|
ушылардың іс-әрекет ушылардың іс-әрекет
|
бет | 2/2 | Дата | 21.04.2022 | өлшемі | 4,68 Mb. | | #31700 |
| Байланысты: МОДУЛЬ Сушылардың іс-әрекет ушылардың іс-әрекет
Мақсаттар жүйесі
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Білу
|
Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері.
|
Түсіну
|
Оқушы білімді қабылдайды,түсінеді,түсіндіреді.
|
Қолдану
|
Алған білімді нақты іс -әрекетте қолданады.
|
Талдау
|
Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды,салыстырады.
|
Жинақтау
|
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.
|
Бағалау
|
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды.
| Мақсаты: - Өсімдік бөліктері не үшін қажет екенін білеміз
I деңгей –Білу деңгейі Тапсырма: Тамыр мен сабақ қандай қызмет атқарады?
Мақсаты: мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады. Мағлұмат пен деректерді еске түсіреді;
Әдістемелік нұсқаулық: білім алушының өздігінен орындауына ұсынылады.
А.есімді білім алушының болжамды жауабы: Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді
С.есімді білім алушының болжамды жауабы: Сабақ өсімдікті қстап тұрады.
Дескриптор: - Тамыр мен сабақтың қызметтерін біледі.
II деңгей – Түсіну деңгейі Тапсырма: Тамырына қарап өсімдіктің қандай жерде өсетінін анықтауға бола ма?
Мақсаты: мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіріп, есте қалған мағлұматты басқаларға жеткізу жолдарын айқындайды.
Әдістемелік нұсқаулық: білім алушыларға жұптасып талқылауға беріледі
А.есімді блім алушының болжамды жауабы:иә, ол топырақтың қаттылығына , жұмсақтығына байланысты
С.есімді білім алушының болжамды жауабы: шөл өсімдіктерінің тамырлары ұзын болады.
Дескриптор: - Тамырына қарап өсімдіктің қандай жерде өсетінін анықтай алады.
III деңгей – қолдану деңгейі Тапсырма: Тамыр мен сабақты суға салып, суды қалай сіңіретінің тәжірибе жүзінде жасап көр.
Мақсаты:стакандағы су деңгейінің өзгерісін бақылау
Әдістемелік нұсқаулық: білім алушыларға топтасып жасауға ұсынылады.
А.есімді білім алушының болжамды жауабы: Сабақ өсімдікті ұстап тұрады.
С.есімді білім алушының болжамды жауабы: ол су мен қоректік заттарды басқа бөліктерге өткізеді.
Дескриптор: - Тамыр мен сабақты суға салып, суды қалай сіңіретінің тәжірибе жүзінде жасай алады.
IV деңгей – Талдау деңгейі Тапсырма: Алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндеріне назар аудар. Оларды сипатта, қорытынды жаса
Мақсаты: Алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндерін салыстырады және қорытынды жасайды.
Әдістемелік нұсқаулық: топта талқылайды, салыстырулар жүргізеді.
А.есімді білім алушының болжамды жауабы: жапырақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі болады.
С.есімді білім алушының болжамды жауабы: Алма ағашының және қарлығанның жапырақтары ұқсас.
Дескриптор: - Алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндерін сипаттайды, қорытынды жасайды
V деңгей - Жинақтау деңгейі Тапсырма: Мозайка әдісі бойынша берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар - Мақсаты:Алған білімдерін жинақтап, өсімдіктің бөліктерін құрастыру.
1- топ
|
2-топ
|
3-топ
|
Тамыр. Тамыр сабаққа бекіп, суды сіңіреді.
|
Сабақ. Сабақ қоректік заттарды өткізеді.
|
Гүл. Өсімдіктің көбею мүшелері
|
Әдістемелік нұсқаулық: әр топ өздеріне берілген өсімдіктің бөліктерін құрастырады
Дескриптор: - Алған білімдерін жинақтап, өсімдіктің бөліктерін құрастыра алады.
VI деңгей -Бағалау деңгейі Тапсырма: Тақтаға адам мен өсімдіктің суретін іліп, ортақ қасиеттері бойынша салыстырыңдар.
Мақсаты: адам мен өсімдіктің ортақ қасиеттерін салыстырады
Әдістемелік нұсқаулық: білім алушыларға жұптасып талқылуға беріледі
А.есімді білім алушының болжамды жауабы: жарық, ауа
С.есімді білім алушының болжамды жауабы: қоректік заттар
Дескриптор: - Адам мен өсімдіктің ортақ қасиеттерін салыстырады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|