Delphi-де жұмыс істеу


Визуалды бағдарламалаудың негіздері



бет8/23
Дата25.04.2022
өлшемі8,16 Mb.
#32147
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Дип.-Delphi-ортасында-МФТ-пәні-бойынша-электрондық-оқулық-құру (1)

1.3 Визуалды бағдарламалаудың негіздері
Delphi ортасындағы бағдарламалау екі процестің тығыз әрекеттігіне негізделген: бағдарламаның құруын визуалды (яғни оның Windows терезесін) көрсету мен бағдарлама кодын жазу. Бағдарлама кодын жазу үшін код терезесі, ал бағдарламаны құру үшін Delphi ортасының басқа терезелері қолданылады. Мысалы: (1.6-сурет)

(1.6)-сурет. Delphi формасына шақырылған терезе.


Форма терезесінің мазмұнымен бағдарлама кодының арасында тығыз байланысты Delphi ортасы мұқият бақылап отырады. Мысалы, формада жаңа элемент орналастыру бағдарлама кодының автоматты түрде өзгеруіне себеп болады, керісінше бағдарламаның кодына автоматты түрде орналастырылған кейбір элементтерін алып тастау әрекеттері формадағы сәйкес компоненттердің жойылуына алып келеді.

Бос форма. Жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасы жүктелгенде бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. File/New Application опцияларын таңдап бағдарламаны іске қосуға болады.

Форма қасиеттерін өзгерту. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Әр жаңа форма құрылғанда жаңа модуль де жасалады. Жалпы бағдарлама құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін.

Delphi ортасы әр бағдарламаны компиляциалағанда кеңейтілуі PAS, DFM және DCU файлдарын құрады. PAS- файлында бағдарлама кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, DFM-файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал DCU-файлында алдынғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU-файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоновщик (біріктіруші) осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін EXE-файлы құрылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет