Дефектология пәннің мақсат, міндеттері, әдістері



бет1/2
Дата23.11.2022
өлшемі52,51 Kb.
#52093
  1   2
Байланысты:
1 тапсырма дефекталогия н Абдигамитова М.


Абдигамитова Мадина Мұхтаркызы

Тапсырма 1



  1. Сұраққа жауаб: Дефектология пәннің мақсат, міндеттері, әдістері (тапсырманы блок-схема түрінде тапсыру).




Дефектология педагогика ғылымының саласы ретінде дефектология (латынның Defectus – кемшілік және гректің LOGOS – сөз, ілім ) деген сөздерінен құралған.




Мақсаты Міндеттері Әдістері



Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы көмек көрсету;
Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру;
Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата-аналармен байланыста болу; Толығырақ айтып кетсем:
Түрлі кемістігі бар балалардың дене және психикалық
дамуының объективті заңдылықтары мен ерекшеліктерін
терең жан-жақты клиникалық-физиологиялық және
психиологиялық-педагогикалық зерттеу;
Кемістігі бар балаларды жан – жақты клиникалық,
физиологиялық, психологиялық зерттеу;
Кемістігі бар балаларға арналған арнайы мекемелерді
ұйымдастырып, дамытудың принциптерін жасау және
негіздеу;
Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердегі оқу –
тәрбиелеу процесінің мақсаттарын, ережелерінің мағынасы
мен әдістерін анықтау;
Балаларда кемістікті болдырмаудың алдын-ала
профилактикалық шараларп жүйесін жасау...
Дефектологияның мақсаты зерттеу пәні болып физикалық және психикалық кемісітігі балаларды тәрбиелеу мен оқыту болып табылады.
Дефектология бірқатар дербес салаларды біріктіреді. Мысалы сурдопедагогика – есту кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттейді. Тифлопедагогика – көру кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды зерттейді. Олигофренопедагогика ақыл – есі кем балаларды оқыту мен тәрбиелеуді зерттесе, логопедия сөйлеу кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласын қарастырады. Дефектология сондай – ақ дамуында бар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны да қарастырады.
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Оның мақсаты осы балаларды өздерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өз бетінше белсенді пайдалы өмірге даярлау болып табылады, сонымен қатар өмір мен еңбек жағдайларына икемдеуін қарастырады. Ғылыми зерттеулердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, ғалым – дефектологтар дамуында кемістігі бар балалардың дамуының объективті заңдылықтарын зерттейді, оларды тәрбиелеу мен оқытудың жүйесін негіздеп жасайды. Осылайша соқыр балаларда кеңістікте бағдар ұстауында көмектесетін естуі, сезім түйсігі, иіс сезу және жылулық сезімі өткірленеді.
Мылқау бала музыканы вибрациялық сезіну арқылы естіп, оны жасауға дейін жете алады.
Баланың физикалық және психикалық бұзылу ерекшеліктері бүкіл процеске және ақырғы нәтижесі оның танымдық қызметіне де әсер етеді. Сонымен қатар, кемтар балаларды арнайы оқыту мен тәрбиелеу жағдайында олардың биологиялық күрделі кемістіктері де ескеріледі.
Дефектология педагогикалық ғылым ретінде негізгі педагогикалық категориялармен қатар жүреді. Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбиелеу үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым – қатынас жасау жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс – құралдармен жүзеге асады. Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Онда дербестігі, өзіне – өзі қызмет ету дағдысын, еңбек және мәдени мінез – құлқын, ұжымда еңбек етіп, өмір сүруін қалыптастыруға бағытталған.
Кемтар баланы тәрбиелеу мазмұнында көзқарастарымен белгілі қасиеттер жүйесін қалыптастырумен қатар ақыл – ойы, еңбек, эстетикалық, құқықтық тәрбиелік міндеттерді шешу кіреді. Балаларда оптимизммен сенімділікті тәрбиелеу, қиыншылықтарды жеңе білу бейімділігін қалыптастыру, жақсы қасиеттерді үйретуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге дамыту маңызды болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл білімді, шеберлікті, икемділікті, іс — әрекет дағдыларын беру мен игерудің мақсаты бағыттағы процесі, өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі құралы. Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Дефектология арнайы дидактика мәселелерімен айналысады.






Дефектологияның негізгі міндеттері: 1.Оқуда қиналатын оқушыларды анықтау 2.Тұжырымына қарай арнайы бағдарламалар құру 5.Ата-анамен және мұғаліммен консультативтік жұмыстар жүргізу 4.Динамикалық бақылау 3. Жеке және топтық коррекциялық- дамыту сабақтарын жүргізу
Қоса айта кетерім әртүрлі кемістігі бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, клиникалық тұрғыдан жан-жақты тереңірек зерттеу саналады.
Кемтар балалар үшін арнайы мекемелердің даму сатысын ұйымдастыру принциптерін өңдеу және негіздеу.
Дефектология – кемтар балаларға ертерек, дер кезінде тәрбиелеу және оқыту мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.
Кемтар балаларға арналған мекемелерде оқыту-тәрбиелеу процестерінің әдістері мен мазмұнын, міндеттері мен мақсаттарын анықтау. Арнайы дефектологиялық жүйе – әрбір арнайы мектептерде оқытудың белгілі бір принциптерін, оқу процесінің формаларын ұйымдастырып, әр балаға қажет оқыту құралдары мен әдістерді қарастырады.
Балалардың кемістігін алдын-алу ескерту үшін профилактикалық шаралар жүйесін дайындайды.
Профилактика қамтамасыз етіледі, тұрғындардың тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау жұмыстары жүргізіледі.
Дамудың әрбір сатысында кемтар балалар үшін әлеуметтік процестердің тиімділігін жоғарлату.
Дефектологияға арнайы психология да кіреді.
Кеміс балаларды тәрбиелеу мен оқыту – күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншіліктеріне қарай, қоғамдық өмірге пайдалы, белсеңді, өз беттерінше өмір сүре алатындай дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Дефектология ғылымының басқа ғылымдармен тығыз байланысы мүмкіндіктері шектеулі балаларды жан - жақты зерттеп, негізгі кемістіктердің себептерін айқындап, осы кемістіктердің салдарын, олардың клиникалық белгілерін анықтауда зор маңызы бар.




Сөздің дыбыстық жағын меңгерту;
Грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеуге үйрету;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды сөйлеуге үйретудегі басты міндет-сөздік қорды молайту. Балалардың күнделікті өмірден алған әсерін, үйренген сөзін анықтап отыру, жаңа сөз үйрету, үйренгенін тиянақтау.
Оқу процесін ұйымдастыру принциптері, мазмұны, міндеттері, балалардың кемістік сипатымен тереңдігін ескере отырып, әрбір нақты арнайы оқу орындары үшін жетілдіріледі. Осыған байланысты оқыту әдістері, техникалық құралдар таңдалып алынады.
Кемтар балаларды жалпы оқыту мен тәрбиелеу үшін құрдастары мен үлкендер тарапынан қарым – қатынас жасау жеке тұлғаның дұрыс қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптері мен анықталады. Мысалы: белсенді қоғамдық пайдалы өмірге даярлау, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, бірақ ол кемістіктің құрылымы мен дәрежесіне сәйкес лайықты көлемдегі әдіс – құралдармен жүзеге асады. Балаларда оптимизммен сенімділікті тәрбиелеу, қиыншылықтарды жеңе білу бейімділігін қалыптастыру, жақсы қасиеттерді үйретуге, өз қылықтарына сын көзбен қарай білуге дамыту маңызды болып табылады.
Кемтар балаларды оқыту мен тәрбиелеу – бұл білімді, шеберлікті, икемділікті, іс — әрекет дағдыларын беру мен игерудің мақсаты бағыттағы процесі, өмір мен еңбекке даярлаудың негізгі құралы. Оқыту барысында білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары жүзеге асырылады. Оқыту процесі, жақын арадағы даму зонасының актуалды даму зонасына ауысуына жағдай жасауы қажет, уақыт озған сайын бала педагогтың басшалығын қажет етпей, алдында тұрған тапсырмаларды өз бетімен шешуі қажет.
Бұл – оқыту мен дамытудың ішкі өз-ара байланысын құрастырады, сонымен қатар, дұрыс ұйымдастырылған оқыту, психикалық қызметінің қалыптасуына сүйене отырып, дамуына әкеледі. Еңбекке үйрету және тәрбиелеу арнайы дидактиканаң негізгі мәселері болып табылады. Арнайы мектептерде еңбек ерекше маңыз алады, өмір сүрүге ғана үйретіп қоймайды, сонымен қатар, мамандық игеруге үйретеді.
Коррекция (латын тілінен – correctio - дұрыстау, түзету, жөндеу) - дефектологияда балалардың психикалық, физикалық дамуындағы жетіспеушіліктерді әлсірету немесе дұрыстауға, түзетуге бағытталған педагогикалық шаралардың жүйесі. Коррекция екіге бөлінеді - жекелеген кемістікті түзету (мысалы, көру немесе дыбысты айту коррекциясы), кеміс баланың жеке басына толық түрде әсер ету.
Компенсация– (латын тілінен compensatio – қалпына келтіру, өтеу, байсалдылық) - организмдегі жетілмеген немесе бұзылған функционалдық қызметтерді қалпына келтіру. Бұл өте күрделі, жан-жақты процесс. Туа біткен немесе жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан туындайды. Сонымен, соқыр болып туған баланың көру анализатор қызметінің компенсациясы, сезімталдығын дамыту арқылы, терінің сенсорлық жүйесінің көмегімен орындалады.
Кеміс балалардың дамуында алғашқы кемістік маңызды роль атқармайды, керісінше, кемшіліктің екінші әлеуметтік салдары, оның әлеуметтік-психологиялық орындалуы маңызды роль атқарады.
Компенсация процесі, мүкістікті толық жөндей алмайды, бірақ, кемістіктен пайда болатын қиыншылықтарды жеңуге төзуге көмегін тигізеді. Егер, арнайы педагогикалық әсер ету неғұрлым ерте басталса, компенсация процессі соғұрлым жақсы дамиды. Дамудың алғашқы сатысында коррекциялық тәрбиелеу жұмыстары басталса, организм мүшелерінің бұзылуынан пайда болған екінші зардаптарды алдын-ала ескертеді және баланың сәтті бағытта жетілуіне себебін тигізеді.
Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары дамудың барлық сатысында жүйелі түрде қолданылады, себебі ауытқыған қызметтердің компенсациясы бірден қалыптаспайды, біртіндеп белгілі бер заңдылықтарға сүйене отырып қалыптасады.
Компенсацияның жоғары дәрежесі баланың жан-жақты жетілгенін білдіреді. Бірақ, даму кемістігінің кейбір формалары үшін компенсация шектелген. Сонымен, ақыл-есінің дамуындағы тұрпайы кемістіктерде жартылай компенсация қолданылуы мүмкін (сана-сезімінің дамуы), себебі, интеллектідегі терең ауытқулар жоғары психикалық дамуға кедергі жасайды. Осының салдарынан кемтар балалар қолайсыз әсерлермен жағдайларына (ауру процестеріне, психикалық жүктермен стресстерге) тез шалдығады да, сомпенсаторлық механизмдер бұзылуы мүмкін. Соның салдарынан жұмысқа қабілеттілігі қүрт төмендеп, дамуы баяулайды.
Бұл құбылыс – декомпенсациядеп аталады. Осындай функционалдық ауытқулар төзімсіздікке және психикалық процесстердің әсіреуне әкеледі.
Бұл жағдайда бала – қорғаныс режимін құрауды, оқу жүктемесін шектеуді талап етеді. Кемтар балаларда компенсаторлық процестердің пайда болуы бірқатар жағдайларға байланыстаы болады.
Олардың дамуына жататын қолайлы жағдайлар:
- оқыту және тәрбиелеу жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы, арнайы әдістер мен ережелерді қолдана отырып, тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
- оқыту мен еңбекті байланыстара отырып, балалардың ақыл-есінің және денесінің өсуіне жан-жақты үйлесу гармоникалық қалыптасуы принциптерін қолдану;
- балалар ұжымында, мұғалімдер, оқушылар арасында дұрыс қарым-қатынас жасай білу;
- балалардың оқу тәртібі мен еңбек процесін дұрыс ұйымдатыру, оқу тапсырмаларының шамадан артық болмауын ескерту;
- оқытушыларды оқыту әдістері түрлі формада алмасып отыруы, олардың белсенділігімен өз бетіндік қабілеттерін жоғарылатуға бағыттау;
- әртүрлі техникалық құралдарды, арнайы жвабдықтар жүйесін кеңінен қолдану, балалардың мүмкіншілігіне қарай оқу-құралдарын оптималды қолдану.
Әлеуметтік реабилитация (латын тілінен rehabilitas – жарамдылығын ақтау, ақтап шығару, қабілетін қалпына келтіру) медициналық-педагогикалық мағынасы - кеміс балаларды әлеуметтік ортаға қалыптастыру, олардың психикалық-физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамдық өмірге, еңбекке араластыру.
Реабилитация – медициналық қүралдардың көмегімен іске асырылады, жетілудегі кемістектерін жою, сонымен қатар, арнайы оқыту, тәрбиелеу, мамандыққа даярлау. Реабилитация процесінде аурудың салдарынан болған ауытқулардың орны толтырылады. Реабилитация міндеттері әртүрлі категориялардағы кеміс балалар үшін арнайы оқу орындарында шешіледі.




  1. сұраққа жауаб: Дефектология пәннің даму тарихы.(Тапсырманы қысқаша тезис түрінде тапсыру)

Дефектология пәні Ғылыми таным саласы ретінде дефектологияның зерттеу негізіне кемтар балаларды оқыту, тєрбиелеу мєселелері алынады.


Орта ғасырдың соңғы кезеңіне қарай, феодалдық қоғам қойнауында капиталистік мануфактура дамыған кезде қала халқының ішіне түрлі кемістіктерді, психикалық ауруларды бөліп алу қажеттігі туды. Өйткені, даму барысындағы физикалық, психикалық кемістіктер, психикалық аурулар қоғам назарын өзіне аударды. Бірақ бұл кезде қоғамдық идеологияда шіркеу үстем болды. Осыған сәйкес аталмыш кемістіктер, психикалық аурулар жын-шайтан айналдырған адамдар ретінде қарастырылды. Ауруларды монастырьлерге жіберетін Батыс Еуропа елдерінде, Киев және Москва Русьтерінде де солай еді.кемтарларды жеккөрушіліктен қамқоршылыққа алуға дейін кезең (б.э.д ҮІІІғ-б.э. XII ғ.). Барлық тарихи кезеңдерде арнайы оқыту жүйесінің дамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, қоғамның құндылықтары мен кемтар балаларға қатысты мемлекет саясатымен, білім беру жүйесіндегі заңдылықтармен, ғалымының даму деңгейімен, әлемдік арнайы білім беру тәжіребесіне лайық жүреді.
Алғашқы болып қоғамнан шектелгендерге қайырымдылық танытқан шіркеу қорғаушылары болды. Шіркеулер хоспис, баспаналар мен жетімханалар пайд
а болды.
Мәліметтер бойына ол кездегі өзіне тамақ тауып жеуге мүмкіншілігі жоқ тұлғалар, егер өз өлімімен өлмесе, ру басылары күшпен өлтіріп отырған екен. Туа біткен ақыл-ойы кем немесе дене кемістігі бар тұлғаларды азаматтық өлім күтіп тұрды.
Ежелгі Грециядағы балаларды өлтіру туралы мәліметтер ерте жастағы күрделі деңгейдегі кейіп-кеспірсіз балаларға қатысты болған және де өлтіруге негізінен дене кемістігі бар балалар ұшыраған. Спартада осындай балаларды өлтіру ІҮ-Ү ғасырларды қамтиды және олар бұл істерін экономикалық жағдайына тәуелді болған. Бұндай құбылыс Римде де өз орнын алған. Оны ежелгі Рим философы Сенеканың (б.д.д. 6 - б.д.д. 65ж.) сөзінен байқауға болады. «Біз өмірге әлсіз және кейіп-кеспірсіз болып туылған балаларды өлтіріп, суға тұншықтырамыз, бұны біз ызалықтан немесе қолайсыздықтан емес, санамыздың жетекшілігімен істейміз, жарамсыз бен сауды ажырату үшін» деп жазған. Ал ежелгі грек елінің ұлы философы Аристотель «адам бойындағы «бұзылғандықты», «ашуланшақтықты», «топастықты» - жаман қылықтардың қалыптасуына әкелетін жетіспеушілік» - деп тұжырымдады.
Адамзат тұлғасына деген жаңа мұрат, құндылықтар мен көзқарастар адам өмірінің мәні туралы түсініктерді христиан дініне сеңушілер алып келді. Олар діни сезімталдық пен жан ашу қаситетін енгізді. Қайырымдылық көрсету әркімнің өз еркінде ғана емес, ол әрбір христианның міндеті болып жарияланды. Шіркеулерде ашылған пана үйлер кемтарларға жағымды қатынастың басталу болды. Келесі бес жүзжылдықта Батыс Еуропа мемлекеттерінде алғашқы қайырымдылық мекемелері мен ауруханалар құрылды. Ең алғаш рет соқырларға және соғысқа қатысу салдарынан көрмей қалған тұлғаларға арнайы пана ашылды. Бұл жүйенің бастапқы қалыптасуы қала билігінің, монархтың жауапкершілігіне айналды. Осы мәселе мемлекет міндетінің нысаны бола берді.
Киевте шеркеулік қайырымдылық жүйесі ресми мемлекеттік түрде христиан дінің ұстау уағыздаудан басталған. Владимир патшасы шіркеу мүгедектер туралы жұмысты қалыптастырудың іргетасын қалаған (996ж). Киевтегі Печор шіркеуін қалаушы Феодосий кемтарлар мен керен-мылқауларға көмек көрсететін алғашқы пана -аурухана ашқан.
Сөйтіп, Еуропа елдері өркениеті дамуында кемістігі бар тұлғаларды басынудан, оларды өлтіруге тыйым салынған уақытқа дейін, өте ұзақ, азапты жолдан өтті.
Ресей елінде зиялы мекемелердің ұйымдастырылуы, яғни кемтарлаға әлеуметтік көмек көрсету туралы мемлекет саясатынын зандылықтары, көбінесе, Батыс Еуропа тәжірибесінің нәтижесімен танысудан бас алған.
керең соқырларды оқыту мүмкіндігін түсінуге дейін кезең (XII г-ХҮІІІ ғ.)
XII ғ. мен ХҮІІІ ғ. аралығында Батыс Еуропа мемлекеттерінде кемтар тұлғаларға арналған зиялы мекемелер мен үйлер (мемлекеттік және жекеменшік) жүйесі құрылды. Реннесанс мәдениеті (қайта өрлеу дәуірі -ХІҮ-ХҮІІ ғ.ғ.) мен Ұлы Реформация ( Ұлы шіркеу төңкерілісі- ХҮІ ғ. екінші жартысы - ХҮІІ ғ. ортасы) ақыл-ойы мен дене кемістігі бар тұлғаларға деген мемлекет пен қоғам қатынасын күрт өзгертті. Реннесанс данышпандарынан туған гуманистік және орталандыру туралы ой-пікірлері еуропалықтардың санасына еніп, адам және адам өмірінің мәні туралы түсініктердін өзгертті, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың дәрежесіне деген көзқарастын өзгеруіне әсер етті. Христиан дінінің тағы бір бағытын тудырған реформация қайырымдылықтың жаңа үлгілерін дүниеге әкелді.
Орта ғасырлар кезеңінде батыс европалық шіркеулерде кереңдікті және басқа да кемістіктерді ата-аналарының кінәлары үшін жіберілген деген. Олар мен қарым-қатынаска түсе алмағандықтан, оларды есі дұрыс емес сиқыршылар деп ойлаған. Инквизиция жағы олардың іздерінен қалмаған.
Біраз уақыттар өте келе дамуында ауытқуы бар тұлғаларға деген немқұрайлық біртіндеп жойыла бастады. Оларға деген жанашырлық пайда болып, мұндай адамдарды тәрбиелеуге болатыны жайлы да көзқарастар қалыптасты. Мысалға, Ян Амос Коменский (1592-1670) өзінің «Ұлы дидактика» атты еңбегінде былай деп жазған: «Кімде-кім осындай ақылсыз адамдарға табиғи ақылсыздығынан құтылу үшін тәрбие беру» екендігіне күмән келтіре алады. Ары қарай: «Кім жаратылысынан өзі баяу және ашуланшақ болса, сол адам өзіне көмекті көп қажет етеді, өйткені өз бойындағы пайдасыз ақылсыздық пен жындылықтан құтылу үшін». Ян Амос Коменский бұл сөздерінен аномалді балаларға білім беру мүмкін екеніне кәміл сенгенін көреміз. Осылайша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қоғамға артылған жүк болмас үшін оларды оқыту, тәрбиелеу мәселелері қарастырыла бастады.
XII ғасырдан XVII ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде кемтар балалар мен ересектерге деген көзқарас алдыңғы ғасырларға қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бірақ бұл процесс баяу және күрделі жолмен дамыды. Қайта өрлеу ойшылдарынан (Ренессанс дәуірінің ойшылдары) туындаған гуманизм идеялары европалықтардың саналарына ене отырып, олардың адам жайлы және оның өмірі жайлы ой-пікірлердің өзгеруіне, мүмкіндігі шектеулі адамдардың статустарына деген көзқарастардың өзгеруіне әкелді.
Дамуында ауытқуы бар адамдарды «азаматтық» тұрғыда ақтауға ғана емес, сонымен қатар олардың кейбіреулерін оқытуға тырысу жағдайлары да жасалды. Бұл жерге тағы Ян Амос Коменский жазғаннан еске түсіруге болады: «қандай болмасын әйтеуір адамзат баласы білім алудан шет қалмауы керек»... деген сөздерін.
Алғашында әр түрлі кемістігі бар балаларды жеке-дара оқыту тәжірибесі, арнайы оқу мекемелерін өзіне қарай тартқан жоқ. Саңырау және соқырлар жеке-дара оқытудың алғашқы талпыныстары, олардың іс-әрекетке жарамды екенін занды түрде дәлелдегісі келген, ауқатты семьядағы ата-аналар тарапынан қолдау тапты. Міне, осындай қолдау 1578 жылы Испанияда, 1648 жылы Англияда, 1670 жылы Францияда іске асырыла бастады.
Ағарту дәуірінде дамуында кемістігі бар тұлғаларды оқытуға алғашқы қадам жасалды. Алғашында түрлі мемлекетерден жинақталған балаларды жеке дара оқыту тәжірибесі арнайы оқу мекемелерін ұйымдастыру қажеттігін тудырмады.
сенсорнкалық кемістіктері бар балаларды оқытудан білім алуға құқықтарын мойындауға дейін кезең (ХҮІІІ ғ.-ХХ ғ. басы)
Бұл кезеңнің басында кереңдер мен соқырлар үшін арнайы мекемелер ашылып, соңында Батыс еуропа мемлекеттерінде жылпығы бірдей міндетті білім беру туралы, кейіннен сенсорикалық кемісіктері бар және ақыл-ойы кемтар балаларға таралған, заңды актілер қабылданды. Үшінші кезең кемтар балаларға деген көзқарас пен қатынастардың өзгеріп, олардың құқықтарына назар аударылуымен ерекшеленеді. Ең маңызыдысы кемтар тұлғалардың білім алуға құқықтары қарастырылады, кейін занды түрде бірқатар мемлекеттерде бекітіледі.
1817 ж. - Дания - кереңдерді міндетті түрде оқыту туралы акт;
1873 жыл- Саксония- соқыр, керең және ақыл-ойы кемтар балаларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң қабылдады.
1881 ж. - Норвегия -саңырауларды оқытудың міндеттілігі туралы Заң.
1882 ж. - Норвегия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.
1884 ж. - Пруссия -көмекші сыныптардан жағымсыз жанұядан шыққан балаларды шығару туралы өкім.
1887 ж. - Швеция - кедей және ақыл-ойы кемтар балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1889 ж. - Швеция - саңырау балаларға 8 жылдық білім беру туралы Заң.
1892 ж. - Пруссия- көмекші мектептер санын кеңейтудің қажеттілігі
туралы Заң.
1893 ж. - Англия - соқыр, керең балаларға бастауыш білім туралы Заң.
1896 ж. - Швеция - соқыр балаларды мінтетті түрде оқыту туралы Заң.
1899 ж. - Англия- ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту туралы Заң.
1900 ж. - Пруссия- саңырау, соқыр және ақыл-ойы кемтар балаларды
оқытудың міндеттілігі туралы Заң.
1914 ж. -Бельгия- көмекші мектептерді ұйымдастыру туралы Заң.
1920 ж. Нидерланды- ақыл-ойы кемтар, соқыр, саңырау және нашар естийтін балаларға білім беру туралы қағида.
Ақыл ойы кемтар балаларға арналған көмекші мектептер пен сыныптардың үдемелі дамуы жалпыға міндетті бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның енуімен тікелей байланысты. Мемлекет барлық балаларды оқыта отырып, аталмыш мерзімде білім стандартын меңгере алмайтын балаларға арналған білім жүйесін құруға мәжбүр болды.
Сенсорикалық кемістігі бар тұлғалардың азаматтық құқығын және мәртебесін тану ғана, керең-мылқау балаларға (Париж, 1770 ж.) және соқыр балаларға (1774 ж.) арналған алғашқы мемлекеттік арнайы мектептердің пайда болуына мүмкіндік берді. Дамуында кемістігі бар тұлғалардың тағдырына қоғам көзқарасының өзгеруін Ұлы француз төңкерісі еңгізді. Бұл психиатрияның күрт дамуына жағдай жасады. Ф. Пиннель, Ж,Эскироль, Ж, Итар дәрегерлер кемтар балаларды оқыту тәжірибесін емханаларда бастаған.
Ағылшын тифлопедагогы Г.Армитедж (1824-1894) өзі қайырымдылық ұжымының мүшесі бола тұра, көрмейтіндердің жанұясын аралап ата-аналары мен көрмейтін оқушыларға өмірлік қиындықтарды жеңу туралы ақыл-кеңестерін айтқан.
Бірақ дейді Армитедж, көбінде соқыр балаларды ақыл-кеңеспен қамтамасыз еткенін орнына оларға бір өзім нан берсең сол көбірек көмек болады дейді.
1892 жылы Лондон мен Лейчестер қалаларында ақыл-ойы кем балалар үшін алғашқы мектептер ашылды. Келесі он жылдықта Англияда ақыл-ойы кем балаларды күштеп жабық мекемелерде емдеуге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жанашырлары қарсы шығып, олардың қамқорлығы мен құқықтарын заңды түрде қорғауға ат салысты. Қоғамдық инициатива, 1913 жылы ағылшын парламентіне ақыл-ойы кем тұлғаларды қамтамасыз ету туралы заң қабылдануына әкелді.
XX ғ. басында есту мен көруінде ауытқуы бар және ақыл- ойы кемтар балаларға арналған арнайы білім беру жүйесін нақтылы рәсімдеу уақыты болды.
Барлық Еуропа елдерінде арнайы білім беру жүйесі дамуының жалпы белгілері:
- жалпыға бірдей бастауыш білім беру туралы Заңның қабылдануы;
- кемтар балалардың білім алуға құқығын белгілеу;
- арнайы оқыту жүйесінің қызметің реттейтін шағын нормативті-құқықтық базасын құрылуы;
- арнайы мектептерді қаржыландырудың бастауы мен принциптерін анықтау;
- мемлекеттік емес ұйымдарды (қайырымдылық қорлар мен ассоциациялар) қаржыландыру;
- барлық аймақтағы балаларды арнайы біліммен қамту.
Ресей үшін 3 кезең мемлекет пен қоғамның түбірімен қайта құрылуына себеп болған екі тенкеріс үшін теңдессіз болды. Аталмыш жүйенің қалыптасуының алғы шарттары монархиялық Ресейде қалыптаса бастап, социалистік кезенде рәсімделді. Кезеннің басталуы керең-мылқауларға (1806 ж.) және соқырларға (1807 ж.) арналған алғашқы мектептердің ашылуымен танымал. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларға көмек көрсетудің 3 негізгі бағыты дамыды:
- христиандық- қайырымдылық;
- емдік-педагогикалық;
- педагогикалық (мектептер мен балабақшаларда).
Тәрбиеленушілерден қатаң түрдегі бағынушылықты талап етпеген. Бұл жөнінде В.П.Кащенко мен С.Н.Крюковтың «Қиын балаларды тәрбиелеу және оқыту» деген кітабында жазылған.
Бұл мектеп-санаторийдегі балалардың жағымсыз қылықтарын В.П.Кащенко мен оның әріптестері «қатыгездік еріктің белгісі» және «қайырымсыздық» деп емес, керісінше ол оқушының қателігі, жолдан таюы немесе оның ауру жағдайының салдары деп қарастырған. Ал балалар ондай әрекет жасаған болса оны невроздар, уакытша аурудың белгісі ретінде санап, оларды уақытша төсекке жаткызып қояды. Бір жағынан бұл тәсіл шынымен-ақ балалардың нерв жүйесінің дем алуына әкелсе, екінші жағынан ол педагогикалық нәтиже беретіні де көрсетілген, яғни бала өзін «ауру» деп есептегісі келмей, өздерінің сау екендерін дәлелдеуге тырысқан.
Ал басқа түзету әрекеттер жүйесін айтатын болсақ олар: дене жаттығулары, таза ауада серуендеу, суға шомылу, түрлі ойындар өткізу, т.б. с.с. қысқасы, айта кететін бір жайт В.П.Кащенконың мектеп-санаторийінде жұмыс тәжірибелерінен арнайы балалар мекемелерінде осы заманғы мамандары да өзіне көптеген пайдалы кеңестер табуына болады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу ісіне жауапкершілік алық ағарту комитетіне жүктелді. Кеңестік Ресейде арнайы оқыту жуйесі қалыптаса отырып, кемтар балаларды қоғамнан оқшалайтын, сарапталған арнайы оқу мекемелерді құру қарастырылды. Арнайы білім беру негізі мекеме ретінде мектеп-интернаттар бекітілген. Кеңестік арнайы мектептің қалыптасуының аталмыш кезеңде атақты педагогтар өз бағасыз үлестерін қосты.
Сөйтіп, Ресейдегі 3 кезеңнің соңында керең, соқыр және ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы білім беру жүйсінің занды рәсімделу уақыты деп айтуға болады. Ресей дефектология ғылымының даму тарихы Екатерина Константиновна Грачеваның (1866-1934) есімімен тығыз байланысты. Ол күрделі кемақылды балалармен жұмыс істеудің алғашқы жетекшілігінің авторы болып саналады, олар өз мәнін бүгінгі күні де жоғалтқан жоқ. Е.К.Грачева кемақылды балаларға арналған Ресейдегі алғашқы мекемелерді құруда еңбегін сіңірген.
Всеволод Петрович Кащенко (1870-1943), атақты педагог, кеміс балаларға арналған мектеп-санаторийді құрған, ол арнайы түзету мекемелерінің негізі болды және педагогика ғылымының Академиясының дефектология ғылыми-зерттеу институтына ауысты, ал қазіргі уақытта – Ресейдегі Білім Академиясының коррекциялық педагогика институтына.
Г.Я.Трошин (1974-1938), атақты психиатр, кемақылдылыққа деген өз көзқарастарында қалыпты дені сау және қалыпсыз балалардың даму заңдылықтарының ұқсастығын, табиғаты бірдей екендігін ескерген. (
Г.Е.Сухарева (1892-1981) жүйке жүйесінің зақымдану уақытын және себептерін ескере отырып олигофренияның жүйелілігін әзірледі. Онымен олигофренияны психикалық дамудың тежелуінен, тіл патологиясынан және шығу тегі олигофрениялық емес бұзылыстарға тән басқа жағдайлардан ажырату жүргізілді.
М.С.Певзнер (1901-1991) олигофренияның клиникалық белгілерін зерттеуге өз үлесін қосты, танырлық іс-әрекетінің жетілмеуінің көрсеткіштері бойынша, тежелу мен қозу үдерістерінің қозғалысы және біркелкілігінің дәрежесі бойынша олигофренияның жіктелуін әзірлеген. Ол алғашқы, генетикалық тұрғыдан пайда болған олигофренияның, тәртіп бұзылыстарымен күрделенбегендігін көрсеткен
Атақты психолог-экспериментші Лев Семенович Выготский (1896-1934) баланың психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын анықтап құрастырды: жоғары психикалық функциялардың даму заңы; бала дамуының біркелкілігі еместігі заңы; бала дамуындағы метаморфоза заңы және т.б. Онымен кеміс баланы әлеуметтік оңалту негіздері әзірленіп ғылыми негізделген. Л.С.Выготский кемістіктің алғашқылығы мен екіншілігі туралы ілімді әзірлеп, ақыл-ой мен аффектінің бірлігі идеясын дәлелдеген; «баланың жақын арадағы және өзекті даму аймағы» ұғымын тұжырымдады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аталмыш мәселеге өз үлесін қосып жүрген ғалымдар: Ж.И.Намазбаева, Р.А.Сулейменова, Өмірбекова Қ.Қ. және т.б.
(Қысқа нұсқа тезис түрінде жаз десеңізде ізденіп тапқан ақпараттың бәрін жазғым келді себебі маңызды ақпарат деп ойлаймын)

3.сұраққа жауаб: Дефект ұғымы. Біріншілік және екіншілік дефект (первичный и вторичный дефект) түсініктемелеріне анықтама беру.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет