Delphi-де жұмыс істеу


Delphi ортасы туралы түсінік



бет6/23
Дата25.04.2022
өлшемі8,16 Mb.
#32147
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1 Delphi ортасы туралы түсінік

1.1 Delphi-де жұмыс істеу
Delphi програмасын iске қосу үшiн бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6  Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.

Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.



1.1-сурет. Delphi 6 программасының ашылуы.


Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi. Бұл терезелердiң 1-шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады. Бұл терезеде стандарты батырмалар, аспаптар па­нелi бар және Delphi–дің барлық компоненттері орнатылған, ал 2-шiсi Delphi ортасының негізгі формасы (Form1) деп аталады. Бұл формада барлық компоненттер орналастырылады, ал 3-шiсi Delphi ортасының объект инспектор терезесi (Object Inspector). Терезеде кез келген компонеттердің қасиеттері, шрифты, түсі, көлемі және компонеттерді бір-бірімен байланыстырады, тағы басқа қасиеттерін өзгертеді. (1.2-сурет).




1.2-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.


Жалпы, ортада программа құруға арналған 4-ші, мо­дуль тере­зесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесi­нiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар па­нелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.3-сурет).

1.3-сурет. Delphi-дің негiзгi терезесi


Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не фор­мада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өз­геруi.

Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, ком­поненттер палитрасының Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқи­ғасын шақырады.



Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер терезесiнiң Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосым­шасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.

1.4-сурет. Форма оқиғалары


Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1. pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын про­грамма мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Басында ескертiл­ге­нiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

  • форманы жабу (жабу түймесiн шерту);

  • код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту.

Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, он­да процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атаула­рынан тұрады (1.5-сурет) т.б.

1.5-сурет. Код терезесi (Unit1)


Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту үшiн F12 клавишiн басу жеткiлiктi. (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура дайын­дамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиға­ны өңде­уiш не оқиғаны өңдеу про­це­дурасы делiнедi. Процедура дайындамасының жазылу түрi:

Procedure <атау> (Sender : TObject);

сипаттау бөлiмi

begin


процедура денесi

end;


мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай класқа тиiстiлiгiн анықтайды. Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шығуға болады.

Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан ьатырмасымен шертіп,шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады.Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген .Әр топ жеке тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде көрсетілген.

STANDARD тобы

Объектілер репозитариясын ашу

Бұрыннан құрылған файл ашу

Файлды дискіге сақтау

Дискіге жазып барлық файлдарды сақтау



Бұрыннан құрылған прогамманың жобасын ашу

Жобаға жаңа файлды қосу

Жобадағы файлды жою

VIEW тобы

Екпінді жобаның құрамындағы модульдер тізімінен қажетті модулді таңдау.

Екпінді жобаның құрамындағы формалардың тізімінен керекті форманы таңдау



Форманың терезесінен программа кодының терезесіне және одан кері өту

Жаңа форманы құру

DEBUG тобы

Программаны компиляциялау және орындау

Түзету енгізіп жатқан программаның жұмысын уақытша тоқтату

Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақылау тәртіпте орындайды.

Қадамдық тексеру ішкі программалардың жұмысын бақыламайтын тәртіпте орындайды

CUSTOME тобы



Delphi ортасының құрамындағы анықтама жүйесін іске қосу

DESKTOPS тобы

Delphi ортасының екпінді күйін сақтау

Түзету тәртібіне сәйкестелген терезелерді орнату

Компоненттер жинағы-Delphi-дің негізгі ерекшелігі.Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып,қажетті компонентті тез табуға арналған белгішілерден тұрады.

Компонент деп белгілі –бір қасиеттері бар және форма терезесінде кез келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті атайды. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген,ол топтарды парақтар деп атайды.Компоненттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет