Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді



бет14/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Курсовая 1

Ұйымдастыру-экономикалық дайындықты жүргізу барысында өндірісті техникалық дайындауды жоспаралу үшін мөлшерлер (нормалар) бекіту, еңбек күші, материалдар, қаржы ресурстарына қажеттілікті есептеу, күнтізбелік жоспар жасау, мөлшерді есептеу, еңбекақы жүйесі мен ұжым нысандарын таңдау, калькуляция мен өндіріс сметасын құру, жұмыс күшіне, материалдарға, құрал-жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құжаттар түрін белгілеу, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орындарына қызмет көрсету және оларды жабдықтау, өндірісті қосымша қажетті ресурстармен қамтамасыз ету сияқты жұмыстар орындалады.
Нарықтық экономикада жаңа өнім түрлерін өндіріске енгізу, оны дайындау және өндірісті техникалық дайындықтан өткізу жұмыстарды өте жедел түрде жүргізілуі қажет. Ұтымды пайдаланылған уақыт, сұранымға сай өнімді тұтынушыларға дер кезде ұсыну кәсіпорынды табысқа кенелтеді. Кері жағдайда кәсіпорын шығындарын өтей алмау жағдайы пайда болады.
Өндірісті дайындауға байланысты шараларға жұмсалатын шығындар неғұрлым аз болып, оның сапаға зиян тимеген жағдайда кәсіпорынның
экономикалық көрсеткіштері жоғары болады. Сонымен қатар жаңадан жасалатын өнімнің техникалық деңгейі өндірістік үрдісте және оны пайдалану кезінде де отандық және шетелдік үлгілерден басым болса, патенттік-техникалық тұрғыда жоғары нәтиже береді.

Қорытынды
Нарықтық экономика кезінде ағындық өндіріс түпкілікті түрде ерекшеленуімен қатар ол жұмысшылардың жұмыс уақытын толық пайдалану құралы ретінде қолданылады.. Өндірістің ағындық әдістері еңбек жағдайын жақсарту мен жеңілдетуге, әрбір жұмыс орнында жұмыскерлердің біліктілігін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, жалпы кәсіпорынның табысын молайтуға себебін тигізеді.
Өндірістің ағындық әдістерін кең түрде қолдану өнім өндіруді, оны құрайтын түйіндері мен бөліктерінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Бұл бұйымдарға стандартты элементтер мен унифицирленген түйіндерді максималды түрде қолдануға, өндірісті мамандандыруды тереңдетуге көмектеседі.
Өндірістік үрдістерді жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру, еңбек пен өндірісті ғылыми ұйымдастыру негізінде өндіріске кешенді ағындық әдістерді енгізу кез келген кәсіпорынның табысын арттыруға ықпалын тигізеді.
Ағындық өндірісте көп жағдайда өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастырудың негізгі қағидаларын жүзеге асыру негізгі мақсат болып табылады. Мұнда әрбір мамандырылған жұмыс орнында белгілі бір операцияны орындау технологиялық үрдістің тәртібіне сәйкес бекітіледі, еңбек барлық орындарында қосарлы (параллельді) түрде орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет