12
негізгі ұстанымдарын да айқындайды»,- дейді.
Әдебиет теориясы жеке ғылым саласы ретінде бұдан 2500
жыл бұрын Афина мектептерінде пайда болған грек
ағартушылығы
заманынан
бастау
алады.
Платон
мен
Аристотельдің адамзат мәдениетінің шығармашылығын ұңіле
зерттеп, алғашқы теориялық толғамдарды дүниеге әкелді. Бұған
Эсхил, Софокл, Еврипидтердің жазбаша туындыларының
Афинада сахнала бастауы түрткі болды. Түркі халықтарынан Әл-
Фарабидің эстетикалық көзқарастары аса маңызды.
Әдебиет теориясындаталасты тартысты пікірлер мен
қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-
пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен
әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты.
Бұл нені көрсетеді? Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін
қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет
теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі
теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады. Осы уақытқа
дейін әдебиет теориясының ең негізгі күші сөз өнерін
бағыттағыштығында
деп
келдік.
Ол
маркстік-лениндік
әдіснамамен бірге көкейкестілігін де жоғалтты. Яғни белгілі бір
бағыттағы, белгілі бір тұрпаттағы шығармашылыққа лобби жасау
(кеңестік тұста ол социалистік реализм болатын) қисынға келе
бермейтінін өмірдің өзі дәлелдеп беріп отыр. Бүгінгі әдебиет
теориясы ырықсыз бағыттаушылықтан іргесін аулақтатып, әр
алуан концепцияларға жол ашуы тиіс. Бұл бірнеше ғылыми
мектептердің қалыптасуына, зерттеу әдістемелерінің алуан
турлілігіне бастары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: