46
әдістемелерге жүгінуімізге айрықша ықпал етуде. Яғни мәтін
теориясында бірлесе атқаратын, күш жұмылдыра қарастыратын
жаңа теориялық мәселелер алдымыздан шығуда. Мысалы,
интерткест, цитация, реминисценция, нарратив, аллюзия т.б.
ұғымдар тіл білімі мен әдебиеттану қапталдаса қарастыратын
жалпы филологиялық категориялар. Әсіресе алғашқы мәтіндер
мен кейінгі мәтіндердің қарым-қатынасынан туындайтын
мәселелер постмодернистік нышан танытқан шығармаларда
айрықша маңызға ие.
Әдебиет теориясының дамуына орай кей әдіснамалық
ұстанымдар белгілі бір әдіснамалардың теориялық және
қолданбалы маңызын төмендетті. Алайда қандай филолог
болмасын өзіне дейінгі әдебиеттану әдістемелерін толық
меңгеруге тиіс. Ғылымда тек белгілі бір әдіснама қанша жерден
әмбебап болса да басымдық таныта алмайды. Бізде ғылыми
мектептердің алуан түрі қалыптасуы тиіс.
Әрбір университеттер
мен ғылыми мекемелер өздерінің мектебін қалыптастыруы керек.
Қазіргі әдебиет теориясын зерттеудің, дамытудың басты
әдіснамалық мұраты – шығармашылық үдерістің қос мәнін:
әдебиет дамуындағы жаһандык құбылыстар мен ұлттық
әдебиеттер арасындағы ортак тенденцияларды қаперде ұстау.
Біршама ілгерілеп келе жатқан Тәуелсіздік жылдарындағы
әдебиеттану поэтикалық заңдылықтардың антропологиялық
болмысына басты бағдар ұстана отырып дамуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: