Дәлелді медицина анықтамасы. Дәлелді медицинаның даму тарихы. Клиникалық эпидемиология: анықтамасы, даму тарихы, негізгі принциптері және зерттеу әдістері


ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕТОДОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ



бет3/12
Дата09.10.2024
өлшемі167,08 Kb.
#147338
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәлелді медицина

ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІС ЖӘНЕ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕТОДОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


Медициналық тәжірибедегі әдеттегі парадигмалар

Коментарийлер түсіндірмелерімен

Дәрігердің жеке өз білімі мен тәжірибесі

Дәрігердің тәжірибесі мен білімі белгілі бір шешім қабылдауда өте маңызды болып табылады. Әрбір дәрігерде бұл шешімдер жеке дара болып табылады. Медицина тарихына жүгінсек, дәрігерлердің білімі мен тәжірибесінің негізінде алынған пікірлер қате болуы да мүмкін.

Білікті мамандардың пікірі.

Білікті мамандардың да пікірі көп жағдайда бір-біріне сәйкес келмейтіні де баршамызға мәлім. Әдетте, медицинаның белгілі бір саласындағы беделді мамандар өз мектебін жасап, басқаларымен пікір таласқа түседі.

Оқулықтар мен ұсыныстардағы мәліметтер.

Оқу құралдары келісіліп, бекітіліп, рецензияланып, қаржыландырылып қолданылуға шыққанша біраз уақыт өтеді. Медицина ғылымы мен тәжірибенің қарқынды дамуы жағдайында мұндай мәліметтер, жарыққа шыққанша ескіріп те үлгеруі мүмкін. ТМД-ң көптеген елдерінде оқу құралын жазып шығарған авторлар ақшалай сыйақы алмайды. Оларды тек ғылыми дәреже алу үшін не болмаса, ғылыми білім беретін мекемнің оқу құралдарын баспаға шығару жоспарын орындау үшін ғана жазады. Айтылған себептер мен мамандардың компетенциясы оқу құралдарының сапасына күмән келтіреді.

Диагностикалау мен емдеудің әдеттегі жолдары.

Белгілі бір ауруды диагностикалау мен емдеудің әдеттегі жолдары бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.

Ауру дамуының патофизиологиялық және патогенетикалық принциптерін білу.

Бұл мәліметтер дәрігердің патологиялық үрдісті түсініп, терапияны негіздеуіне көмектеседі. Бірақ, тәжірибе жүзінде патогенетикалық негізделген емдеу әдістері барлық жағдайда тиімді емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет