Деңгей Коллоидты химияны ғылым ретінде сипаттап жазыңыз


БАЗ эмульсия мен көбік ретінде қолдану жолдарын айтып, талдаңыз



бет29/30
Дата12.05.2023
өлшемі111,42 Kb.
#92628
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
14. БАЗ эмульсия мен көбік ретінде қолдану жолдарын айтып, талдаңыз.
Беттік активті заттар—фаза (орта) бөлімінің бетінде оның бос энергиясын (беттік керілуді) төмендетіп, жинақталуға қабілетті заттар.БАЗ өндірістің көп салаларында және тұрмыста кең қолданылады. Солардың кейбіреулері төменде көрсетілген: 1. БАЗ синтетикалық жуғыш заттардың-детергенттердің негізін құрайды. Коллоидық БАЗ-дар жақсы жуғыштық әсері көптеген коллоидтық химиялық процестердің жиынтығына негізделген. а) БАЗ қатысында беттік керілудің азаюының салдарынан қатты дене бетінде жұғу жақсарады да, сұйықтық матаның ұсақ капиллярына жаксы енетін болады; ә) сабынның молекулалары матаның және қатты немесе сұйық ластардың беттерінде адсорбцияланып,адсорбциялық қабат түзеді де сыналық қысым тудырады. Ол бөлшектердің беттен бөлініп жуғыш сұйықттыққа көшуіне мүмкіндік жасайды; б) Ластардың бетіндегі адсорбциялық қабыршақтар ол бөлшектерге жоғары агрегаттық тұрақтылық береді және олардың матаның басқа жеріне жабысуына кедергі жасайды. в) Коллоидтық БАЗ қатысында көбік түзіледі,ол болса ластарды беттен механикалық түрде кетуіне мүмкіндік жасайды. 2. БАЗ әртүрлі майлағыш сұйықтардың құрамына кіреді. 3. БАЗ микрогетерогендік жүйелердің; суспензиялардың,эмульсиялардың, көбіктердің, ұнтақтардың стабилизаторлары болып табылады. Көбіктер басқа дисперстік жүйелерден қозғалғыштығымен және фазалар бетінің өзгеру қабілеті арқылы ажыратылады. Фазалардың бөліну бетінің төмендеуі көбіктердің өмір сүруін азайтады,сол себептен көбіктердің тұрақтылығын сақтау үшін БАЗ қолдану керек болады. Көбіктерге БАЗ тұрақтылық қасиет береді. БАЗ қатысында қабыршақтар жарылмайды,кризистік қалыңдыққа жеткенде секірмелі түрде өте жұқа қабыршақтарға 5-10нм, ауысады. Оларды «қара қабыршақтар» деп атайды.


15.Көбік туғызғыштар дегеніміз не? Олардың механизмін талдап, жазып көрсетіңіз.
Көбіктер – дисперстік фазасы газ, ал дисперстік ортасы сұйық болса сұйық көбік, ал дисперстік ортасы қатты зат болса, қатты көбік деп аталатын дисперстік системалар. Сұйық көбікті сұйық құйылған және ауасы бар ыдысты шайқап алады. Осы кезде сұйық ұсақталып, ауамен араласа келіп, көбік құрайды. Сондай-ақ сұйық арқылы ауаны үрлегенде де көбік пайда болады. Бұл әдіс флотацияда жиі қолданылады. Көбіктерді конденсациялық тәсілмен де алуға болады. Кейде химиялық реакция кезінде газ бөлінеді де, ол газды фаза құрайды. Мысалы, өрт сөндіргіштегі сұйық көбік химиялық реакцияға негізделген:
NaHCO+ HCI = NaCI + H2O + CO(62)
Мұндағы су мен көмірқышқыл газы сұйық көбікті түзеді. Ондағы су – дисперстік ортада, көміртек (IV) оксиді – дисперстік фаза.
Әдетте таза сұйықтағы көбіктер көпке төзбейді және олар тез жарылып немесе біріге келіп жойылады. Көбіктерді тұрақтандыру мақсатымен сұйыққа белок, танид сияқты жоғары молекулалық қосылыстарды қосады, олар газ - сұйық жанасу шегіндегі бетке адсорбцияланып, берік қабат құрастырады. Көбіктерді беттік активті заттарды пайдаланып та тұрақтандыруға болады. Олар газ - сұйық жанасу шегінде бағыттала адсорбцияланып, берік қабықша түзеді. Көбікті тұрақтандырушы заттарды көбік туғызғыштар деп атайды. Көбік туғызғыштар ретінде сабындар, жоғары молекулалы қосылыстар, фенол және т.б. заттар пайдаланылады. Көбіктердің маңызы зор, олар әр түрлі өндірістерде, тұрмыста: кір жуу, тазалау әдістері, өрт сөндіру,дәрі-дәрмек, флотация процестерінде кеңінен пайдаланылады. Көбікті, кез келген дисперсті жүйе тәрізді, екі түрлі жолмен алуға болады: газдың өте майда (микроскопиялық) бөлшектерін біріктіріп үлкейту арқылы (конденсациялық әдісі) немесе оның үлкен бөлшектерін, керісінше, майдалау (дисперсиялау әдісі).

16.Электрофорез теориясын талдап жазыңыз.


Электрофарез термині «Электр» және «phoresis» деген екі бөліктер құралған. Электрофорез – сыртқы электр өрісі әсерінен дисперсті фазаның зарядталған бөлшектерінің дисперсті ортаға қатысты қозғалуы. Электр кернеулік электроосмос және электрофорез құбылыстарын қамтамасыз етеді, ал сұйықтардағы қозғалыс электр кернеулігін туғызады.
Мысалы: Сұйық капилляр түтікшелерінен ағып өткенде ағын потенциалы пайда болса, сұйықтардағы ұнтақталған диперсиялық бөлшектердің шөгуін – седиментация немесе шөгу потенциалы деп атайды.
Қорыта айтқанда, электр кернеулігі қозғалыс туғызса (электросмос, электрофорез), қозғалыс электр кернеулігін туғызады, яғни ағын потенециялы мен шөгу потенциалы пайда болады. Осы құбылыстарды электрокинетикалық құбылыстар деп атайды. Электрофарездің физикалық процессі бүгінгі таңда әр салада кеңінен қолданысқа ие. Көбіне физиоемдік емшараларда кеңінен қолданылады, жәнеде биологиялық заттарды зерттеу әдістеріне де қолданысқа ие болады. Электрофарездің негізі ретінде электролиттік диссоциациялану процесі болып табылады. Электрофорезді 1807 ж П.Рейсс ашқан. Электрофорез электрокенетикалық құбылыстың бір түрі.
Электр өрісінің әсерінен қозалысқа түсетін бөлшектің жылдамдығы Смолуховскийдің теңдеуімен анықталды.
Мұндағы: ε –диффузиялық электрлік өтімділік
Е – электр өрісінің кернеулігі
Z - дзете потенциал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет