ұ с т а з ы
Ару мекен, киелі Жайық төрінде
орналасқан, құт дарып, қасиет қонған
қара шаңырақ, көгінде көк туы желбіреген
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университеті көп жылдан бері
облысымыздың
спорт
орталығына айналған.
Облысымыздың дәл
осы аймағында маңызы
зор жарыстар өтуде.
Қатты
қуантатыны,
БҚМУ спорт сарайында қандай бәсеке өтсе
де, оның деңгейі тек жоғары болады. Бұл
жергілікті спорт саласында жасалынып
жатқан ауқымды жұмыстың жемісі деп
білемін.
Сәрсенбінің
сәтті
күні
БҚМУ
спорт сарайында Махамбет Өтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің профессор – оқытушылар
құрамы мен қызметкерлері арасында
алғашқы рет өз жалауын көтеріп, Ұлы
Жеңістің 70-жылдығына арналған 58-
ші
«Денсаулық-2015»
спартакиадасы
болып өтті. Бұл университет спорты үшін
тағы бір белес болмақ. Бүгінгі сайыстың
ерекшелігі университеттің профессорлары,
оқытушылары мен қызметкерлері Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың
салиқалы
саясатын
қолдап, салауатты өмір салтын берік ұстануда
әрбір командалар өз факультетінің спорттық
намыстарын қорғап, қиын да абыройлы жолда
шеберліктерін шыңдады. Жеңіске жеткені,
жеңіліс тапқаны болсын, спортшылардың
әрқайсысы құрметке лайық. Ұлы Жеңістің
70 жылдығына арналған 58-ші «Денсаулық-
2015»
спартакиадасының
ерекшелігі:
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ректоры
«Парасат» орденінің иегері, облыстық
мәслихат депутаты, академик Иманғалиев
Асхат Сәлімұлының университет әкімшілік
құрама командасының капитаны болып
топ бастап шығуы. Бес күн бойы жалғасын
тапқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай
«Денсаулық-2015»
спартакиадасының
қорытынды марапаттау рәсімінде университет
әкімшілік құрама командасы команда
капитаны Асхат Сәлімұлының жүлделі
орынға қол жеткізуін ерекше атап өтуге
болады. Асхат Сәлімұлының өзгеше бір өзіне
ғана тән ерекшелігі – қандай
да болмасын
болып жатқан
жарыстарға
уақытын
бөліп
өзі аяқтай барып, не болғанын көзімен
көріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді
өз қолынан марапаттап қайтады. Сосын
барып қол астындағы спортшылармен ұстаз
жаттықтырушыларға өз бағасын береді.
Олай болса, сөзіміздің дәлелді болуы
үшін сайыста сынға түскен командалар.
1. «Университет әкімшілігі» құрама
командасы.
Команда капитаны М. Өтемісов атындағы
БҚМУ-нің ректоры Иманғалиев Асхат
Сәлімұлы.
2. «Жаратылыстану – география»
факультетінің құрама командасы.
Команда капитаны ХҒК Ниязбекова
Ақтоты Болатқызы.
3. «Филология» факультетінің құрама
командасы.
Команда капитаны п.ғ.д, профессор
Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы.
4. «Физика-математика» факультетінің
құрама командасы.
Команда капитаны ф.ғ.к, Миниус Гүлсім
Медеуқызы.
5. «Педагогика» факультетінің құрама
командасы.
Команда капитаны п.ғ.к, Ерғалиева
Гүлжан Алғазықызы.
6. «Экономика, тарих және құқық»
факультетінің құрама командасы.
Команда капитаны э.ғ.к, доцент
Нестеренко Галина Ивановна.
7. «Мәдениет және өнер» факультетінің
құрама командасы.
Команда капитаны магистр Исатаев
Мейрам Исатайұлы.
Спартакиада спорттың 7 түрінен өтіп,
185 спортшы қатысты.
Спартикиаданың
ашылу салтанатына Ұлы Отан
соғысы тыл және еңбек ардагерлері
шақырылды: Букаткин П.Р, Сүйінішалиев
Қ.Ж, Исмағұлов К.И, Чернышев Д.М,
Шарабасов С.Ғ. Оларға гүл шоғын беріп
құрмет көрсетті.
Шараның ашылу салтанатында М.
Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік
университетінің
ректоры
Иманғалиев Асхат Сәлімұлы аталмыш
мерекемен
құттықтап,
сайысқа
қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың
бас төрешісіне әділ баға беруін тапсырды.
Сөз соңында алдағы мерейтойлық
күндер – Қазақ хандығының 550 жылдығын,
Конституцияның және Қазақстан халқы
Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге
дайындық барысы туралы баяндады. Ал
бүгінгі спартакиада Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 70 жылдығына арналса, осы іс-
шаралардың жастарды патриоттық рухта
тәрбиелеу, мемлекеттікті нығайту, бірлік пен
келісімді қамтамасыз ету үшін маңыздылығын
атап отырып, жоғары деңгейде ұйымдастыру
қажетігіне назар аударды.
Құрметті ардагерлер! Ұлы шайқаста
ерлікпен Жеңіске жетіп, бейбіт өмір
сыйлағандарыңыз үшін мың алғыс! Сіздердің
алдарыңызда бас иеміз! Мейрамдарыңыз
құтты болсын! – деп сөзін аяқтады.
Шара
барысында
халықаралық
байқаулардың лауреаты, университет доценті
Қуаныш Қысметов патриоттық әндерімен
сайысқа қатысушыларға шабыт сыйлады.
Спартакиаданың
ашылу
салтанатынан
соң көрініс бірден қызып сала берді. Тіпті
қатысушы командалардың ішінде осалы жоқ
деп айтсақ, қателеспеген болар едік.
Асқар Әбубәкіров,
«Жайық ұстазы» газетінің штаттан
тыс тілшісі
№3-4 (306-307)
12 наурыз,
2015 жыл
Ақпараттық, танымдық және әдістемелік басылым
Ж А Й Ы Қ
Р
ектор қатысқан спар
такиада
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ақпан айында Алматы
қаласында мектеп оқушылары
арасында өткен респуб-
ликалық ғылыми жобалар
конкурсынан облыста тұңғыш
рет химия пәнінен облыстық
дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектептің
2 оқушысы олжалы оралды.
Ел болашағының үкілі үміті -
білімді жастар. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың
Қазақстан
халқына
арнаған
жолдауы
«Қазақстан-
2050»
Стратегиясы-қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
аясында оқушылардың республикалық
ғылыми жобалар конкурсы өткізілуде.
Дәстүрлі түрде жалпы білім беретін
пәндер
бойынша
республикалық
ғылыми
жобалар
конкурсының
бірнеше кезеңінен өткен, ғылыми
зерттеу
жұмысымен
айналысқан,
ғылымға алғаш қадам басқан 11-
сынып оқушылары Есқалиева Г. мен
Хайруллина Г. жүлделі ІІ орынды
иеленіп келді. Оқушыларымыздың
бойынан еңбексүйгіштік, табандылық
пен
білімге
деген
құштарлық
байқалды. Гүлнар мен Гүлбану
қабілет, табандылық, мақсатқойғыштық
арқасында осындай жеңіске жетіп отыр.
Химия пәнінен республика бойынша
30 жұмыстың ішінен іріктеліп, ІІ орынды
иеленгені - мектеп үшін үлкен қуаныш.
Әрине, бұл ғылыми жетекшімен ұзақ
дайындықтың, зерттеудің нәтижесінде
болып отыр. Ғылыми жетекші, химия
ғылымдарының докторы, профессор
- Д.К.Меңдалиеваға үздік еңбегі үшін
алғыс айтамыз.
Біздің оқушымыз Есқалиева Г.
облыстық олимпиаданың химия
пәні бойынша жүлдегері, енді ол
наурыз айында өтетін республикалық
олимпиадаға қатынасады.
Терең білім - тәуелсіздігіміздің
тірегі. Оқушыларымызға Қазақстанның
өз ғылым мен технологиясын, өзіндік
ұстанымын жасайтын ғылым иесі
болуларына тілектеспіз.
Г.Әбілман,
Облыстық дарынды балаларға
арналған мамандандарылған
мектеп-интернатының химия пәні
мұғалімі
Мерекелеріңіз құтты болсын, абзал арулар!
С п р а з д н и к о м , д о р о г и е Ж е н щ и н ы !
2015 жылы 24 ақпанда колледж студенттері
арасында
ақын
Қадыр
Мырзалиевтің
шығармашалығын насихаттау арқылы қазақтың тілі
мен әдебиетіне және поэзияға қызығушылықтарын
арттыру мақсатында Ғ.Құрманғалиев атындағы
облыстық филармонияның үлкен залында «Болу
үшін жаралғам, туған жердің жырауы» атты
облыстық Қадыр оқулары байқауы өтті.
Байқаудың қорытындысы бойынша Батыс
Қазақстан
облысы
білім
басқармасының
дипломдары мен грамоталары, Мектепке дейінгі,
жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің сертификаттары және республикалық
Қадыр Мырза Әли атындағы қоғамдық қорының
алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары студенттерге
табыс етілді.
Бас жүлде – Махатова Әйгерім, Орал
«Сервис» технологиялық колледжі, жетекшісі
Ш.Г.Тасболатова;
I орын – Жексенғалиева Мөлдір, Жәнібек
колледжі, жетекшісі Г.Б.Жукеева;
II орын – Шынболатова Эльзира, Ж.Досмұхамедов
атындағы педагогикалық колледжі, жетекшісі
К.Қ.Қосбаева;
III орын – Өтешов Мұрагер, А.Иманов атындағы
жол – көлік колледжі, жетекшісі Г.Р.Таубаева.
Номинация бойынша:
«Сырнайдай әсем әуені үшін» Қылышбеков
Жайық, Орал политехникалық колледжі, жетекшісі
М.С.Бейілова;
«Қадыр өлеңдерін жүректен жүрекке жеткізу»
Жұмагелдин Қожамберді, Орал «Мақсат» медицина
колледжді, жетекшісі Г.Қ.Жанисова;
«Қадыр өлеңдерін мәнерлеп оқу шебері»
Жамбулова Алтынай, Батыс Қазақстан медициналық
колледжі, жетекшісі Ж.Б.Доскалиева;
«Қадыр өлеңдерін насихаттаушы» Өтеш Сымбат,
Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі,
жетекшісі Г.Х.Джарасова.
Ғажайып, сыршыл, гуманист ақын,
бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге
естілмейтін құпия дыбыстардан тоят
алатын ақын Мұқағали Мақатаевтың
шығармашылығына арналған оқушылар
мен поэзияны сүйетін адамдар арасына
таратуға арналған «Мақатаев оқулары-
2015» байқауы Батыс Қазақстан облыстық
білім
басқармасы
оқу-әдістемелік
кабинеті және «Дарын» қосымша білім
беру мекемесінің ұйымдастыруымен 2015
жылдың 13 ақпаны күні «Дарын» қосымша
білім беру мекемесінің базасында өтті.
Байқаудың
облыстық
кезеңіне
облыстық мектептер, қалалық және
аудандық оқулардың 14 жеңімпазы
қатысты. (12 аудан, Орал қаласы және
Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин
атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-
интернаты)
Олар ақынның шығармашылығын
жетік білу бойынша сынға түсті. Ақынның
өмірбаяны мен туындылары туралы 10
сұраққа жауап берді, М.Мақатаевтың
өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқыды
және қазылар алқасы берген тақырыптарға
өлең шумақтарын құрастырды.
Тапсырмалардан сүрінбей өткен
Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы
ЖББОМ 10 сынып оқушысы Қуанышев
Абылайхан бас жүлдені иемденді. Дарынды
балаларға арналған мамандандырылған
С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық
қазақ мектеп-интернатының 8 сынып
оқушысы Болатова Айару І орын,
М.Мәметова атындағы №27 мектеп-
лицейінің 10 сынып оқушысы Рахмашев
Заманбек пен Жаңақала ауданы, Айдархан
ЖББОМ 9 сынып оқушысы Нысанғалиев
Данияр ІІ орын, Жәнібек ауданы
Х.Халиулин атындағы ЖББОМ 8 сынып
оқушысы Қайырғалиева Ақсұңқар, Тасқала
ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
10 сынып оқушысы Байдөшева Алия,
Сырым ауданы М.Қаналиев атындағы ОМ
10 сынып оқушысы Мәжік Айкүміс ІІІ
орын иегерлері атанып, оларға облыстық
білім басқармасының дипломдары мен
М.Мақатаевтың жыр жинақтары табыс
етілді. Сондай-ақ, байқаудың үш кезеңі
бойынша көзге түскен қатысушылар
номинациялармен марапатталды: «Жыр
эстафетасы»
айдарында
ақынның
«Райымбек, Райымбек!» және «Аққулар
ұйықтағанда» поэмаларын толықтай,
мүдірмей жатқа айту бойынша көзге
түскені үшін Казталов ауданы Сарықұдық
ЖББОМ 9 сынып оқушысы Ораз
Мұхтархан, «Менің пірім-Мұқағали»
айдары бойынша Қаратөбе ауданы Егінді
көл ЖББОМ 10 сынып оқушысы Шурин
Үміт, «Мұқағалиға арнау» айдарында
Бөкей ордасы ауданы А.Құсайынов
атындағы ЖББОМ 10 сынып оқушысы
Қасаева
Құндыз
номинациялармен
марапатталды.
Тұрсынгүл Ахметуллаева,
Облыстық оқу-әдістемелік
кабинетінің әдіскері
“Мақатаев оқулары-2015”
Облыстық
Қадыр оқулары
2
Жайық ұстазы
12 наурыз, 2015 ж.
Озат тәжірибе - ортақ қазына
Еліміздің білім беру саласындағы
өзгерістердің бірі – ұлттық бірыңғай тестілеу
жүйесінің дүниеге келуі. Өскелең ұрпақтың
білімін сараптауға таңдалып алынған осы
жүйе жүзеге аса бастаған уақыттан бері
оның тиімділігі, тиімсіздігі жөніндегі
көзқарастардың, ой-пікірлердің, алып-қашпа
сөздердің алуан түрі бар екенін жасыра алмай-
мыз.
Десек-дағы, біздің мақсатымыз бұл емес.
Соңғы үш жылда апел-
ляция комиссиясының
мүшесі бола жүріп,
кейбір көңілге түйген
ойды әріптестермен
бөлісіп, ортаға салу.
Тест – емтиханның
бір түрі. Сыналушының білім көрсеткішін дәл
анықтап, оны бағалауға әрі шапшаң өткізуге
мүмкіндік беретін сынақ тәсілі.
Педагогикалық сөздікте: «Тест- (ағылшын
сөзі сынау, тексеру) психология мен педагоги-
када белгілі бір деңгейдегі әрекетті орындауға
арналған тапсырмалар. Орындау қорытындысы
бойынша сыналушының психофизиологиялық
және жеке басын сипаттау, сонымен қоса
оның білім, дағды, икемділіктерін анықтау»
десе, ал ҰБТ жөнінде «Білім туралы» заңда
«ҰБТ – жалпы орта білім беру ұйымдары
бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды ат-
тестаттауы мен орта білімнен кейінгі және
жоғары білім ұйымдарына қабылдау емти-
хандары біріктіріліп өткізілетін сынақ» деп
көрсетеді.
Олай болса, ҰБТ кезіндегі тапсырыла-
тын негізгі пәндердің бірі – қазақ тілі.
Бүгінгі қазақ тілі пәні бойынша берілетін
ҰБТ сұрақтарының мазмұнын 2012 жылға
шейінгі тест сұрақтарының мазмұнымен са-
лыстыратын болсақ, кейбір оң өзгерістерді
байқауға болады. Ол: сұрақтардың қойылу
формасы, жауаптардың күрделене отырып
берілуі, сөйлемдер мазмұнының өзгеруі, мек-
теп бағдарламасына сай білім мазмұнының
толық қамтылуы, т.б. Бұл – қазақ тілі пәні
бойынша тест тапсырмалары мазмұнының
жылдан-жылға жетіліп, толығып, тәжірибе
жинақтап келе жатқанының дәлелі. Әрине, бұл
– құптарлық жай.
Көп жағдайда тест тапсырмаларының
сұрақтары көңіл толтыра бермейтін, себебі
олардың мазмұны жеңіл-желпі, жалаң,
қарабайырлау болып құрыла салатын. Мұның
өзі оқушыны терең ойлаудан, кейбір тілдік
категорияларды бірімен-бірін салысты-
ра, сабақтастыра отырып танудан шектесе,
екіншіден, оқу процесінің бір бөлігі және жа-
уапты кезеңі болып саналатын емтиханның
мәнін кетіріп, жауапсыздыққа алып келетіндей
еді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім бе-
ру стандарты мен жалпы орта білім берудің
бағдарламасы бойынша 5-8-кластарда Қазақ
тілінің барлық тарауы мен салалары, 9-класта
тілдің тарихы, стилистика, пунктуация бой-
ынша білім берілсе, ал 10-11-кластарда
білім мазмұны «Сөз мәдениеті» курсымен
жалғасады. Тест сұрақтары да 5-11-класс бой-
ынша берілетін білім мазмұнын түгел қамтиды
десек болады. Бүгінге шейін бір ғана тақырып
енгізілмей келеді. Ол – Мәтін тақырыбы.
Қазақ тілі пәні бойынша берілетін білім
мазмұнына орай тест тапсырмалары қазақ
тілінің даму жүйесі мен нормаларының
меңгерілуін, оның қоғамдық-әлеуметтік
ролі мен қызметін, тілдік материалдардың
меңгерілу дәрежесін, тілдің прагматикалық
қызметінің қоғамдық-әлеуметтік қатынастар
жүйесіндегі және шешендік үрдістегі ролін
меңгеруін тексереді.
Олай болса, кейбір мазмұндағы тест
сұрақтарын салыстырып көрейік.
Дауысты дыбыстарды табыңыз.
А) б, ж, с, р, ғ.
В) х, һ, ч, к, г.
С) ц, ш, к, и, д.
D) а, ә, о, у, е.
Е) б, в, г, ғ.
Еріндік дауыстыларды табыңыз.
А) с, т, п, р, ж.
В) қ, ш, ғ, д, г.
С) о, ө, ү, ұ.
D) і, а, ы, ә, е.
Е) а, б, в, г.
Тест тапсырмаларының мақсаты – дауысты
дыбыстар қатарын табу; ал екіншісінде ерін
мен езудің қатысына қарай еріндік дауысты-
ларды табу.
Тапсырмалар
қазақ
тілінің
фонетикасындағы дыбыстар классификация-
сы бойынша берілген. Тіл дыбыстары, олардың
түрлерін білетін оқушы үшін қиындық жоқ.
Керек десеңіз, жауаптарды салыстырып
отырудың өзі артық.
Берілген сөйлемдегі ұяң дауыссыздардың
саны.
Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
А) 7.
В) 3.
С) 5.
D) 4.
Е) 2. немесе
Қатаң дауыссыздан басталып, қатаң
дауыссызға аяқталған сөздерді көрсетіңіз.
А) кітапқұмар, Гауһар, әріптер.
В) кәмпит, шашақ, тоқаш
С) сексеуіл, құнан, құндыз.
D) құмсағат, бақша, инелік.
Е) қаған, ғасыр, мемлекет.
Тест тапсырмаларының мақсаты – үн
мен салдырдың қатысына қарай дауыссыз
дыбыстардың түрін табу және сөздер тобы мен
сөйлемді бере отырып, тіл дыбыстарының сөз
жасауға негіз болатын қызметін байқату.
Оқушы дұрыс жауапты белгілеуде бірнеше
жұмыс түрлерін жасайды: ойланады, салысты-
рады, керек десеңіз санайды да. Және жұмысты
орындауда үлкен мұқияттылық қажет.
Қазақ тілі фонетикасының қарастыратын
объектілерінің бірі – буын. Оқытуда бұл
тақырып көп жағдайда (бастауыштан ба-
стап) практикалық түрде танытылады да, ай-
тылу кезінде байқалатын бұл фонетикалық
бөлшектің өзіне тән теориясы ескерілмейді.
Яғни, буын сөзді айтқан кезде өкпеден келе
жатқан фонациялық ауаның кілт үзілуінің не
кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда бо-
латын фонетикалық құбылыс, бөлшек екенін
айта бермейміз. Әйтеуір сөзді буынға дұрыс
бөле білсе болды.
Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді
табыңыз.
А) ауыл.
В) жолаушы.
С) қыздар.
D) өндіріс.
Е) жалқау.
Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) қазан.
В) от.
С) орақ.
D) пайда.
Е) қымыз.
Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) төзімді.
В) саңырауқұлақ.
С) шаруашылық.
D) жақсылық.
Е) орта.
Берілген тест тапсырмаларының мақсаты
– қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың жу-
ан, жіңішкелігіне қарай жіңішке буынды
сөзді, буынның жасалу жолына қарай тұйық
буынды сөзді, сөздегі дауысты дыбыстың
санына қарай төрт буынды сөзді дұрыс та-
бу. Білім мазмұнына сай орынды сұрақтар.
Ал жауаптарға үңілсек, ойланатын ештеңе
жоқ. Оны түрлендіруге болмай ма?! Біздің
мақсатымыз да оқушыны ойланту емес пе?
Дыбыстың топқа жіктелген сөз
ағымының шағын мүшесі не екендігін
анықтаңыз.
А) дыбыс.
В) фонема.
С) буын.
D) сөз.
Е) әріп.
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше
дыбыстардың тобынан жасалған бөлшек
атауын табыңыз.
А) буын.
В) тасымал.
С) сөзжасам.
D) әріп.
Е) екпін.
Екі тапсырма да бір тақырыпқа берілген
теориялық сұрақтар. Алғашқы сұрақтың
мақсаты – буынның айтылу кезінде байқалатын
құбылыс екенін таныту болса, екінші сұрақтың
мақсаты – буын құрайтын да, буын жасай-
тын да дыбыс екенін таныту. Әрбір жауаптағы
ұғым атаулары да орынды. «Сөз», «Сөзжасам»
атауларынан басқалары фонетикалық термин-
дер атауы.
Фонетикадағы күрделі өзіндік қиындығы
бар тақырып – Үндестік заңы. Ендеше, бұл
тақырып бойынша тест тапсырмаларының
берілуі қандай? Мысалы.
Үндестік заңына бағынбайтын
қосымшаны көрсетіңіз.
А) қалада, далаға, жұмысшыдан.
В) терезені, әдеміге, мектептен.
С) әкенің, әжеден, тәрбиені.
D) балалықты, жерлестер, ауылдастар.
Е) өсімтал, баламен, сәнқой.
Қазақ тілінде қосымша түбірге үнемі
үндестік заңына сай жалғанады. Бірақ үндестік
заңына бағынбайтын жағдайлар да бар. Соның
бірі – түбірге жалғанатын кейбір қосымшалар
тобы. Міне, сұрақ та осымен байланысты. Де-
мек, тест тапсырмасының мақсаты – түбірге
буын үндестігіне бағынбай жалғанатын
қосымшаларды тану.
Дұрыс жауапты табуда да еш қиындық жоқ.
Себебі барлық жауапта да қосымшалы сөздер
берілген және қосымшалар («Е» жауаптан
басқасында) буын үндестігіне сай жалғанып
тұр. Білетін оқушы үшін ойланатыны жоқ.
Олай болса, мына тест сұрағын қарастырып
көрейік.
Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзі бар
сөйлем.
А) Тек алыстан бас-көз боп жүруге
кейінірекке тастап кеткен.
В) Жаз кезінде біздің үйдің есіктері еш жа-
былмайды.
С) Бұларды қинаған ендігі жай – Мөңкенің
баласы.
D) Арада екі-үш күн өтпей жатып, аңшы
досының шатырына тағы келді.
Е) Ұзынды-қысқалы екі еркек аласа есікті
денелерімен бітеп тұр.
Бұл тапсырманың мақсаты – біріншіден,
буын үндістігіне бағынбайтын жағдайларды
білу, екіншіден, оны практикалық түрде
берілген мысалдар тобынан тану.
Енді дұрыс жауапқа келейік. Жауапты
дұрыс көрсету үшін оқушы әрбір сөйлем,
ондағы әрбір сөзбен жұмыс жасайды
(жоғарыдағыдай жекелеген сөзбен емес). Сөйте
отырып жауаптарды салыстыра келіп, буын
үндестігіне бағынбайтын жағдайларды еске
түсіріп, «А» жауабындағы қосарлану арқылы
жасалған «бас-көз» сөзі екенін көрсетеді. Ал
апелляцияға келушілер қатарында «С» жауа-
бын көрсетушілер көбірек болды. Неге?...