Деңгейлік тапсырмалар. Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?


ушылардың іс-әрекет ушылардың іс-әрекет



бет2/2
Дата21.04.2022
өлшемі4,68 Mb.
#31700
1   2
Байланысты:
МОДУЛЬ С

ушылардың іс-әрекет

ушылардың іс-әрекет


Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың іс-әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері.

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды,түсінеді,түсіндіреді.

Қолдану

Алған білімді нақты іс -әрекетте қолданады.

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдайды, саралайды,салыстырады.

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады.

Бағалау

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды.

Мақсаты:

I деңгей –Білу деңгейі

Тапсырма: Тамыр мен сабақ қандай қызмет атқарады?


Мақсаты: мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады. Мағлұмат пен деректерді еске түсіреді;

Әдістемелік нұсқаулық: білім алушының өздігінен орындауына ұсынылады.

А.есімді білім алушының болжамды жауабы: Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді

С.есімді білім алушының болжамды жауабы: Сабақ өсімдікті қстап тұрады.

Дескриптор:

  • Тамыр мен сабақтың қызметтерін біледі.

II деңгей – Түсіну деңгейі

Тапсырма: Тамырына қарап өсімдіктің қандай жерде өсетінін анықтауға бола ма?


Мақсаты: мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіріп, есте қалған мағлұматты басқаларға жеткізу жолдарын айқындайды.

Әдістемелік нұсқаулық: білім алушыларға жұптасып талқылауға беріледі

А.есімді блім алушының болжамды жауабы:иә, ол топырақтың қаттылығына , жұмсақтығына байланысты

С.есімді білім алушының болжамды жауабы: шөл өсімдіктерінің тамырлары ұзын болады.

Дескриптор:

  • Тамырына қарап өсімдіктің қандай жерде өсетінін анықтай алады.

III деңгей – қолдану деңгейі

Тапсырма: Тамыр мен сабақты суға салып, суды қалай сіңіретінің тәжірибе жүзінде жасап көр.


Мақсаты:стакандағы су деңгейінің өзгерісін бақылау

Әдістемелік нұсқаулық: білім алушыларға топтасып жасауға ұсынылады.

А.есімді білім алушының болжамды жауабы: Сабақ өсімдікті ұстап тұрады.

С.есімді білім алушының болжамды жауабы: ол су мен қоректік заттарды басқа бөліктерге өткізеді.

Дескриптор:

  • Тамыр мен сабақты суға салып, суды қалай сіңіретінің тәжірибе жүзінде жасай алады.

IV деңгей – Талдау деңгейі

Тапсырма: Алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндеріне назар аудар. Оларды сипатта, қорытынды жаса


Мақсаты: Алма ағашы мен қарлыған жапырақтарының пішіндерін салыстырады және қорытынды жасайды.

Әдістемелік нұсқаулық: топта талқылайды, салыстырулар жүргізеді.

А.есімді білім алушының болжамды жауабы: жапырақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі болады.

С.есімді білім алушының болжамды жауабы: Алма ағашының және қарлығанның жапырақтары ұқсас.

Дескриптор:

V деңгей - Жинақтау деңгейі

Тапсырма: Мозайка әдісі бойынша берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар

  • Мақсаты:Алған білімдерін жинақтап, өсімдіктің бөліктерін құрастыру.

1- топ

2-топ

3-топ

Тамыр. Тамыр сабаққа бекіп, суды сіңіреді.

Сабақ. Сабақ қоректік заттарды өткізеді.

Гүл. Өсімдіктің көбею мүшелері

Әдістемелік нұсқаулық: әр топ өздеріне берілген өсімдіктің бөліктерін құрастырады

Дескриптор:

  • Алған білімдерін жинақтап, өсімдіктің бөліктерін құрастыра алады.

VI деңгей -Бағалау деңгейі

Тапсырма: Тақтаға адам мен өсімдіктің суретін іліп, ортақ қасиеттері бойынша салыстырыңдар.


Мақсаты: адам мен өсімдіктің ортақ қасиеттерін салыстырады

Әдістемелік нұсқаулық: білім алушыларға жұптасып талқылуға беріледі

А.есімді білім алушының болжамды жауабы: жарық, ауа

С.есімді білім алушының болжамды жауабы: қоректік заттар

Дескриптор:

  • Адам мен өсімдіктің ортақ қасиеттерін салыстырады.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет