Delphi-де жұмыс істеу



бет18/23
Дата25.04.2022
өлшемі8,16 Mb.
#32147
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дип.-Delphi-ортасында-МФТ-пәні-бойынша-электрондық-оқулық-құру (1)

5.Өнімнің сипаттамасы
Бұл жобада Delphi бағдарламалау ортасында «Математикалық физика теңдеулері» пәні бойынша электрондық оқулық құру тақырыбындағы бағдарламалық қамтаманы құрастыру үшін бағдарламалық және техникалық құралдар құрамы керекті. Бұл бағдарламалық құралдардың қатесіз және дұрыс жұмыс істеуі үшін жүйелік минимальды шарттар құрамы қажетті, олар дипломдық жобаның екінші бөлімінде қарастырылған. Шарттар бойынша компьютер микропроцессордың тактілік жиілігі 400 MHz-тен кем емес, оперативті сақтау құрылғысы (RAM) 32 Mb кем емес, винчестер ең кіші 10 Gb жоғары және операциялық жүйе Windows 9x және жоғары. Техникалық құралдар кешені қажет етілетін талаптарға толық жауап береді.

Delphi программалау тілі-кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез ,қуатты тіл.

Delphi –дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып ,кейінгі жылдары оның бірте –бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6-нұсқалары жарық көрді.Мысалы, 5-нұсқа 1999 жылы ,6-нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты.5,6-нұсқалардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек ,Delphi 6, оған қоса 1991 жылы жарық көрген ,салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады

Delphi 6-да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырылған кітапқа қарастырылмаған кейбір өзгешіліктер негізілген.

Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрлымдық программалау тілі екендігі белгілі. Delphi –де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады.Delphi –дің негізгі ерекшелігі -онда қосымша құруда компоненттік және обьектілік тәсілдер пайдаланылады . Бұл программалау техналогиясында нағыз революция жасады деуге болады. Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл әр қосымша кітапханасы програмалау ортасында дайындалып ,арнайы іс-әрекеттері орындайтын компоненттер элементерінен жинақталады. Delphi-де қоданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы деп атайды. Компоненттер панелінде топ –тобымен жинақталған ,жүздеген кластарға тиісті,стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау , программа мәзірін құру, анимция, мультимедия процестерін ұйымдастыру , OLE технологиясын пайдаланып ,басқа офистік қосымшаларды шақыру,олармен жұмыс істеу және т.б. іс-әрекеттерді орындауда мүмкін. Көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет