Дамуында бұзылуы бар адамдарды оқшаулаудың алуан түрлілігі моделі



Дата25.11.2023
өлшемі20,63 Kb.
#126772
Байланысты:
Инк эссе


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті
Тарих және Педагогика факультеті
Арнайы педагогика ББ

ТАҚЫРЫБЫ:Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға қоғамдық қарым-қатынастың модельдері.


Оқу тобы:1901-21
Орындаған:Оразқұлова Ә
Қали Ә
Қабылдаған:Сыдықова Ш

Шымкент-2023ж


Дамуында қиындығы бар адамдарды қоғамға интеграциялау, қоғамның осы адамдарға деген қатынасына, қоршаған адамдардың олардың өмірі туралы ақпараттануына, мүгедектердің ерекшеліктеріне байланысты болады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір елдің дамудың жаңа жолына өтуі, әрдайым мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттік саясаттың принциптерін қайта қарастырумен байланысты болады.
Біздің ойымызша, аталған модельдерді айқындаудағы аса толыққанды және түпкілікті тұғыр ретінде, қазақстандық авторлар А.Е. Думбаев пен Т.В.Попова ұсынған мүгедектіктің алуан түрлі модельдерінің жіктеуі алынады. Аталған ғалымдар Е.Р.Ярская-Смирнова және Э.К.Наберушкина ұсынған мүгедектіктің алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы 12 моделін негізге ала отырып, мүгедектіктің модельдерін төмендегідей топтастыруды ұсынады:
1. «Ескі» (дәстүрлі) модель, ол өзінің құрамына классикалық, медициналық, реабилитациялық және экономикалық модельдерді қамтиды, яғни мүгедектікке «медициналық» тұғыр;
2. «Жаңа» (постдәстүрлі) модель – мүгедектікке «әлеуметтік» тұғыр;
3. Мүгедектіктің «жаңаша» парадигмасы.
Мүгедектіктің алуан түрлі тарихи және қазіргі заманғы 12 моделін айтатын болсақ:
1Дамуында бұзылуы бар адамдарды оқшаулаудың алуан түрлілігі моделі бірнеше модельдер түрінде қарастырылды: яғни «адам емес моделі», «қоғамға қауіпті», «аяушылық объектісі», «ауыртпалық тудыратын қайырымдылық объектісі».
2. Мүгедектіктің моральды (діни) моделі – бұл қазіргі кезде аз қолданылатын ең ежелгі және тарихи модельдің бірі, ол мүгедектікті абыройсыздық және күнәлар үшін діни жазалау ретінде анықтады. Мүгедектік «адам – құдайға ұқсас» жүйесінен шығып қалу ретінде түсіндірілді.
3. Мүгедектіктің медициналық моделі. Осы модельге сәйкес, психофизикалық және интеллектуалды дамуы бұзылған адам науқас деп саналады. Мүгедектіктің медициналық моделі, мүгедектікті медициналық феномен ретінде анықтайды. Осы модельге сүйене отырып, мүгедектік ауру, дерт, патология ретінде қарастырылады.
4) Мүгедектіктің классикалық медициналық моделі (немесе «әкімшілік модель») адамдар арасындағы дене және психикалық ауытқуларды патологиялық ауытқулар мен кемістіктер терминінде қарастырады. Мүгедектіктің классикалық медициналық моделінен, толыққанды болмауды адамның дені сау адамдармен қатар белгілі бір функцияларды орындай алмау қабілеті ретінде сипаттап, функционалды шектеулік анықтамасы шығады. 
5) Мүгедектіктің реабилитациялық моделі (функционалды шектеулер моделі). Мүгедектіктің медициналық моделінен толыққанды болмауды адамның дені сау адамдармен қатар белгілі функцияларды орындау қабілетсіздігін сипаттайтын, функционалды шектеулік анықтамасы шығады.
6) Мүгедектіктің экономикалық моделі әдіснамалық негіз ретінде мүгедектіктің медициналық анықтамасы қабылданатын, қоғамның әртүрлі қабаттары арасындағы шығындарды қайта бөлуді қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың физикалық толыққанды емес немесе психикалық науқастар ретінде қарастырылғандықтан, бұдан келесі тұжырым жасауға болады: олар дені сау адамдарға қарағанда, біршама «аз жүктемемен» жұмыс істейді немесе жұмыс істеуге мүлдем қабілетсіз болады. 
8) Британдық материалистік модель К.Маркстің ілімінен туындаған мүгедектіктің әлеуметтік моделі болып саналады, оның әдіснамалық базасы ретінде, марксистік әлеуметтану және марксистік саяси экономия алынады. Мүгедектіктің материалистік моделі алғаш рет Ұлыбританияда ашылды және мүгедектердің британдық әлеуметтік қозғалысының «ұлы идеясы» деп аталды. 
9) Тәуелсіз өмірдің британдық моделі нормализация және әлеуметтік валоризация теориясынан туындады. Аталған модель көптеген батыс елдерінде, атап айтсақ АҚШ; Ұлыбританиы және Швецияда мүгедектік саласындағы әлеуметтік саясат тұжырымдамасын құруға әсер етті. Өзінің нақты көрінісін ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған арнайы интернет желісін қысқартуға және тікелей тұрғылықты мене-жайы бойынша, мүгедектерге қызмет көрсету мен қолдаудың алуан түрлі формаларын дамытуға бағытталған ресми құжаттарды тапты.
10) Психоәлеуметтік модель ғылыми қауымдастықта кең танымал болды және әдіснамалық базаға айналды, оның негізінде мүгедектіктің америкалық модельдерінің көпшілігі дамыды: қысым көрсетілетін азшылық тобы ретіндегі мүгедектіктің әлеуметтік-саяси моделі, мүгедектіктің мәдени моделі, адамзат алуан түрлілігі моделі.Мүмкіндігі шектеулі кез келген адам, аталған модельге сәйкес, «таңбаланған». 
11) Мүгедектіктің мәдени моделі бірте-бірте өткен ғасырдың 90-жылдары қалыптаса бастады және оның негізіне мүгедектердің өзіндік маңыздылығын саналы ұғынуы, яғни өзіндік идентификациясы алынды. Мүгедектіктің мәдени моделі туралы пікірталас, әлеуметтік бірдейліктің адамдарды қалай біріктіретіні, мүгедектердің мәдениеті пен өнерінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамда өзіндік позитивті көпшілік имиджін құруға мүмкіндік беретіні бойынша жүргізіледі. Мүгедектіктің мәдениетін дамыту көрсеткендей, мүгедектік ерекше бірегейлік пен топтық бірдейлікті енгізеді.
12) Адамзат алуан түрлілігі моделі, оған сәйкес мүгедек – бұл көпқырлы мүгедек, оның мүгедектігі бағалаушы компонентсіз және норма мен кемтарлықтың иерархиясын құрусыз, адамзат денесінің алуан түрлілігі арасында, тек оған тән ерекшеліктердің бірі. Мұнда негізгі тірек теңдік ұғымына жасалады: қоғам өмірінің барлық аспектілері қоғам мүшелері үшін бірыңғай қолжетімді болуы керек
Қорыта келгенде қоғамдағы әлеуметтік модельдің бекуі, мүгедектіктің ауру немесе еңбекке жарамсыздық ретінде стереотиптерінің жоғалуына әкеледі және социумды үйлесімді етуге ықпал ететін болады. Сонымен бірге, бұл үдеріс мемлекеттік саясатың жүйелі іс-шараларын талап ететін ұзақ үдеріс болып саналады. Қазіргі кезде мүгедектіктің әлеуметтік моделі, мүгедектердің мәселесін олардың бұзылған әлеуметтік байланыстарын қалпына кел тіру аспектісінде қарастыратын бірқатар халықаралық құжаттарда көрініс табады. Мүгедектерге медициналық көмек берумен қатар, оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және барлығына қоғамда қолжетімді ортаны құру бойынша іс-шаралар маңызды рөл атқарады. Білім беруде инклюзивті форманың басымдылығы айқындалады: мүгедектер «арнайы білімділік қажеттіліктері» бар адамдар ретінде қарастырыла бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет