Дәлел-дәйектерімен намаз оқу үлгісі
99
сұқ саусақты қимылдату жөнінде айтылмаған. Хафиз
Әбу Бәкір ибн Хузайма «қимылдататын еді»
деген
сөздің артық екендігін анық айтады. Ол өзінің «әс-
Сахих» еңбегінде: «Бұл риуаяттан басқа ешбір риуаятта
(қимылдататын еді) дегені айтылмаған. Осы риуаятта
ғана артық айтылған» деген.
Ал, енді жоғарыдағы дәлел ретінде келтіріліп
отырған хадистегі «саусағын қимылдататын еді» деген
сөзді «артық», «шәзз», деп, қабылдамағанның өзінде оны
Абдуллаһ ибн Зубайрдың «үздіксіз қимылдатпайтын
еді» деген
хадисімен тігісін жатқызып, бір-біріне
қайшы келмейтіндей етіп түсіндіруге де болады. Яғни,
«сұқ саусағын қимылдататын еді» дегенде оны үздіксіз
қимылдату тұрғысынан емес, саусақты жоғары көтеріп,
ишарат ету, деп, түсіну керек. Себебі, бір рет жоғары
көтерудің өзі қимылдатуға жатады. Сонда Мүслімдегі
және басқа да хадистердегі «саусағын көтеріп, ишарат
ететін» еді деген хадистерге қайшы келмейді. Бұл
жайлы Имам әл-Бәйһақи былай дейді:
«Уайл ибн Хужрдың риуаятындағы «қимылдататын
еді» деген тіркестің мағынасы үздіксіз қимылдатуды
емес,
саусақты бір рет көтеріп, (Алланың бір
екендігіне) ишарат етуді білдіруі ықтимал. Осылай
түсінген жағдайда бұл риуаят Абдуллаһ ибн Зубайрдың
«қимылдатпайтын еді» деген риуаятына сәйкес
келеді»
199
.
199
Әбу Бәкір Ахмет ибнул-Хұсейн ибн Әлі ибн Мұса әл-Бәйһақи, әс-
Сунанул-Бәйһақил-кубра, 2-том, 131-бет. «Дәрул-Баз», Мекке, 1994 ж.
2-том, 131-бет.