысының белгілерімен жүретін кез келген диарея
Жақында қабылдаған антибиотиктермен байланысты диарея
-кең спектірлі антибиотикпен пероральді түрде ем курсы
Ішектің инвагинациясы
-дәретте қанның болуы
-құрсақ қуысында тығыздалу болса(ректальді тексеру арқылы нақтылау)
-бозаруға әкелетін нәрестенің жылау ұстамасы