Қорытынды
Білім беру саласында “Электрондық оқулықтарды” пайдалану оқушылардың, студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Дәстүрлі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында компьютерлік технологияны пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Міне, білімді жоғарылатуға электрондық окулықтың қаншама пайдасы бар. Ал біздің елде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы керек, мектептің, кэсіптік оқу орындарының, колледждердің, жоғары мектептің және қосымша білІм беретін курстар пэндеріне байланысты көптеген оқулыктар шығарылуы тиіс.
Электрондық оқулықтың дәстүрлі оқулыктардан айырмашылығы оқу пәнінің мазмұнын компьютерлік технологияға негізделген (оқыту, бақылау, тестілеу) программалардың жиынтығынан тұратындығында.
Бұл бағытта “Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының” атқарып отырған жұмыстары қолдауға тұрарлық деп айтуға болады. Осы мекеменің “Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жұмыстарының бір сатысы “Элктрондық оқулықтар” шығару болып табылады.
“Математикалық физика теңдеулері пәнінен электрондық құру ” электрондық оқулығын құру негізінде жалпы электрондық оқулықтарға қойылатын техникалық және дидактикалық талаптар сақталды. Бұл электрондық оқу құралын құру жаңа инструментальдық және ақпараттық жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық оқу құралын іс-тәжірибеден өткізіп, нәтижелеріне, қорытындыларына талдау жасалды. Студенттердің, оқушылардың өз бетінше білім алуына электрондық оқу құралының алатын орны мен маңыздылығы анықталды.
Қорыта келгенде электронды оқулықтарды қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалды. Сондай-ақ, мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Сонымен “Математикалық физика теңдеулері пәнінен электрондық оқулық құру” электронды оқу құралы білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға өз үлесін қосады деп ойлаймыз.
Түйін
Зерттеу объектісі: Delphi ортасында «МФТ» пәні бойынша электрондық оқулық құру.
Жұмыстың мақсаты: МФТпәні бойынша электрондық оқулық құру болып табылады. Пайдаланушы электрондық оқулықты қолдана отырып, осы пән бойынша өзінің ой өрісін дамытады.
Жұмыстың нәтижесі: Delphi ортасында «МФТ» пәні бойынша электрондық оқулық жайында программа құрылған.
Жұмыстың қолдану облысы: Бұл оқулық орта және жоғары оқу орындарында қолданылады.
РЕЗЮМЕ
Объект исследования: Ссоздание электронного учебника по УМФ в среде Delphi.
Цель работы: Создать электронный учебник по УМФ. Пользователь используя этот электронный учебник, пополняет свое знание.
Результат работы: Создана программа электронного учебника по УМФ в среде Delphi.
Область применения: в средних и в высших учебных заведениях .
SUMMARY
Object of research: creation of the electronic textbook on " the Equation of mathematical physics " in environment(Wednesday) Delphi.
The purpose of work: To create the electronic textbook on EMP. The user using this electronic textbook, fills up the knowledge.
Result of work: the program of the electronic textbook on EMP in environment (Wednesday) Delphi Is created.
Area of application: on the average and in higher educational institutions.
Достарыңызбен бөлісу: |