try операторлар finally қорытындылаушы әрекеттер end; Мұндағы негізгі операторлар дұрыс орындалуы да немесе ерекше жағдай туғызуы да мүмкін. Ал үзіндінің finally бөлігіндегі қорытындылаушы операторлар қандай жағдайда да орындалады.
14. Жолмен жұмыс Delphi жүйесі жолдан тиісті ақпаратты ала отырып, оны өзімізге керек түрде бейнелеуге мүмкіндік береді. Бұл жүйеде жолды мынадай пішімдерге түрлендіруге болады. Олар:
Бүтін және жылжымалы нүктелі бөлшек түріндегі сандық пішім;
Уақыт мерзім, уақыт-мерзім пішімі;
Символдарды жоғарғы және төменгі регистрлерге түрлендіру;
Жолдарды салыстыру, жолдан іздеу жүргізу және ішкі жолдарға көшіру және т.б.
Delphi тікелей жолдармен жұмыста бір ғана, конкатенация, яғни біріктіру операциясын қолдайды. Бұл операция бір жолды басқа жолға біріктіреді: