Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


Көбік түзгіштер, көбік тұрақтандырғыштар, олардың әсерінің тиімділігін айтып түсіндіріңіз



бет17/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
11. Көбік түзгіштер, көбік тұрақтандырғыштар, олардың әсерінің тиімділігін айтып түсіндіріңіз.
Көбіктер – дисперстік фазасы газ, ал дисперстік ортасы сұйық заттар. Көбікті алу үшін және оған қажетті тұрақтылық беру үшін көбік түзушілер деп аталатын арнайы заттар қолданылады, көбік түзушінің 2 түрі бар. Көбік түзушілер бірінші түріне өмір сүру уақыты 10 сек болатын тұрақтылығы аз көбіктер жатады. Оларға спирттер,май қышқылдарының төменгі мүшелері БАЗ-дың басқа түрлері жатады. Көбік түзушілер екінші түріне сабын және синтетикалық коллоидтық БАЗ жатыды. Бұл түрге жоғары молекулалы қосылыстардың біраз қатарлары,ақуыз,желатин ,т.б жатады. Ұқсас реагенттердің әсерінен өмір сүпру уақыты минутқа,тіпті сағатқа созылады.
көбіктің тұрақтылығын арттыруға арналған, көбіктің қасиеттерiнiң ұзақ сақталуына себепшi болатын көп функциялды заттарды – көбікті тұрақтандырғыштар деп атайды.
Көбікті, кез келген дисперсті жүйе тәрізді, екі түрлі жолмен алуға болады: газдың өте майда (микроскопиялық) бөлшектерін біріктіріп үлкейту арқылы (конденсациялық әдісі) немесе оның үлкен бөлшектерін, керісінше, майдалау (дисперсиялау әдісі).


12.Аэрозольдердің молекула кинетикалық қасиеттерін түсіндіріңіз.
Аэрозольдер - дисперстік фазаның қатты немесе сұйық бөлшектері газды дисперстік ортада (ауада) таралуы нəтижесінде түзілетін жүйе
Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері
Аэрозольдардың молекулалы-кинетикалық қасиеттері ерекшеліктері келесі шарттарға негізделген:
- дисперсиялы фазаның бөлшегінің аз концентрациясы , мысалы, егер алтын гидролінің 1 см3 1016 бөлшегі болса, онда алтын аэрозолінің дәл осы көлемінде 107 аз бөлшек болады.
- дисперциялы ортаның- ауаның аз тұтқырлығы, сондай-ақ бөлшектердің қозғалысы кезінде пайда болатын үйкеліс (В) кооэффицентінің аз болуы.
Аэрозольдердің кинетикалық тұрақтылығы бөлшектердің өлшемімен анықталады. Аэрозоль бөлшектерінің шөгу жылдамдығы дисперстік ортаның тұтқырлығына тәуелді седиментациялық теңдеу арқылы анықталады. Аэрозоль бөлшектерінде коллоидты системалардағыдай диффузиялық қабат болмайды. Аэрозольдерді конденсациялық және диспергациялық тәсілдермен алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет