Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.
Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатажы. Осы негізгі үш фактордың тікелей өзара әрекеті үрдістің мазмұнын құрайды.
Кәсіпорынның өндіретін өнімдері қолданылу бағытына байланысты негізгі және көмеккші өндірістің өнімдері болып табылады. Негізгі өндірістің өнімдері, әдетте, сатуға арналады, ал көмекші өндірістің өнімдері негізгі өндіріс өнімдерін дайындаудағы кәсіпорынның өз мұқтаждықтарына қолданылады.
Кәсіпорынның өндіретін өнімнің күрделілігіне байланысты жай (қарапайым) және күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай өндірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өңдеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралелді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.
Өнім өндірудің технологиялық операцияларға бөлінетін бірқатар бөлшектік үрдістерден құралады.
Технологиялық операциядеп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.
Жұмыс орны – жұмысшы нақты өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт бойынша операциялардың сәйкестелуімен және кеңістікте ұтымды орналасуымен тікелей байланысты болады.Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.