Дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді



бет8/18
Дата06.12.2022
өлшемі57,32 Kb.
#55164
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
Курсовая 1

Кешенділеу (комбинирлеу) – бір фирма шеңберінде әр түрлі өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарын үйлестіру. Бұл шикізатты өніду сатысындағы өзгерістерді қамтиды.
Комбинаттар келесі белгілермен сипатталады:
-әр түрлі сала кәсіпорындарының бірігуі;
-өндірістің техника-экономикалық бірлігі және пропорционалдығы;
-энергетикалық жүйенің бірлігі;
-бір аймақта орналасуы;
-негізгі өндірістерге қосымша цехтар мен қызметтердің орталықтандырылған қызмет көрсетуі;
-басқару бірлігі.
Қазіргі кезде кешенделудің бағыттарына мыналар жатады:
А) өнімді өндіру сатыларының үйлесімділігі;
Б) шикізатты, мұнайды, көмірді кешенді қайта өңдеу;
В) қалдықтарды тиімді пайдалану
1.5.Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары

Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына келесілері жатады:


1. өнім көлемі- кәсіпорын неғұрлым ірі болғансайын, оның өндірістік цехтарының саны көп боады. Ағындық жүйе күшті және мамандандырылған цехтардың саны шағын кәсіпорындарға қарағанда көп болады.
2. пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы- өндірістік үрдістің орындалу барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады.
3. өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен нысандары- өндірісті ұйымдастырудың шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау түрлерінің деңгейін арттыру кәсіпорынның өндірістік құрылымын жеңілдетеді, өндірістік үрдісті өндірістік-техникалық жабдықталуын арттырады.
4. қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру нысандары- кешенді фактор дербес секциялардың бөліну қажеттілігін туғызады.
Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі бағыттары келесі:
А) кәсіпорыннан негізгі өндірістің жеке бөлімдерін бөліп шығару;
Б) өндірістік кәсіпорынды заттық белгісіне қарай мамандыру өндірістік құрылымның біркелкі болуын қамтамасыз етеді;
В) өндірістік кешендер құру кәсіпорын шеңберінде өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі түріне жатады;
Г) қосымша және қосалқы өндірісті жеке кәсіпорын ретінде еншісін беріп бөліп шығару немесе өндірістік кәсіпорын шеңберінде орталықтандыру;
Д) аз өнім өндіретін кәсіпорындарда цехсыз жұмыс істеуді ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет