Деформация және металдың Қирауы 1 Кернеу түрлерi



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#130881
  1   2   3
Байланысты:
ДЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕТАЛДЫҢ ҚИРАУЫ



ДЕФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕТАЛДЫҢ ҚИРАУЫ 
 
5.1 Кернеу түрлерi 
 
Түскен күштiң әсерінен дененің мөлшері мен сырт пішінінің өзгеруі
д е ф о р м а ц и я деп аталады. Деформацияның тууына денеге түскен күштер 
немесе сол дененің бойында өтетін әртүрлі физикалық-механикалық 
процестер себепкер (мысалы, фазалық өзгеру процесінде кристалдың 
көлемінің өзгеруі). 
23-сурет. Металға түскен күштен
туған нормальды (

) және 
жанама(

) кернеулер.
24-сурет. Кернеу мен
деформацияның 
тәуелділік 
диаграммасы. 
23 - суретте p кернеуiн туғызған P созу күшi көрсетiлген. Денеге түскен 
күш оның ауданына үнемі перпендикуляр болмайды, қандай да болсын бір 
бұрыштың бағытымен әсер етеді. Сол себепті денеде нормальды 

(АВ 
қимасына 

) және жанама 

(АВ қимасының бойымен) кернеулер туады.
Нормальды кернеу созылымды (оң ) және сығылымды (терiс) болып 
ажыратылады.
Кернеудiң тууына әр түрлi себептер болуы мүмкiн. Сырттан түскен 
күштiң әсерiнен немесе түскен күштiң әсерiнсiз дененiң iшiнде туып, сол 
ортада қалыптасатын iшкi қалдық кернеулер, уақытша кернеулер болып 
ажыратылады. Iшкi қалдық кернеулер металды қыздырып немесе суыту 
процесiнде оның беткi қабаты мен iшкi қабатының керiлiп немесе 


сығылуының бiртектi болмауынан туады. Мұндай кернеулер жылулық 
немесе термиялық деп аталады. Кристалдану процесiнде, әртектi 
деформациялауда, термиялық өңдеу процесiнде фазалардың өзгеруi материал 
көлемiнде бiрқалыпты өтпеуiнен туындайтын кернеулер фазалық
 
немесе 
құрылымдық
 
кернеу деп аталады.
Түскен күштiң әсерiнен туған кернеулердi 24 - суреттегi 
диаграмманың көмегiмен қарастыралық. ОА учаскесi деформацияның 
кернеуге пропорциональды тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Н о р м а л ь д ы

және ж а н а м а

кернеулердiң өсуi әр түрлi нәтиже 
бередi. Нормальды кернеудің өсуі материалды морт сындырып, жанама 
кернеу пластикалық деформация тудырады. Деформацияның туу жолын 24- 
суреттен бақылауға болады. 
Диаграммадағы ОА жaне АВ учаскелерiн бөлек қарастыралық. ОА 
учаскесi деформацияның кернеуге пропорциональды тәуелдiлiгiн көрсетедi. 
Мұндай тәуелдiлiктiң càқталуы кернеудiң пропорциональ шегi аталынып

пц
арқылы белгiленедi. АВ учаскесiнде мұндай тәуелдiлiк сақталынбайды. 
В нүктесiнде деформация тоқтап, материал қирайды. Материалдың
қирағанға дейiнгі қарсылық көрсетер ең үлкен кернеу күшi материалдың 
берiктiк шегi аталынып, 

в
арқылы белгiленедi. Демек, ОА және АВ 
учаскелерiне түскен кернеу күшi бiрдей емес деп болжауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет