1.Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз. Коллоидтық химия – дисперстік жүйелер мен фазалардың бөліну беттерінде болатын беттік құбылыстарды зерттейтін ғылым. Коллоидтық химия физикалық химияның күрделі бір бөлімі болып қалыптасты. 19 ғасырдың 60-шы жылдарында жеке ғылым саласына айналды. Коллоидтық химия дисперстік жүйелердің түзілу және бұзылу жолдарын, қасиеттерін, фазалардың жанасу беттеріндегі молекулааралық әрекеттесу құбылыстарын зерттейді. Сондай-ақ оның зерттеу нысандарына әртүрлі дисперстік жүйелер дисперстік фазалар мен дисперстілеу ортаның жанасу беттері адсорбциялық қабаттар, ламинарлық және фибриллық жүйелер, аэрозольдер, ұнтақтар, көбіктер, эмульсиялар, жүзгіндер ,әртүрлі гельдермен зольдер жатады. Қазіргі коллоидтық химия мына құбылыстар мен процестерді қарастырады:
1) беттік және капиллярлық құбылыстар;
2) қатты дене беттерінің химиясы;
3) электрокинетикалық және электрокапиллярлық құбылыстар және ион алмасу құбылыстары;
4) дисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері;
5) дисперстік жүйелердің молекула –кинетикалық және тасымал құбылыстарын зерттеп, оларды дисперсиялық талдауға пайдалану;
6) лиофильдік және лиобофтық дисперстік жүйелердің пайда болу термодинаикасы мен теориялары, оларды алу және тазарту жолдары;
7) лиофильдік коллоидтық жүйелер, олардың пайда болу аймақтары;
8) дисперстік жүйелердің тұрақтылық теориясы;;
9) дисперстік жүйелердің физико-химиялық механикасы.
2.Дисперсті жүйелердің классификациясы және табиғаты,дисперсті жүйелерге жалпы сипаттама беріп, айтып беріңіз. Кез келген екі компонентті жүйеде компоненттердің біреуі екіншісінде бөлшектеніп, біркелкі таралған күйде болса, онда оны дисперсионды жүйе деп атайды. Дисперстілік. Дисперсті жүйелерді дисперсті фаза бөлшектеріні ң шамасына қарай бөлінеді: ірі дисперсті; жоғары дисперсті (микрогетерогенді); коллоидты; молекулалық.
Агрегаттық күй. Белгілі үш агрегаттық күйге сәйкес дисперстік жүйені 9 түрге бөлуге болады . Әдетте әрбір түрді ондағы бос әріптерді қысқартып, бөлшек алымына дисперсті фазаны, ал бөлшек бөліміне дисперсті ортаны жазады.
Заттағы дисперсті фазаның дисперсті ортада шекті ерігіштігі—дисперсті жүйенің пайда болуындағы қажетті жай. Мысалы, дисперсті г/г жүйесіндегі газдардың бір-бірінде шексіз еритіндігінен әдетте көріне бермейді.
Жоғары дисперсті жүйелерді зольдер дейді және осыған орай дисперсті ортаның сипатына сәйкес гидрозольдер, органикалық зольдер, аэрозольдер болып бөлінеді. Ал ірі дисперсті жүйедегі қатты фазаның сұйық ортада таралуын жүзгіндер (суспензиялар), ал фаза да, орта да сұйық болса, оны эмульсиялар дейді.
Құрылым. Барлық дисперсті жүйелер құрылым жағынан еркін (бос) дисперсті және біріккен (байланысқан) дисперсті болып бөлінеді. Еркін дисперсті жүйе дегеніміз- дисперсті фаза мен дисперсті орта бірімен-бірі өзара байланыспай әрқайсысы бос жүретін дисперсті жүйе. Оған жүзгіндер, эмульсиялар, аэрозольдер мен жалпы зольдер жатады. Дисперсті фаза мен дисперсті орта өзара берік байланысқан жүйелерді байланысқан дисперсті жүйе дейді. Оған капиллярлі кеуек заттар, диафрагмалы денелер, жұқа пленка- мембраналар, кәдімгі полимерлер, қатты ерітінді- қорытпалар жатады.