5
қорытындыларды қазіргі кездегі ғылыми көзқарастармен
ұштастырады.
Білім мен түсінгенін қолдану: Әдебиет теориясы пәнінен
алған
филологиялық
білімдері
жиынтығын
меңгергенін
практикалық тұрғыда пайдаға жарата алуға жетелейді.
Әдебиеттану ғылымы өзекті арналарымен, яғни әдебиет
теориясы, поэтикасы, эстетикасымен сабақтастыратын білім
деңгейінде талдайды. Әлем әдебиеті теориясының жетістіктері
мен кемшіліктеріне ғылыми тұрғыда баға береді. Әдебиет
теориясының негіздеріне ғылыми өзекті мәселелерін жан-жақты
талдайды. Ғылыми ой-пікірдің теориялық сипаты мен жанрлық
ерекшеліктерін ғылыми талғаммен түсіндіру деңгейіне қол
жеткізеді. Алған білімін әдебиет тарихы мен теориясын зерттеуші
ретінде талдауда қолданады.
Пікір айтуды қалыптастыру: Көркем шығармашылықты
талдаудың ғылыми принциптерін теориялық тұрғыда ғылыми
негізді пікір мен тұжырым айтудағы көзқарас қалыптастырады.
Көркем шығармаға ғылыми және тарихи шындыққа сай баға
береді. Қазіргі кездегі әдебиеттану үдерісіне білімді филолог
ретінде әр түрлі пікірталастарда өзіндік сыни көзқарасын қорғай
алады.
Коммуникативтік мүмкіндіктер: Әдеби ортадағы жиындар
мен басқосуларда басқалармен қарым-қатынас жасауда осы пән
бойынша алған білімдер жүйесін пайдаға жарата алады. Көркем
туындыны теориялық тұрғыдан кешенді талдау жасай алу
мүмкіндіктерін меңгереді. Коммуникативті қарым-қатынастар
жасай білудегі барлық бейімділігін көрсете алады.
Оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік: Оқу
дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік: Пән бойынша алған
білімін маман филолог, әдебиет зерттеушісі бола білу
жолындағы қабілеті мен бейімділік дағдыларын ұштауына жол
ашады. Көркем әдебиетті оқу дағдылары бойынша жаңа
мүмкіндіктерді меңгерумен қатар, оны іс-тәжірибеде пайдаға
асыру жолындағы өзіндік ізденістерін жүргізуіне мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: